Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Ей, иман еткендер! Аллаһқа және ақырет



Pdf көрінісі
бет209/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

«Ей, иман еткендер! Аллаһқа және ақырет 
күніне сенбестен, тек қана адамдарға (мақтанып,) 
көрсету үшін мал жұмсаған адамдарға ұқсап
берген садақаларыңды (берілген адамға) міндетсіп, 
ренжіту арқылы бұзбаңдар! Оның (берген садақасын 
міндетсіп, берген адамдарды ренжіткендерің) 
мысалы, үстінде топырағы бар тайғанақ тас сияқты, 
оған нөсер жауа қалса (топырағын шайып), құр тас 
күйінде қалдырады. Бұндай адамдар істеген ешбір 
істерінің сауабы мен қарымын ала алмайды. Аллаһ 
қарсы келген елді тура жолға салмайды»
386
.
386
Бақара, 2/264-аят.


358
Ислам ғылымхалы
2. Иелендіру (тамлик)
Зекет ғибадатының дұрыс болуының тағы бір шарты 
– зекет есесін Құранда белгіленген адамдарға иелендіру 
арқылы беру. Сондықтан дастарқан жайып, кедейлерге 
тамақ беру зекет емес, жай ғана садақа ретінде есептеледі. 
Өйткені, тамақтандыру кедейлердің тамақ жеулеріне 
рұқсат қана болып, иелендіру деп есептелмейді.
Зекет кімдерге және қандай орындарға бері-
леді?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған зекет 
бер» – деген адамға былай жауап берген:
«Ұлы Аллаһ зекеттің берілетін орындары жайында 
пайғамбарының да, басқаның да үкіміне разы болмай, 
өзі берді. Оны сегіз топқа бөлді. Егер сол сегіз топтың 
ішінде болсаң, саған есеңді беремін»
387

Иә, зекеттің берілетін орындарын Аллаһ Тағала 
«Тәубе» сүресінің алпысыншы аятында тағайындап 
білдіреді: 
«Шын мәнінде садақалар (зекеттер), кедей-
кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті жинауға 
тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі мақсат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет