Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Сөзсіз,  Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»



Pdf көрінісі
бет29/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   309
«Сөзсіз, 
Аллаһ тәубе еткендер мен тазаланғандарды сүйеді»
19

Негізінде, сыртқы тазалыққа қарағанда, жүрек тазалығы 
аса маңызды. Өйткені, сырты сұлу болғанмен, ішкі әлем 
кірленсе, ешкім иманның ақиқатына жете алмайды. 
Аллаһ мәңгілік бақытқа қол жеткізушілердің алғашқы 
сипатының тазалық екенін баяндайды: 
«Әлдекім тазар-
са, ол құтылды. Ол Раббының атын еске алып, намаз 
оқыды»
20
. Құранда киім мен ғибадат жерінің тазалығына 
назар аударған.
Пайғамбарымыз тазалықтың маңыздылығы жайлы 
былай дейді: 
«Тазалық – иманның жартысы»
21
, «Аллаһ 
тазалықты жақсы көреді»
22
.
Ислам ғалымдары Құран мен хадистерге қарап, 
тазалықты төртке бөледі:
1. Дене, киім мен намаз оқитын жердің ластықтан 
тазаруы.
19
Бақара, 2/222.
20
Ағла, 87/14-15.
21
Муслим, Таһарат, 1;
22
Тирмизи. Сунән. Египет. 1937. Әдеб, 41.


56
Ислам ғылымхалы
2. Өзін ғайбат, харам жеу, қиянат жасау, т.б. 
күнәлардан тазалау. Бұл тақуа жандардың иманын арт-
тыру арқылы тазалану түрі.
3. Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық, 
дұшпандық секілді жаман аурулардан тазалануы. 
Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт, 
сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру. Бұл 
– тақуа жандардың иман мәртебесі.
4. Жүректің Аллаһтан басқа өзге барлық нәрседен 
тазалануы. «Ләә иләһә иллалаһ» (Аллаһтан басқа құдай 
жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы
23

Тазалау жолдары
1. Су арқылы тазалау. Су – негізгі тазартушы. 
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: 
«Және сендерді 
тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет