Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне



Pdf көрінісі
бет92/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   309
де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне 
дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі»
. Хадисті Әбу 
Һурайра риуаят еткен. Хадистің дәрежесі сахих.
Ханафи ғалымдары бұл хадистегі «имам да 
әмин дейді» сөзін негізге алып, «әминді» іштей айту 
сүннет деген. Себебі, «әмин» сөзін егер имам жария 
айтатын болғанда Пайғамбарымыздың «имам да әмин 
дейді» деп, имамның да «әмин» дейтіндігін жамағатқа 
білдіруінің қажеті болмас еді. Яғни, періштелер мен 
имамның әмин деуі жамағатқа естілмейтін болғандықтан 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «себебі, періштелер «әмин» 
дейді, имам да «әмин» дейді» деп, олардың да «әмин» деп 
айтатындығын білдіріп тұр. (Дұрысы Аллаһқа мәлім).
• «Әмин» сөзі – «Дұғамызды, тілегімізді қабыл 
ал!» – деген мағынаны білдіретін дұға. Cахих Бухари 
кітабында «әмин» сөзіне «дұға» деп түсінік берілген. Ал, 
дұғаның іштен айтылуы абзал. Құранда: 
«Раббыларыңа 
жалбарынып, іштей (құпия) тілеңдер!» 
– делінеді. 
(«Ағраф» сүресі/55). Пайғамбарымыздың (с.а.у.): 
«Іштей 
тілек – жария жетпіс тілекке тең»
– дегенін де ескерер 
болсақ, «әмин» дұғасын құпия айту абзал. Намаздағы 
«субхана раббиял-ағла», «субхана раббиял-азим», «суб-


165
Намаз
ханака», «әт-тәхият» секілді басқа барлық дұғалардың 
іштей айтылатындығы «әминнің» құпия айтылуына тағы 
бір дәлел.
• Әмин дұғасы «әғузу билләһи» дұғасынан 
артық емес. Өйткені, «Нахл» сүресінде Құран оқыған 
кезде міндетті түрде «әғузуді» айту керектігі: 
«Құран 
оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын»
– деп бұйырылған. «Әғузу» дұғасы осы ерекшелігіне 
қарамастан намазда құпия айтылады. Сондықтан әминнің 
де құпия айтылуы абзал. Себебі, «әмин» Құранның сөзі 
емес.
Бұған қоса, бізге жеткен ешбір хадисте 
пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әминді» дауыстап айтыңдар» 
деп кесіп айтқан бұйрығы жоқ. Керісінше, «имам 
уәләддаллин деген кезде «әмин» деп айтыңдар делінген. 
Ал Бухари және Муслимдегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет