Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Лақтырылмай қалған тастардың қазасы



Pdf көрінісі
бет248/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   309
Лақтырылмай қалған тастардың қазасы 
бола ма?
Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру 
күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру 
күндері айттың төртінші күні күннің батуымен аяқталады. 


422
Ислам ғылымхалы
Төртінші күні күн батқаннан кейін лақтырылмаған 
тастар қаза етілмейді. Әбу Ханифаның айтуынша, 
лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға 
дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп 
пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша, жаза түседі.
Сафа, Мәруа төбелерінің арасында жүгіру 
(қажылықтың үшінші уәжібі)
Сағи (араб тілінде) – шапшаң жүру, жүгіру деген 
мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік 
мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа 
және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен 
бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет 
қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару – бір рет, Мәруадан 
Сафаға қайтып келу – тағы бір рет болып есептеледі.
Сафа мен Мәруаның арасында сағи ету – қажылық 
уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 
158-аятында: 
«Сафа және Мәруа Аллаһтың нышан-
дарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау 
ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны 
тауап етуінде күнә жоқ»
, – деп сағидің маңыздылығын 
білдірген.
Қажылық үшін жасалған сағи – қадум яки зиярат 
тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін 
жасалатын сағи, умра тауабынан кейін жасалады. 
Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан 
кейін дереу жасау – шарт болмағанымен өте маңызды 
сүннет.


423
Қажылық
Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы
Ибраһим (а.с.) Аллаһ Тағаланың бұйрығымен 
зайыбы Ажар анамызбен емшектегі баласы Исмайыл-
ды қазіргі Зәмзәм құдығының орналасқан жеріне әкеліп 
тастап кетті. Ол уақытта қазіргі Мекке қаласының 
орналасқан жерінде ішер судың жоқтығынан тірі 
жан мекендемейтін-ді. Ибраһим (а.с.) зайыбы мен 
ұлы Исмайылға қорек ретінде азғантай құрма мен су 
тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап, 
ол жерден ұзақтай түсті. Қорек пен суға тапшы мына 
шөлде Ажар анамыз бен баласы Исмайылға өмір сүру 
күннен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге 
қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі 
бұйырған болса, Ажар анамыздың бостан-бос қам жеп, 
уайымдауы орынсыз еді. Өйткені, әлсіз құрт, құмырсқа 
сияқты жәндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан 
далаға тастап, ұмыт қалдыруы мүлдем мүмкін емес. 
Міне, сондықтан Ажар анамыз: 
«Аллаһ Тағала бізді 
қорғайды, мына сусыз шөл далаға бізді жалғыздан 
жалғыз, жәрдемсіз тастамайды» 
– деп, Ұлы Жарату-
шысына деген сенімін берік ұстап, пайғамбарша тәуекел 
етті. Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (а.с.) тастап 
кеткен азғантай суы таусылып, жас сәби Исмайыл су 
сұрап жылай бастады. Ана байғұс сәбиінің шырылдауына 
шара таба алмай шарқ ұрып, зыр жүгіруде. Анасы басқа 
не істесін, емізейін десе, омырауында сүт жоқ, су берейін 
десе, тамызықтай су да тапшы. Баласы Исмайылдың 
шырылдауына шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан 
тірі жанды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа 


424


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет