Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет49/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   309
Ислам ғылымхалы
Орауышқа мәсіх тартып, дәрет алған адамның дәреті 
бұзылғанда мәсіх те бұзылады
91
.
Тәйәммүм алу
Тәйәммүм – су болмаған кезде немесе су бола тұрып 
пайдалана алмаған кезде таза топыраққа соққан қолдары 
арқылы жүзін және екі қолын шынтаққа дейін мәсіх 
ету.
Тәйәммүмнің алыну тәртібі төмендегідей:
Ғұсылы жоқ немесе дәреті болмаған адам екі қолын 
топырақ жынысына жататын (құм, шаң, т.б. сияқты) 
таза нәрсеге бір рет ұрып, жүзін мәсіх етеді. Осыдан 
кейін екі қолын топыраққа қайта ұрып, осымен екі қолын 
(сол алақанымен оң қолын, оң алақанымен сол қолын) 
шынтақтарына дейін мәсіх етеді. Тәйәммүм ниет пен екі 
мәсіхтен тұрады.
Тәйәммүм һижреттің алтыншы жылында Бәни 
Мұсталық ғазауатында Аллаһ Елшісі мен мың шақты 
Ислам әскері таң намазына су таба алмаған кезде мына 
аятпен білдірілген: 
«Егер науқастанып қалсаңдар 
яки сапарда болсаңдар, не болмаса біреу түзге 
отырып келсе яки әйелдеріңе жақындасып, су таба 
алмасаңдар, таза жерге тәйәммүм соғып, беттеріңді, 
қолдарыңды сипаңдар»
92
.
Тәйәммүмнің себептері
Су таба алмаған немесе жеткілікті су болмаған 
кезде, судың жолында қауіп бар кезде, судың бір милден 
(1848м) алыста немесе судың қымбаттығынан я болмаса 
91
Ибн Абидин, 1, 129.
92
Ниса, 4/43.


89
Тазалық
сатып алар ақшасы болмаған жағдайларда тәйәммүм 
алынады. Бірақ егер су бар екенін ұмытып тәйәммүммен 
намаз оқып, біткеннен кейін есіне түссе, Имам Ағзам 
мен Имам Мұхаммед бойынша қаза етпейді. Бірақ на-
мазда есіне түссе, намазын бұзып, сумен қайта дәрет 
алып оқиды
93
.
Суды пайдалануға шамасы жетпеу. Қапаста қалу, 
жабайы аңдардан, ұрлықтан қорқу, т.б. себептермен суды 
пайдалана алмаған адам тәйәммүм алады.
Суды пайдаланса, ауруға шалдығуынан яки 
науқасының қозатынынан қорыққан адам тәйәммүм 
алады.
Судың аса қатты суық болуы. Суды пайдалану 
мүшеге қатты зиян немесе ауруға шалдықтыратын 
жағдайда тәйәммүм алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет