134
Ислам ғылымхалы
Бұл мүшелердің намазда немесе намаздан тыс
жерлерде жабылуы – парыз. Ерлердің әурет жерлері:
кіндігінен тізелерінің астына дейінгі жерлері. Бұған
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисі дәлел:
«Еркектің әурет жері – кіндігі мен тізесінің арасы»,
«Кіндіктің асты – тізеден түскенге дейінгі жерлер»
150
.
Әйел үшін әурет – жүз, қол, аяқтан басқа барлық дене.
Хазіреті Пайғамбар былай дейді:
«Әсма! Әйел балиғат
жасына жеткен кезде оның мына мүшелерінен басқа
жерлерінің көрінуі дұрыс болмайды. Аллаһ Елшісі осы
сөздерді айтқан кезде қолдары мен жүзіне ишарат
еткен еді»
151
. Хазіреті Айшадан бізге жеткен бір хади-
сте:
«Аллаһ балиғат жасына жеткен әйел затының
намазын орамалсыз қабыл етпейді»
152
– деп айтылып,
шашты жабу керектігіне меңзейді.
Намазда бір мүшенің төртен бірі еріксіз ашылып,
«субханАллаһил-а'зим»
дейтіндей уақыт тұрса,
намаз бұзылады. Ал егер өз еркімен ашса, сол сәтте
бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: