Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет207/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   309
5. Қарыз болмауы
Адамдарға болған қарыздың барлық түрі – зекеттің 
парыздығына бөгет жасайды. Мысалға, бір адам негізгі 
қажеттерінен тыс 100 грамм алтынға ие болды делік. 
Бірақ бұл адамның басқа біреуге 20 грамм көлемінде 
қарызы болса, бұл адамға зекет парыз емес. Өйткені, 
қарыздан тыс қалған малдың мөлшері нисап көлеміне 
(85гм шамасындағы алтынның құны) жетпейді.
Алдыңғы бір жыл немесе бірнеше жыл үшін 
берілмеген зекет есесі қарызға жата ма?
Бір жыл немесе бірнеше жыл үшін берілмеген 
зекет есесі қарыз болып саналады және міндетті түрде 
өтелуі тиіс. Өтелгеннен кейін қалған ақшаның құны 
нисап мөлшеріне жетіп жатса ғана сол жыл үшін зекет 
беріледі
383

383
Фатауий һиндия.


355
Зекет
Қарыз иесі борыштының қарызын кешкен 
жағдайда...
Қарыз иесі қарызын борыштыдан кешкен жағдайда, 
кешілген қарызды қосқанда барлық ақшасының мөлшері 
нисап мөлшеріне жетіп жатса, зекет беру парыз. Қарыз 
иесі қарызын кешкен күнге бір жыл толғаннан кейін 
зекет береді.
Құрбандық, пітір садақа, кәффарат, 
қажылық сияқты мұсылманның мойнындағы 
қарыздар зекеттегі нисап мөлшеріне әсерін 
тигізе ме?
Аталмыш қарыздар Аллаһ пен құлдарының ара-
сында болғандықтан, зекеттің нисап мөлшеріне әсерін 
тигізбейді. Мысалға, біреудің байлығы нисап мөлшеріне 
жетіп тұрса, бірақ мойнында аталмыш қарыздары болса, 
және бұл қарыздарды өтеген жағдайда, қалған ақшасы 
нисап мөлшеріне жетпей қалса да зекет беру парыз 
болып қала береді.
6. Зекеті берілетін байлыққа толық ие болу
Зекеті берілетін байлыққа зекет беруші адам толық 
ие болуы керек. Яғни, иесінің иелігінде және қолында 
тұрып, қалаған уақытта қолдана алатындай мүмкіндікте 
болуы керек. Мысалға, басқа біреуге кепілдікке берілген 
затқа зекет берілмейді. Өйткені, кепілдікке берілген зат, 
иесінің иелігінде десек те қалаған уақытында қолдана 
алмайды.
Сатып алынып, әлі қолына тие қоймаған затқа зекет 
беріледі. Өйткені, сатып алынған заттың сатып алған 
адамның қолына тию пайызы басымырақ.


356


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет