Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет48/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   309
Мәсіхті бұзатын нәрселер
Дәретті бұзатын нәрселер мәсіхті де бұзады. 
• 
Сондықтан әлі мезгілі толмаған мәсіге қайта дәрет 
алынғанда мәсіх тартады.
Жүніптік, хайыз, босану секілді ғұсылды қажет 
• 
ететін жағдайлар мәсіхті жарамсыз етеді.
Мәсіх тартылған мәсінің аяқтан шығуы. Бұл кезде 
• 
егер дәрет болса тек аяқтарды жуу жеткілікті. Егер 
бір аяқ шықса, екі аяқты да жуу қажет. Мәсінің 
қонышына дейін аяқтың басым көпшілігінің 
шығуы түгел шыққанмен тең.
Аяқтың кіші саусақ өлшемімен санағанда үш 
• 
саусақ көлеміндей бір мәсінің жыртылуы.


87
Тазалық
Мәсі мезгілінің аяқталуы. Егер дәрет бар болса, 
• 
тек қана аяқтар жуылады. Бірақ қатты суық секілді 
зәру жағдайда аяқтардың үсу қаупі болса, мәсінің 
уақыты әрі қарай жалғасады
88
.
Орауыш, таңғыш сыртынан мәсіх тарту
Денеде бір мүше сынып немесе жараланғанда жуу 
оған зиянын тигізетін болса, дәрет пен ғұсыл алған кезде 
сол жараға оралған матаға жәй ғана бір рет мәсіх тар-
тылады. Егер бұл да зиянды болса, мәсіх тартылмайды. 
Бұл тұрғыда Хазіреті Әли: 
«Білегім сынған еді. Аллаһ 
Елшісінен сұрағанымда таңғыштың үстіне мәсіх тар-
туымды айтты»
, – дейді
89
. Басынан жараланған бір 
адамның ғұсыл алып соңынан өліп кеткенін естіген Аллаһ 
Елшісі (с.а.у.): 
«Тәйәммүм етіп, жарасын орағышпен 
байлағаннан кейін сол жерге мәсіх тартып, денесінің 
қалған жерлерін жууы оған жетер еді»
, – деген
90
.
Ислам діні адамға ауырлық жүктемейді. Сол себепті, 
зәрулік харамды халал етеді. Жараға су тисе, асқынып 
кететіндіктен, тек мәсіх тарту жеткілікті. Таңғыштың 
басым көпшілігіне бір рет мәсіх етіледі. Оның барлығына 
мәсіх тартып, тіпті қайта-қайта тартып жатудың қажеті 
жоқ. Сол сияқты бір орауышқа мәсіх тартылғаннан 
кейін, үстіне басқа бір мата таңылса да қайта тартудың 
қажеті жоқ. Жара жазылмай тұрып орауыш ашылса, 
мұндай жағдайда да мәсіх тарту ісі бұзылмайды. Жара 
жазылғанда мәсіх жарамсыз.
88
Кәсани, 1, 12.
89
Зәйлаи, Насбур, 1. 186.
90
Зәйлаи, Насбур, 1. 187.


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет