Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет246/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   309
Айттың төртінші күні 
(Зилхижжаның 13-ші)
Айттың төртінші күні үш шайтан тастың 
әрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ 
лақтырмаса да болады. Лақтырылмаған жағдайда барлық 
лақтырылған тастың саны – 49. Ал, лақтырылса, 70 
болады. Лақтырмайтын жағдайда, Минадан таң атпай 
қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уәжіп 
болып қалады. Минаның Мекке жақтағы шекарасы 
Ақаба жәмрасы (Үлкен шайтан тас) болуда. Сол Ақаба 
жәмрасынан өту арқылы Минадан шыққанға санала-
ды.
Ханафи мәзһабындағы Имам Әбу Юсуп және Имам 
Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас 
лақтырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін 


419
Қажылық
лақтыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша, 
таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақыт. 
Таң атқаннан күн шыққанға дейін – мәкрүһ, ал, күн 
шыққаннан түске дейін лақтыру – жәйіз
423
, түс ауғаннан 
кейін күн батқанға дейін лақтыру – сүннет.
Төртінші күні тас лақтыру уақыты күн батқаннан 
кейін бітеді. Лақтырылмай қалған әр күннің тасын сол 
күні күн батқанға дейін лақтыру – уәжіп.
Лақтырылатын тастарды Муздәлифәдан немесе 
Мұхассир жолынан немесе нәжіс (лас) болмаған кез 
келген жерден жинауға болады. Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) бұйрығы бойынша, Ибну Аббас тастарды 
Муздәлифәдан жинаған.
Шайтанға тас лақтырудың дұрыс орындалу 
шарттары
1. Тастарды өз қолымен лақтыру. Тастарды 
құралмен атуға немесе лақтырмай қолдан-қолға беріп, 
шайтан тастардың үстіне қоюға болмайды.
2. Ханафи мәзһабында лақтырылатын нәрселердің тас 
немесе құрғаған балшық сияқты топырақ түрінен болуы. 
Шафиғи мәзһабында тек қана тас лақтырылады.
3. Жеті тас бөлек-бөлек лақтырылуы тиіс. Барлығы 
бірге лақтырылса, бір тас болып есептеледі.
4. Тастарды тігілген шайтан тасқа тигізу немесе 
айналасындағы белгіленген орынға түсіру.
5. Лақтырылған тастар белгіленген орынға 
лақтырушының іс-әрекетімен жетуі. Мысалға, тас 
лақтырылған уақытта біреудің денесіне тиіп, сосын ол 
423
Рұқсат.


420
Ислам ғылымхалы
адам тасты ары қарай лақтырып жеткізсе, дұрыс емес. 
Қайтадан лақтыру керек. Жерге тиіп немесе бір нәрсеге 
соғылып барып белгіленген орынға тиіп немесе түсіп 
жатса, дұрысқа есептеледі.
6. Тастарды арнайы белгіленген уақытта 
лақтыру.
7. Шамасы жеткендердің тастарды өздері лақтыруы. 
Тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежедегі аурулар 
орындарына басқа біреуді өкіл етіп, лақтыртуларына 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет