Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Шайтанға тас лақтырудағы сүннеттері



Pdf көрінісі
бет247/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   309
Шайтанға тас лақтырудағы сүннеттері
1. Тастарды 3-4-5 метр арақашықтан лақтыру
2. Жеті тасты бірінен кейін бірін лақтыру
3. Айттың 2,3,4-ші күндері, бірінші – Кішкентай 
шайтан тасқа, екінші – Орта шайтан тасқа, үшінші – 
Үлкен шайтан тасқа жеті-жеті тастан лақтыру
4. Әрбір тасты лақтырған сайын 
«Бисмиллаһи, 
Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ»
деп 
айту. Мағынасы: «Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер 
қаламаса да».
5. Лақтырылатын тастардың жүгеріден үлкен, 
жаңғақтан кішкене болғаны дұрыс.
6. Тастарды айттың алғашқы күні түске дейін, қалған 
күндері түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру
7. Кішкентай және Орта шайтан тастарға тас 
лақтырғаннан кейін бір шетке тұрып, әке-шешесіне және 
діндес бауырларына дұға жасап, тілек тілеу.
8. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тастар-
ды Меккені оң жағына алып, Минаны сол жағына алып 


421
Қажылық
лақтырады. Қалған екі Орта және Кіші шайтан тасқа 
тастарды кез-келген жақтан лақтыруға болады.
Шайтанға тас лақтырудың мәкрүһтері
1. Белгіленген орынға жетпей қалған тастарды 
алып қайтадан лақтыру
2. Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастары-
нан жинап алып лақтыру
3. Нәжіс тиген тастарды лақтыру
4. Бір тасты сындырып, бірнеше тас жасап 
лақтыру
5. Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас 
лақтыру
6. Шайтан тасқа аяқ киім, шүберек сияқты 
нәрселерді лақтыру
Шайтанға тас лақтыруда өкілдік
Ислам – жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз 
оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің 
орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына 
болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, 
содан кейін басқасының орнына лақтырады. Бірақ, 
күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса, 
күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері 
лақтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет