Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Байлығының зекетін өтемегендердің



Pdf көрінісі
бет204/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   309
Байлығының зекетін өтемегендердің 
ақырет күні тартатын азабы
Қолдарындағы байлықтарының зекетін бермеген 
адамдардың ақыретте тартатын азаптарының өте ауыр 
екендігі туралы Әбу Һурайрә (р.а.) Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) былай деп айтқанын риуаят етеді:
«Зекетін бермеген адамның байлығы ақырет 
күні ірі жылан пішініне кіреді. Екі көзінің үстінде 
(қорқыныштылығының белгісі ретінде) қап-қара екі 
домалақ дағы бар. Осы жылан қиямет күнінде иесінің 
мойнына оралады. Сосын аузымен иесінің екі жағынан 
ұстап: «Мен сенің дүниедегі (қатты жақсы көрген) 
байлығыңмын, мен сенің (жинаған) қазынаңмын, – дейді. 
Сосын Пайғамбарымыз (с.а.у.) мына аятты оқыды:
«Аллаһтың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерін 
(басқаларға бермей) сараңдық істегендер бұл істерін 
өздеріне қайырлы деп ойламасын. Жоқ, тіпті (бұл 
істері) өздері үшін ең үлкен жамандық. Ақырет 
күні сараңдық жасаған дүниелері мойындарына 
оралады»
379
Басқа бір аятта Аллаһ Тағала сараңдарды 
ақыреттің күйзелтуші азабынан былай деп ескертеді:
«Алтын, күмісті жинап, оны Аллаһтың жо-
лында жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен 
379
Әли – Имран сүресі, 180-аят.


350
Ислам ғылымхалы
сүйіншіле. Жиналған алтын мен күміс тозақ отында 
қыздырылып, онымен маңдайлары, қабырғалары 
және арқалары таңбаланатын қиямет күні оларға: 
«Міне, мынау – өздерің үшін жиған дүниелерің. Ал енді 
қанеки, жинағандарыңның дәмін татыңдар!»
380

Зекетті өтемегендердің дүниедегі тартатын 
жазасы
Зекетті өтемегендер бұл дүниеде жоқшылық пен 
аштыққа кіріптар болады. Пайғамбарымыз бұл турасында 
былай дейді: 
«Зекет бермеген қауымдарды Аллаһ Тағала 
міндетті түрде жоқшылық пен аштыққа ұшыратады». 
Басқа бір хадисінде былай дейді: «Байлықтарының 
зекетін бермесе, көк жаңбырынан құр қалады. Жан-
жануар болмағанда олардың үстіне жаңбыр жаумас 
еді»
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет