Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Нәжістер (таза саналмаған нәрселер)



Pdf көрінісі
бет31/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   309
Нәжістер (таза саналмаған нәрселер)
Намазға кедергі жасайтын нәжістер: ауыр нәжіс және 
жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: 
егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, 
алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер киімде 
немесе намаз оқылатын жерде болса, намазға кедергі жа-
сайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки киімнің төрттен 
бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
Ауыр ластық (нәжіс)
1. Адамның кіші, үлкен дәреті, уәди, мәзи, мәни, 
және ауыз толы құсық, денеден шыққан қандар, хайыз, 
нифас, истихада қандары.
2. Тауық, қаз, үйректің саңғырықтары.
3. Еті жеуге болмайтын хайуандардың тезектері мен 
лас сулары, сілекейлері және барлық жан-жануарлардың 
қандары.
4. Ішімдік. Киімге, денеге жұқса, тазалау қажет.
5. Арам өлген мал.
Жеңіл ластық (нәжіс)
1. Етін жеуге болатын қой, ешкі, жылқы секілді 
жануарлар мен жабайы аңдардың тезектері, лас сулары – 
Әбу Юсуп мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, 
жеңіл ластық.
28
Кәсани, а.а.е.


59
Тазалық
2. Етін жеуге болмайтын бүркіт, сауысқан секілді 
әуеде ұшқан құстардың саңғырықтары.
3. Әрбір малдың өті – сол малдың ластығы
29
.
Әжетхана әдебі
Әжетханаға кірерде Пайғамбарымыздың мына 
дұғасы оқылады:
} ِثِئاَب َخْلاَو ِثْب ُخْلا َنِم َكِب ُذوُعأ يِّنإ َّمُهلَّلأ{
 «Аллаһумма инни 
ә’узу бика минал-хубси уал-хабаис» – «Аллаһым, 
ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын»

Бұдан кейін ішке кірерде – сол аяқпен, шығарда – оң 
аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пай-
далану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым 
салған
30
. Сыртқа шыққан кезде:
 
يِّنَع َبَهْذأ يِذَّلا ِ َّ ِل ُدْم َحْلأ{ 
}يناَفاَع َو يَذَلاا


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет