132
Ислам ғылымхалы
Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
Намаздың парыздары – он екі. Бұлардың алтауы –
сыртында, алтауы – ішінде. Әуелі сыртында болғандарға
тоқталайық.
1. Хадасаттан тазалық.
2. Нәжісаттан тазалық.
3. Әурет жерін жабу.
4. Құбылаға бет бұру.
5. Уақыт.
6. Ниет.
Бұлар намаздың шарттары деп аталады.
Қалған алтауы намаз ішіндегі парыздар:
1. Ифтитах (ашу, бастау) тәкбірі
2. Қиям (Тұру)
3. Қырағат (оқу)
4. Рүкүғ
5. Сәжде
6.
Ақырғы отырыс
Сыртқы парыздары
1. Хадасаттан тазалық (Рухани тазалық)
Ғұсылы болмау, дәреті болмау, хайыз немесе нифас
жағдайы – «хадас халі» деп аталады. Дәретсіздік – кіші
хадас. Жүніп, хайыз, нифас – үлкен хадас. Кіші хадас
немесе үлкен хадастан тазалану – жуыну, дәрет алу
немесе тәйәммүм алу арқылы іске асады. Құранда Аллаһ
былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: