56
Ислам ғылымхалы
2. Өзін ғайбат, харам жеу, қиянат жасау, т.б.
күнәлардан тазалау. Бұл тақуа жандардың иманын арт-
тыру арқылы тазалану түрі.
3. Жүректің қызғаныш, өркөкіректік, рияшылдық,
дұшпандық секілді жаман аурулардан тазалануы.
Олардың орнын кішіпейілділік, тәубе, сабыр, үміт,
сүйіспеншілік секілді көркем сипаттармен толтыру. Бұл
– тақуа жандардың иман мәртебесі.
4. Жүректің Аллаһтан басқа өзге барлық нәрседен
тазалануы. «Ләә иләһә иллалаһ» (Аллаһтан басқа құдай
жоқ) тәухид сөзінің жүректен толық орын алуы
23
.
Тазалау жолдары
1. Су арқылы тазалау. Су – негізгі тазартушы.
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:
«Және сендерді
тазарту, өздеріңді шайтанның ластығынан арылту,
Достарыңызбен бөлісу: