Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Қажылық ғибадатының пайдалары мен



Pdf көрінісі
бет25/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

Қажылық ғибадатының пайдалары мен 

хикметтері

Шамасы жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық 

ғибадаты парыз болғандықтын орындаушысы, ең бірінші, 

Аллаһтың сый-сыяпатына кенеліп, күнәларынан арыла-

ды. Өйткені, Аллаһ Тағала өзінің әмірлерін орындаған 

құлдарын  ақыретте  сый-сыяпатқа  бөлейтіні  туралы 

уәде еткен. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған 

құлдардың  күнәларының  кешірілетіні  жайында 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:

}ُهُّمُأ ُهْتَدَلَو ٍموَيَك ِهِبوُنُذ  ْنِم َع َجَر  ْق ُسْفَي ْمَل َو  ْثُفْرَي ْمَلَف  َّج َح  ْنَم{



«Кімде-кім әйелімен жақындаспай (жақындасуға 

тартатын  барлық  іс  әрекеттерден  аулақ  болып) 

және  күнә  істеместен  қажылық  жасайтын  болса, 

анасынан  жаңа  туғандай  күнәларынан  арылып 

қайтады»

397

 – делінген. Иә, жүрегіне Хақ сәулесі ұялаған 

әрбір  мұсылманның  асыл  арманы  Аллаһ  Тағаланың 

құзырына мына жалған дүниеде пендешілікпен істеп 

қойған  күнәларынан  арылып,  анасынан  жаңа  туған 

сәбидей пәк күйде, жарқын жүзбен бару. Сондықтан 

да  түн  ұйқысын  төрт  бөліп,  тәһажжүд  оқып,  ғапыл 

құлдардың шырт ұйқыда жатқан осы бір мезетте Раббы-

сымен оңаша қалып, көз жасымен күнәлі жүрегін жуып, 

күнәларына кешірім тілеп жалбарынады. Тәубе етіп, 

шыжыған ыстықта нәпіл ораза ұстап, ықыласыма аз да 

болса басқаға көрсету, мақтаныш сезімі араласпасын 

деген ниетпен тасада ешкімге көрсетпей садақа береді. 

Жалпы айтқанда, өміріндегі әрбір мүмкіншілікке, әрбір 

397

 Бухари,  Муслим,  Ибну  Мажә,  Тирмизи,  Нәсәәи/  Әбу 



Һурайрадан.

383

Қажылық

істеген жақсылығына, күнәларының кешірілуіне себеп 

болар деген үлкен үмітпен қарайды.

Шыр айналып, зар илеп, күнәларына кешірім тілеген 

осы бір шынайы құлға Аллаһ Тағала қажылықты парыз 

етті. Өйткені бұл парызда ғұмыр бойы іздеген асыл ар-

манын таппақ. Ол – күнәсінан жаңа туған сәбидей арылу, 

тазару.


Пайғамбарымыздың  басқа  бір  хадисінде  Аллаһ 

құзырында қабыл етілген қажылықтың қарымы – жәннат 

екенін айтқан:

 ٌءاَز َج ُهَل  َسْيَل ُروُرْبَمْلا  َّج َحْلاَو اَمُهَنْيَب اَمِل ٌةَراَّفَك ِةَرْمُعْلا يَلإ ُةَرْمُعْلأ{

}َةَّن َجْلا َّلاإ

Мағынасы: «Бір умра екінші умраға дейінгі аралықта 



жасалатын  күнәларға  кәффарат,  ал,  қабыл  болған 

қажылықтың сауабы – тек қана жәннат».

1.  Исламият  туып,  құлаш  жайған  бұл  қасиетті 

топыраққа  бару  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  және 

атақты сахабалардың қаһармандықтарымен танысты-

рып, жүрегімізге жаңару, Ислами өмірімізге үлкен серпін 

әкеледі.  Мыңдаған  қасиетті  естеліктердің  қазынасы 

және  Аллаһтың  сүйікті  Елшісінің  (с.а.у.)  исі  сіңген 

топырақтың әрбір бұрышында теңдесі жоқ әлемнің нұрлы 

сыры жатыр. Пайғамбарымыз шыққан ол топырақта өлі 

жүректер тіріліп, мұсылмандар жап-жаңа жан рақаты 

мен қуанышына кенеледі.

2. Қажылық кезінде адамдардың ағылып әр құрлықтан 

келуі психологиялық тұрғыдан адамның дүниетанымын 

кеңейтіп, оның тағы бір беймәлім қырын аша түседі.  Осы 

наным-сенімді ұстанып, соның үкімін атқарып жүрген 

жалғыз мен емес екенмін деген ой-пікір қалыптасады. 



384

Ислам ғылымхалы

Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан әр тілде сөйлейтін, 

әр  түсті,  мемлекет  басшысынан  бастап  қарапайым 

халыққа дейін бай-кедей әр ұлт өкілінің бір жерде бас 

түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында ерекше бақытты 

күй кешіп, аппақ ихрамға оранып, бір зікірді қайталап 

қажылық парызды атқаруы мұсылман жұртшылығының 

өзара ынтымағы мен бірлігін күшейтіп, иманын нықтай 

түседі. Бұл біздің үлкен күш, үлкен жамағат екенімізді 

ұқтырады. Қажылыққа келген мұсылмандардың саны 

қанша болса, қажылық барысында біздегі иман да сонша 

есе арта түскендей әсер қалдырады. 

Осы  бір  сырды  аңғарғандар  сәл  бір  шу  шыға 

қалса  өздерін  жақтайтын  он-он  бес  адамның  басын 

тоқайластырып  жіберіп  шеру  өткізуге  даяр  тұрады. 

Мақсат  –  сол  істі  жақтайтындардың  аз  емес  екенін 

көрсету, өзара күш-қуаттарын арттыру, сенімдерін бекіту. 

Жалған дүние тірлігінің өзін осыншалықты қызғыштай 

қорғап жатқанда ақиқат үшін бас біріктіріп бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарудың қаншалықты маңызды 

екендігі өзі-ақ белгілі болғандай. 

Егер мұқият көңіл бөлінсе, адамды жан-жақты қолға 

алған Ислам діні бес уақыт намаздың өзін жамағатпен 

оқуды  бұйырады.  Одан  қала  берді  аптасына  бір  рет 

мешітке бас сұғып жұма намазын оқуды парыз еткен. 

Жыл сайын екі рет айт намазында да мұсылмандардың 

басын  қосады.  Ал  қажылықта  болса  бұл  дәстүр  өз 

шарықтау шегіне жетеді. 

3. Ұлтына, нәсіліне қарамастан мұсылмандардың 

арасындағы  имани  байланыстардың  артуы,  Ислам 

бірлігінің күшеюі қажылыққа келу арқылы іске асады. 

Өйткені дүниенің шартарабынан келген мұсылмандар 



385

Қажылық

мынаны  ұғады:  «бәріміздің  де  Жаратушымыз  бір, 

Ризық беруші Иеміз бір, Құлшылық етушіміз де бір... 

Дініміз де бір... Пайғамбарымыз да бір... Құбыламыз да 

бір... Осылай бір-бірімен жалғасқан жүздеген бірлер... 

Осынша бірлер өзара бірлік пен келісімді, сүйіспеншілік 

пен бауырмалдықты қажет етеді». 

Иә, бұлардың барлығы – ғалам мен планеталарды 

бір-біріне жалғап тұрған рухани шынжыр іспетті жеке 

адам ретінде әрі мемлекет ретінде Ислам әлемінің бірлігі 

мен ынтымақ, татулығына негіз болатын байланыстар.  

Қажылық осылайша Ислам бауырмалдығының іске 

асуын қамтамасыз етеді. Дүниенің түкпір-түкпірінен 

келген мұсылмандардың өзара бауыр екендігі қажылықта 

дәлелдене түседі. (АҚШ-тағы қара нәсілді мұсылмандар 

тобының  жетекшісі  Малкольм  Иксті  бұрынғы  теріс 

ұлтшылдық пікірінен арылтқан да осы қажылық бары-

сында көз жеткізгендері болатын).

4.  Қажылық  –  мұсылман  ұлттар  арасындағы 

теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Неге десеңіз, мұсылман 

ұлттар  қажылық  кезінде  бай-кедей,  білімді-білімсіз, 

ұстаз-шәкірт, шен-шекпен жағынан кім болса о болсын 

барлық дүниелік атақ-лауазымдарын бір жаққа ысырып 

қояды. Киімдерін шешіп бәрі бірдей аппақ ихрам киеді. 

Басқа мұсылман бауырларынан ажыратқысыз кейіпке 

еніп, ешбір айырмашылықтары болмайды. Сырттай көз 

тастасаң бәрі бірдей ақ кебінге оранған секілді. Еріксіз 

Мақшарда мазардан түрегелер сәтті елестетеді. 

Аллаһ Тағала «Хужурат» сүресінің 13-аятында «Әй, 

адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден 

(Адам ата, Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-

бірлеріңді тану үшін сендерді ұлттар мен ұлыстарға 


386

Ислам ғылымхалы

бөлдік.  Шындығында,  Аллаһтың  қасында  ең 

ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз, Аллаһ толық 

білуші, әр нәрседен хабар алушы» – деп бұйырады. 

Яғни сендерді ұлттар мен ұлыстарға, қауымдар мен 

тайпаларға бөлуімнің астары бір-бірлеріңді тануда, бір-

біріңнің қоғамдық өмірлеріңмен етене танысуда жатыр, 

сол себепті қашанда өзара көмектесесіңдер, әйтпесе 

сендерді әр бөлек қауым ретінде жаратуымдағы мақсат 

бір-біріңнен суып, бір-біріңе алакөзденіп жауласу емес 

деген сөз.

5. Қажылық – мұсылмандар үшін сабыр мен тал-

пынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі үздіксіз 

ғибадат  жасату  арқылы  нәпсінің  тізгінін  тартып 

ауыздығын салады, мұсылман бауырларды бір-бірін 

сыйлап, сыпайылық танытуға үйретеді. Қажылық сапары 

барысында  ешбір  қайтарымсыз  мал  жұмсау,  Аллаһ 

үшін не нәрсені болса да шығындау парасаты өседі. 

Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы бағамдалып, 

Аллаһтың дұшпаны мен досының ақ-қарасы ажыраты-

лады. Шайтанға тас атқан кезде, Қағбаны тауап еткенде, 

Мәдинаға ат басын бұрғанда, қара тасқа сәлем салғанда 

осындай терең ой құшағында тербеліп, ішкі жан сарайы-

мыз тазарып сала береді. 

6. Қажылық кезінде мұсылмандардың небір ішкі ке-

ремет сезімдері оянып, жүректері үлкен әсерге бөленеді. 

Алғашқы  мұсылмандардың  уахидың  таңғажайып 

күйіне  елітіп,  әсемдіктерінен  сөз  етіскендігі,  әр  бірі 

Құранның түсіндірмесі секілді адамзатқа ұмытылмас 

әсер  қалдырғаны,  осы  қасиетті  топырақта  небір 

жанкештілік қимыл-әрекет, дархан мінез, өнегелі өмір 



387

Қажылық

іздері қалғандығы мұсылмандардың көз алдынан тізіліп 

өтіп, санада қайта жаңғырады. Мұсылман қажылардың 

рухын биіктетіп, шабытын шарықтатады. 

7.  Қажылық  –  мәңгілікке  ойып  жазылған  иләхи 

естеліктердің еске түсірілуі. Оған мысал, жалғыз өзі бір 

үмбетті құраған хазреті Ибраһим мен ұлы Исмайылдың 

ғибратты ғұмыры, соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) 

көктегі періштелердің өзін қызықтырған өнеге-үлгісі, 

иманын қызғыштай қорғап өмір мен өлімнің арасында 

ажалмен арпалысқан даңқты сахабалардың ерліктері – 

бәрі де тізбектеліп қажылық кезінде көз алдымыздан 

өтіп жатады. Оған қоса, Аллаһ разылығы үшін сәбиін 

көтерген күйі жолға шыққан ананы да, Аллаһ разылығы 

үшін деп жанын қиған асыл перзентті де, аяулы ұлын 

Аллаһ разылығы үшін сапарға аттандырған әкені де,  

діндар күйеуінің бір сөзін екі етпей бағынған ананы 

да – бәрін осы аймаққа келіп қажылық жасағанда еске 

түсіресің

398


.  

Қағбаның салынуы

Қағба – жер бетінде тұрғызылған тұңғыш құлшылық 

орны. Адам атаның жер бетіне түскеннен кейінгі ең 

алғашқы  ісі  періштелердің  көмегімен  осы  Қағбаны 

тұрғызу болған. Сан дәуірлер артта қалып, уақыт аққан 

өзендей жылжыған сайын бұзылып, көнерген жерлері 

талай рет жөнделіп отырған. Қағба жер бетін Нұх топан 

суы басқанға дейін ғибадатхана міндетін атқарып келген 

398

 Құлшылық құпиясы, 165-бет.



388

Ислам ғылымхалы

еді. Алайда, жер бетін басқан топан судан кейін, өкінішке 

қарай, бұл қасиетті құлшылық орнының ең болмаса 

қираған ізі де білінбей, адамзатқа беймәлім күйде қала 

берді.

Бірақ,  жер  шарының  кіндігі  іспетті  болған  жер 



бетіндегі алғашқы ғибадат орнын Аллаһ Тағала кейінгі 

мұсылман құлдарына беймәлім қалдырмады. Бұл қасиетті 

құлшылық орнын мұсылмандарға құбыла етіп, қайта 

өңдеу ісін Ибраһим пайғамбар мен баласы Исмайылға 

табыстады.

Ибраһим (а.с.) мен ұлы Исмайылдың қазіргі таңдағы 

қасиетті Қағбаны қайта тұрғызулары былай еді.

Исмайыл  (а.с.)  зәмзәм  суының  маңайында  өсіп 

тұрған ағаштың астын көлеңкелеп, оқ жонып отырған-

ды. Бір мезет сонадайдан өзіне қарай келе жатқан әкесі 

Ибраһимді (а.с.) байқаған ол дереу атып тұрып, алдынан 

қуана жүгіріп шықты. Көптен көріспей, сағынысқан әке 

мен баланың құшақтары айқаса кетті. Баласының ша-

шынан сипап, маңдайынан иіскеп, мауқын басқан әке 

мен әке мейіріміне шөлдеген бала арасында артынша 

төмендегідей әңгіме ізін тапты.

– Балам, Аллаһ Тағала маған үлкен міндет жүктеп 

отыр.


– Әке, ол қандай міндет? Аллаһ Тағала жүктеген 

міндетті тезірек атқарғаныңыз жөн болар.

– Бірақ, оған сенің көмегің керек, балам.

– Әке, мен қашан да өзіңізге қолғабыс етуге әзірмін. 

Ондай абыройлы істен маған да үлес тигені Аллаһтың 

маған  оң  қарағаны  шығар,  –  деді  Исмайыл  іштегі 

қуанышын жасыра алмай.


389

Қажылық

Әке де баласынан осы жауапты күткендей: – Ендеше, 

дәл мына тұстан Аллаһтың әмірін орындап, құлшылық 

орнын салайық, – деді қазіргі таңдағы күллі әлемдегі 

мұсылмандардың  ғибадат  орны  саналатын  қасиетті 

Қағбаның орнын көрсетіп.

Осылайша,  Аллаһ  Тағаланың  өздеріне  белгілеп 

көрсеткен жерінен Қағбаның қайта салынуын бастап та 

кетті. Исмайыл тас тасып, әкесі Ибраһим (а.с.) қасиетті 

үйдің қабырғасын қалай бастады. Жұмыс оңға басып, 

құрылыс биіктеген сайын Ибраһим (а.с) үшін тас қалау 

қиынға соқты. Екеуі өзара ойласып, Исмайыл әкесінің 

аяғының астына текпешек, саты тәріздес ұзынша, биік 

тас әкеліп қойды.

Ибраһимнің (а.с.) аяғының ізі түскен бұл тас қазіргі 

кезде «Мақаму Ибраһим» деп аталып, қажылықта сол 

тұста арнайы намаз оқылып, ерекше зиярат етілуде.

Мұсылмандар үшін жер бетінде Қағбадан да қасиетті 

екінші бір орын жоқ. Өйткені бұл киелі ғибадат үйі Ұлы 

Жаратушымыздың әмір етіп Жебірейілдің (а.с.) жобасын 

көрсетуі арқылы салынған.

Қағбаның төрт қабырғасы қаланып, кезек бүгінгі 

«Хажарул-Әсуәд» деп аталатын қасиетті қара тас тұрған 

бұрышқа  жеткенде,  Ибраһим  (а.с.)  ұлы  Исмайылға 

тауаптың басталатын орнын білдіретін белгі ретінде 

бір тас әкелуін тапсырды. Исмайыл әкесінің тапсырма-

сын орындау үшін тас іздеп тауға кеткенде, Жебірейіл 

періште  Ибраһимге  (а.с.)  жұмақтан  тас  алып  келіп, 

Қағбаның бұрышына сол тасты қою керектігін жеткізеді. 

Риуаяттар бойынша, бұл қасиетті тас әуелде қардай 



390

Ислам ғылымхалы

әппақ көргендерді таң қалдырар жұмақтан әкелінген 

екен. Бірақ кейіннен уақыт өте келе адамдардың күнәһар 

қолдары тие-тие қара тасқа айналыпты.

Қасиетті қара тасты Қағбаның бұрышына орналас-

тырумен Қағбаның құрылысы толық аяқталып, Ибраһим 

(а.с.) мен ұлы Исмайыл Раббыларына қол жайып былай-

ша дұға жасап, тілек тіледі:



«Раббымыз! Бізден (бұл істеген ісімізді) қабыл 

ал! Сен (тілегімізді) естуші және білушісің. Ей, Раб-

бымыз, екеумізді де өзіңе ғана бойұсынушы қыл, 

ұрпақтарымыздан да өзіңе ғана бойұсынушы үммет 

жасай  гөр,  әрі  бізге  қажылық  амалдарымызды 

көрсетіп, тәубемізді қабыл ал! Әлбетте, Сен тәубемізді 

қабыл алушы және мейірім етушісің. Ей, Раббымыз 

ұрпағымыздың ішінен оларға аяттарыңды оқитын, 

Кітабыңды және тағылымдарыңды үйрететін, оларды 

(шірктен) тазалайтын елші жібере гөр. Күмәнсіз, сен 

шексіз құдірет иесі Ғазизсің, әр істі орынды істейтін, 

еш нәрсені босқа істемейтін Хакимсің»

399

Қағба – мұсылманшылықтағы таухид

400

 сенімінің 



рәмізі мен нышаны. Қағба – күллі мұсылман баласының 

қияметке  дейін  намаздарында  және  жалпы  барлық 

қайырлы  істерінде  жүздерін  бұратын  және  умра-

қажылықта  басқосар  бірден  бір  киелі  орындары. 

Осы бір киелі де қасиетті мекенде мұсылмандардың 

мүбәрак ауыздарынан шыққан «Ләббәйка Аллаһумма 

Ләббәйк!» тәлбиясы тау-тасты жаңғыртып, жеті қабат 

көкке толқыған күйі самғап, көтеріліп жатады. Қасиетті 

Қағбаның атмосферасы мүлдем ерекше. Оны көрген 

399


 Бақара сүресі, 2/139

400


 Аллаһты бір деп білу.

391

Қажылық

көзге ыстық жас үйіріліп, оны сезген жүрек басқа бір 

ерекше сезімге булығып, ар-ождан адамдықтың биігіне 

қарай серпіліп, бір мезет болсын мына пәни дүниені 

ұмытады.

* * *

Қажылық ғибадатының үкімі

Қажылық ғибадаты шамасы жеткен әрбір адамға 

өмірінде бір рет парыз.

Қажылықтың парыздығының дәлелдері 

(Құран, сүннет, ижмағ)

1. Құран

«Ол жерге баруға шамасы жеткен барлық адамға 

Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етіп, қажылық жасау 

парыз»

401

. «Қажылықты және умраны Аллаһ үшін 

тәмамдаңдар»

402



2. Сүннет

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:



«Ислам діні бес негізден тұрады: Аллаһтан басқа 

тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ 

тарапынан жіберілген шынайы елші екендігіне куәлік 

келтіру, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, 

шамасы келсе қажылыққа бару»

403

  

401


 Әли Имран, 3/97.

402


 Бақара, 2/196.

403


 Тирмизи, Иман, 3; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман,21.

392

Ислам ғылымхалы

«Күмәнсіз,  Аллаһ  Тағала  сендерге  қажылықты 

парыз қылды, қажылықты орындаңыздар»

404



3. Ижмағ

Ислам ғұламалары шамасы жеткен әркімге қажылық 

ғибадатының ғұмырында бір рет парыз екендігіне бір 

пікір білдірген.

Қажы  ғибадатының  парыз  болуы  үшін  қажетті 

шарттар белгілі бір адамда толық болса, оған дереу         

қажылық жасау шарт па?

Қажы  ғибадатының  парыз  болуы  үшін  қажетті 

шарттар белгілі бір адамда толықса, ол кісіге ертерек 

қажылық жасау парыз. Шамасы келе тұра қажылықты 

кешіктірген күнәһар болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): 

«Қажылықты  орындауда  асығыңыздар!  Өйткені, 

сендердің ешқайсыларың өлімнің қай уақытта келіп 

жететінін білмейсіңдер»

405

, – дейді.

Қажылық ғибадатының парыздығының 

шарттары

Белгілі бір адамға қажылық ғибадатының парыз 

болуы үшін төмендегі шарттар орындалуы керек.

1. Мұсылман болу. Мұсылман еместерге қажылық 

парыз емес. Сондықтан мұсылман емес адам қажылық 

ғибадатын орындап болғаннан кейін Ислам дініне кірсе, 

шамасы жеткен жағдайда қайтадан баруы керек.



2. Ақыл – есі дұрыс және балиғат жасына жету.

Балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есі дұрыс 

404

 Муслим, Хаж,412.



405

 Әбу Дәәуд, Мәнасик,5. Ибн Мажә, Мәнасик,1.



393

Қажылық

еместерге қажылық парыз емес. Бұл екеуі қажылықты 

атқарса, сосын бала балиғат жасына жетсе, ақыл есі кем 

адам жазылса, қажылықты шамалары жеткен жағдайда 

қайта орындаулары парыз. Жас баланың балиғат жасына 

дейінгі жасаған қажылығы – нәпіл қажылық саналады.



3. Азат болу. Қажылық ұзақ уақыт атқарылып, ұзақ 

сапарды талап ететіндіктен тұтқындарға, түрмедегілерге, 

құлдарға  қажылық  ғибадаты  парыз  емес.  Өйткені, 

тұтқындарда ондай мүмкіншілік жоқ.



4. Уақыт. Арафат тауында арнайы белгіленген тұру 

уақыты мен зиярат тауабы уақытына өмірі жетпеген адам 

үшін қажылық парыз емес.

5. Қажылық ғибадатын орындауға шамасының 

жетуі

а) Денсаулығы болуы

Денсаулығы нашар, алып жүретін адамы жоқ соқыр, 

ақсақ, сал сияқты ауруларға ұшырағандарға және көлікке 

өздігінен міне алмайтын қарт кісілерге қажылық парыз 

емес.

ә) Қажетті қаражаты болуы

Қажыға барып-келу қаржысын, жолда, қажылықта 

жейтін  азығына  және  әйел  бала-шағасының,  жалпы 

қарауына  міндетті  адамдардың  қажылықтан  қайтып 

оралғанға  дейінгі  қаражатын  көтере  алатын  адамға 

қажылық парыз.



394

Ислам ғылымхалы

б) Баратын жолдың сенімді болуы

Қажылыққа барудың парыз болуы үшін жол сенімді 

болуы  керек.  Баратын  жолда  соғыс  немесе  басқа  да 

қатерлі жағдайлар туындаса, қажылыққа бару парыз 

емес.

Әйелдерге байланысты арнайы шарттар

1.  Қажылыққа  баратын  әйелмен  бірге  күйеуі 

немесе  махрам

406


  туыстарынан  біреуі  болуы  керек. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  хадис  шәрифінде  бұйырған: 



«Әйел адам өзімен бірге махрамы болмаса, үш күннен 

артық сапар шеге алмайды»

407

.  Бұл Ханафи мәзһабында. 

Шафиғи мәзһабында әйел адамның жанында сенімді 

бірнеше тақуа әйелдер болса, махрамсыз қажылық жасай 

алады.


2.  Ғиддетті болмауы

408


  

Қажылыққа баратын әйел күйеуінен талақ немесе 

күйеуінің  қайтыс  болуына  байланысты  шариғаттың 

белгілеген ғиддет мерзімінде болмауы керек. Өйткені, 

Аллаһ  Тағала  мына  аятта  ғиддет  мерзіміндегі 

әйелдердің үйден шығуларына тыйым салған: «Талақ 



қылған әйелдеріңді үйден шығармаңдар, олар да 

шықпасын»

409

.  Қажылықты  басқа  уақытта  өтеуге 

болады. Ал ғиддет белгілі уақытқа арналған.

Сал ауруына душар болған, денсаулығы нашар қарт, 

мүгедек адам, жол көрсететін көмекшісі жоқ соқыр адам-

406

 Исламда әйелдің үйленуі харам болған жақын туыстары.



407

 әш-Шәукәни

408

 Әйел адамның күйеуінен талақ болғаннан кейін немесе күйеуі 



қайтыс болғаннан кейін күтетін белгілі уақыт.

409


 Талақ, 1.

395

Қажылық

дар, жанында бірге баратын махрамы жоқ әйелдер, ше-

телге шығудан мемлекет тарапынан тыйылған, баратын 

жолында қатерге ұшырауы мүмкін адамдар қажылыққа 

өздерінің  орнына  басқа  біреуді  көздерінің  тірісінде 

жіберуіне немесе өзі дүниеден қайтқаннан кейін өкіл 

ретінде барып-келулерін талап етулеріне болады.

Қажылыққа кедергі кейбір жағдайлар

1. Әке – шеше

Әке-шеше  баласының  нәпіл  қажылыққа  немесе 

умраға баруына бөгет жасай алады. Өйткені, Ислам 

дінінде әке-шешеге қызмет ету – жиһад. Бірақ парыз 

қажылыққа бөгет бола алмайды. Парыз қажылықта әке-

шешеден рұқсат сұрау – сүннет.



2. Ихсар

Дұшпанның бөгет болуына немесе ауру сияқты се-

бептерге байланысты қажылық немесе умра жасау үшін 

ихрамға кірген адамның қажылықты немесе умраны 

аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүр болуы. Бұндай 

бөгеттерге мәжбүр боп қалған адамға «мұхсар» делінеді. 

Мұхсар аталмыш бөгеттердің ашылуы мүмкін болмаған 

жағдайда ихрамнан шығады. Шыққан жағдайда құрбан 

шалу міндет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет