Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет85/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   309
Ислам ғылымхалы
«Фатиханы» басқа қосымша сүре немесе аяттардан 
бұрын оқу – уәжіп. Бір адам қателесіп, «Фатихадан» 
бұрын бір сүре оқыса, бірақ артынша есіне түсірсе, дереу 
оқып жатқан сүресін немесе аяттарын тоқтатып, «Фа-
тиханы» оқып, соңынан сүре немесе аяттар оқуы тиіс. 
Намаз ақырында қателік (сәһу) сәждесін жасайды.
Жеке намаз оқыған адам бамдат (таң), ақшам және 
құптан намаздарын жария немесе құпия оқуға еркі бар. 
Бірақ бесін, намаздыгер және күндіз оқылатын нәпіл 
намаздарды құпия оқу – уәжіп. Түнде оқылатын нәпіл 
намаздарды адам қалай оқыса да ерікті. Хазіреті Айша-
дан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) түнгі намаздарын қалай 
оқитындығын сұрағанда: «Кейде құпия, кейде жария етіп 
те оқитын», – деп жауап берді»
190
.
Жамағатпен оқылатын намаздардан бамдат, 
жұма, айт, тарауих және үтір намаздарының әрбір 
рәкатында және ақшам мен құптан намаздарының 
алғашқы екі рәкатында жария оқу, бесін мен намазды-
гер намаздарының барлық рәкаттарында және ақшам 
намаздарының үшінші және құптан намазының соңғы 
екі рәкатында құпия түрде қырағат оқу – уәжіп.
Үтір намазында «құныт» дұғасын оқу мен құныт 
тәкбірін алу Имам Ағзам бойынша – уәжіп. Бірақ Әбу 
Юсуп және Имам Мұхаммедтің көзқарасына қарай– 
сүннет.
Сәждеде маңдаймен бірге мұрынды да жерге қою 
– уәжіп. (Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойын-
ша)
Намаздардың әрбір отырысында «әт-тахият» 
дұғасын оқу – уәжіп.
190
Нәсаи, Қиямул-Ләйл/23.


153
Намаз
Алғаш отырыста «әт-тахиятты» оқып, кідірмей 
келесі рәкатты жалғастыру – уәжіп. Сол себепті аздап 
кідіріп қалған адамға парыз қиямды кешіктіргені үшін 
қателік (сәһу) сәждесі қажет. Сәһу сәждесін қажет ететін 
бұл кідіріс – «Аллаһумма салли ала Мухаммад» деп ай-
тылатындай уақыт.
Үш немесе төрт рәкатты намаздарда бірінші отырыс 
– уәжіп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай жасаған. 
Қателесіп, бірінші отырысты отырмай түрегелген 
уақытта сәһу сәждесін жасаған
191
.
Қазаға қалған бір намазды күндіз жамағатпен оқыса, 
егер ол намаз бамдат намазы секілді жария оқылатын 
намаз болса, онда жария оқылады. Ал, жеке оқылса, 
қалауы еркінде.
Екі айт намазының әрбір рәкатындағы қосымша үш 
тәкбірі – уәжіп. Осы намаздарда бірінші рәкаттардың 
рүкүғ пен сәжде тәкбірлері – сүннет. Бірақ екінші 
рәкаттың рүкүғ тәкбіріне келсек, уәжіп тәкбірлерінен 
кейін бітісіп айтылғандықтан уәжіп саналған.
Намаздардың парыздарындағы ретке бағыну – 
уәжіп. Бұл рет – қырағат пен рүкүғ арасында және әрбір 
рәкатта қайталанған әрекеттердегі мәселе. Мысалы: бір 
адам бірінші рәкаттың бір сәждесін тәрк етсе, соңғы 
отырыстан немесе сәлем бергеннен кейін есіне түссе, 
дереу бұл сәждені қаза етеді. Одан кейін тәшәһһүд пен 
отырысты қайталап, оң жаққа сәлем беріп, сәһу сәждесін 
жасайды. Сосын тәшәһһүдке отырады.
Намаз ішінде оқылған сәжде аяты үшін «тиләуәт» 
сәждесін жасау – уәжіп.
191
Шәукани, II. 273


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет