Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты



Pdf көрінісі
бет265/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   309
2. Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты 
кемшіліктер
а) Шаш, сақал немесе дененің басқа жерлеріндегі 
түктердің төртте бірін немесе одан да көбін қысқарту 
немесе алу. Төртте бірінен аз болса, онда тек садақа ғана 
беріледі.
ә) Бір уақытта және бір жерде денеге немесе бір 
мүшеге түгелдей әтір себу немесе май жағу. Ем үшін 
иіссіз май жағылса, жаза өтелмейді. Ихрамға себілген 
әтірдің орнының ені және ұзындығы бір қарыстан көп, 


450
Ислам ғылымхалы
иісі күндіз-түні кетпесе бір қой немесе ешкі жаза ретінде 
шалынады, ал бір қарыстан аз болып, иісі күндіз-түні 
жалғаспаса, жаза ретінде садақа беріледі.
б) Бір уақытта және бір жерде мүшелердің біреуін 
қынамен (лак, далаппен
441
) бояу.
в) Ихрамды күйде әйелін құмарлық сезіммен сүю, 
аймалау сияқты жыныстық қатынасқа тартатын іс-
әрекеттерді істеу.
г) Ер кісінің толық бір күндіз немесе толық бір түн 
тігілген киім (әдеттегі киім, шұлық, іш киім, тобық жағы 
жабық аяқ киім, т.б.) киюі, басын және жүзін жабуы. 
Әйелдер тек қана беттерін жаппайды. Бір түн немесе бір 
күндізден аз уақыт кисе, садақа ғана беріледі.
д) Бір жерде, бір уақытта барлық тырнақтарды 
немесе бір қолдың немесе бір аяқтың тырнақтарын алу. 
Егер тырнақтар бір жерде емес бөлек-бөлек жерлерде 
және бөлек-бөлек уақыттарда алынса, әрбір тырнаққа 
жеке-жеке жаза өтеледі. Бір қол немесе бір аяқтың 
тырнақтарының бәрі емес, кейбіреулері алынса, әрбір 
тырнақ үшін садақа беріледі. Құрбан шалынбайды.
Өздігінен түскен немесе сынған тырнақты алып 
тастаған жағдайда жаза өтелмейді.
Ихрамға байланысты тыйымдар үзір себептерге бай-
ланысты істелсе де, жаза өтеледі. Ауырып қалу, жол 
апатына ұшырау сияқты адамның еркінен тыс болатын 
оқиғалардың салдарынан мысалға, шашы алынса немесе 
киім кидірілсе, төмендегі үш жолдың қалаған біреуін 
орындау арқылы жазасын өтейді.
1) Қалаған уақытында және қалаған жерінде үш күн 
ораза ұстау.
441
Помада


451
Қажылық
2) Немесе алты кедейге пітір садақасының көлемінде 
садақа береді.
3) Харам аумағында қалаған уақытында бір қойды 
не ешкіні құрбанға шалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет