161
Намаз
16. Отырыстарда әт-тахиятты оқығанда «Ләә иләһә»
деген кезде оң қолының сұқ саусағын көтеріп, «иллаллаһ»
деп, қайта түсірілуі – сүннет. Сұқ саусақ көтерілгенде,
қалған саусақтар бүгіледі. Бұл – Аллаһтан басқа құдай
жоқтығын қуаттаудың белгісі.
206
17. Парыз намаздардың үшінші, төртінші
рәкаттарында «Фатиха» оқу қуатты көзқарастарға қарай
– сүннет.
18. Парыз, уәжіп және мүәккәд сүннеттердің соңғы
отырыстарында және бекітілмеген сүннет пен пәпіл
намаздардың да әрбір отырыстарында әт-тахияттан кейін
Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту – сүннет.
Қа’б ибн Ужра (р.а.) намаздағы салауаттың баста-
луын былайша баяндайды:
«Хазреті Пайғамбар біздің
жанымызға келді. Біз оған: «Пайғамбарым, Аллаһ бізге
саған қалай сәлем беретінімізді үйретті. Сен де бізге
саған қалай салауат айту керек екенін үйрет»
, – дедік.
Сонда ол салауат дұғасын былайша баян етті:
ىَلع َتْيَّل َص امَك ٍدمحُم ِلآ ىَلع َو ٍدَّم َحُم َىلع ِّل َص َّمُهللأ{
ٍدَّم َحُم َىلع ْكِراَب َو ٌديجَم ٌديم َح َكَّنِا َميِهاَرْبِا ِلآ ىلع َو َميِهاَرْبِا
َكَّنِا َميِهاَرْبِا ِلآ ىلع َو َميِهاَرْبِا ىَلع َتْكَراَب امَك ٍدمحُم ِلآ ىَلع َو
}ٌدي ِجَم ٌديم َح
Достарыңызбен бөлісу: