Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет208/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   309
Ислам ғылымхалы
Табылған дүние, байлыққа жоғалған 
жылдары үшін зекет беріле ме?
Жоғалып, қайта табылған дүние, байлыққа жоғалған 
жылдары үшін зекет берілмейді. Пайғамбарымыз 
хадисінде былай деген: 
«Димар малға зекет берілмейді»
384
.
Димар мал дегеніміз: иелігінде бола тұра қайта қайтып, 
қолына тиюі үміт етілмеген зат, байлық, яғни, иелігінде 
бола тұра қолданылуы мүмкін емес дүние.
Зекеттің дұрыс орындалуы үшін қосылған 
шарттар
1. Ниет
Жалпы ғибадаттар сияқты зекет ғибадатында 
да ниет ету шарт. Зекетті басқа нәпіл садақалардан 
ерекшелендіретін де осы ниет екені сөзсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде былай деген: 
«Барлық амалдар ниетке байланысты»
385
. Зекет есесін 
кедейлерге берген уақытта немесе зекет есесін бөлген 
уақытта бұның зекет екендігін жүрегімен ниет ету 
керектігі туралы төрт мәзһаб ғалымдары бір көзқараста. 
Тілмен ниет ету шарт емес. Кедейге зекет беру ниетімен 
бір нәрсе берген уақытта көңіліне келмес үшін бұл саған 
берген сыйлығымыз деп, тапсырса зекеттің дұрыстығына 
еш зиян келтірмейді.
Зекет берілген адам да өзіне тапсырылған зекеттің 
зекет екенін біліп-білмеуі маңызды емес. Басқа 
мұсылмандарға үлгі болу үшін зекетті жария түрде 
берген жөн.
384
Малик Муатта, 18.
385
Муслим, Имара, 155. Бухари, Бәдул – Уахи,1.


357
Зекет
Бір нәрсені кедейге берген уақытта зекет ниетімен 
бермей, сосын барып берілген зат жылдық зекетімнің 
орнына жүре берсін деп ниет еткен жағдайда, берген 
нәрсесі әлі жұмсалмай кедейдің қолында болса, зекеті 
ретінде қабылданады. Ал, егер жұмсалып кетсе, қайта 
зекет беруіне тура келеді.
Бір адам зекет есесін бөліп қойғаннан кейін жоғалып, 
ұрланып немесе басқа бір жағдаймен жойылып кетсе, 
зекет парызы мойнынан түспейді. Өйткені, зекет есесі 
– кедейлерге иелендіру арқылы берілген жағдайда ғана 
зекет ретінде қабылданады.
Бір адам зекетті ниет етпей анда-санда кедейлер-
ге бір нәрселер беріп тұрса, зекет парызы мойнынан 
түспейді.
Зекет тек қана Аллаһ ризашылығы үшін берілуі 
тиіс. Зекетті адамдарға көрсету үшін немесе мақтану 
үшін беруге болмайды. Берген зекетін міндетсіп
паңданатындардың зекеті Аллаһтың алдында қабыл 
болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет