Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет42/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   309
Ислам ғылымхалы
 Ысырап
Хатими Әсам атты ғұлама ысырапқа қатты көңіл 
бөлген. Бір ғалымның күнделікті өмірінде көп ысырап 
жасайтынын естіп, арнайы іздеп барады.
Үйіне келіп: «Мен дінді жаңа үйреніп жүр едім, маған 
ұстаз бол», – деп қолқа салады. Әлгі ғалым: «Алдымен 
не үйренгің келеді?», – деп сұрайды. Хатими Әсам: «Ал-
дымен маған дәрет алуды үйрет», – дейді. Бұны мақұл 
көрген ғалым баппен дәрет алып, әр мүшесін үш реттен 
жуып шығады. Бәрін бақылап отырған Хатими Әсам 
оған «Енді мен сенің көзіңше дәрет алайын, қателерім 
болса, түзетерсің» деп, дәрет алуға кіріседі. Алайда, 
шынтақтарына келгенде үш рет емес, төрт реттен жуады. 
Бұны байқап қалған ғалым:
Суды ысырап еттің, – деп ескертеді.
– Мен қай жерде ысырап еттім? – деп қарсы сұрақ 
қояды сонда Хатими Әсам.
– Қолдарыңды шынтақтарыңмен бірге үш рет 
жуудың орнына сен төрт рет жудың, – дейді ғалым.
Сонда Хатими Әсам оған қарап: «Мен бір ұрттам 
суды ғана ысырап еттім. Ал, сен күніге қаншама жақсы 
нәрсеге ысырап жасайды екенсің», – деген екен. 
Ғалым кісі Хатими Әсамның дін үйрену үшін емес, 
өзіне ысырап жөнінде сабақ беру үшін келгенін түсініп, 
үйіне кіріп, қырық күн тәубеге бас қойған екен.
* * *


77
Тазалық
Дәрет әдебі
1. Дәрет алған кезде құбылаға қарау.
2. Уақыт кірмей тұрып, дәрет алып, намазға әзір 
тұру.
3. Дәрет алған кезде су шашырамас үшін жоғарылау 
жерде болу.
4. Дәрет алған кезде біреуден себепсіз жәрдем 
сұрамау. Бірақ біреу қатты қалап, құрмет етсе, әдепке 
қайшы емес. Муғира ибн Шуғбә сапарда Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) дәрет алған кезде су құйған
79
.
5. Дәрет алған кезде кең жүзіктерін қимылдату. 
Егер жүзік тар болса, қимылдатып, су кіргізу парыз.
6. Дәретте ауыз бен мұрынға суды оң қолымен 
алып, сол қолымен шығару.
7. Мойнын мәсіх ету. Кейбір кітаптарда мойынға 
мәсіх ету – мұстахап, мәндүп, әдеп деп айтылған.
8. Мүшелерді жууға жетерліктей ғана су алу. 
Теңізде болса да суды ысырап етуден сақ болу. Себебі, 
суды ысырап ету – мәкрүһ.
9. Дәрет алғанан кейін шаһадат сөзін айту және 
дұға оқу. 
10. Дәрет кезінде зәру бір жағдай болмаса, сөйлеспеу. 
Өйткені, бөгдемен сөйлескенде дұға оқи алмайды.
11. Дәреттен артылған судан түрегеп тұрып, 
құбылаға қарап аздап су ішіп, 
«Я, Аллаһ Тағалам, мені 
әр күнә жасаған кезде тәубе етіп, күнәлардан бойын 
аулақ ұстап тазарған салиқалы құлдарыңнан ет»
– деп 
дұға оқу. 
79
Нәйлул-Әутәр, 1, 175.


78
Ислам ғылымхалы
12. Дәреттен кейін екі немесе үш рет Қадір сүресін 
оқу.
13. Дәреттен кейін мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат 
нәпіл намазын оқу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет