Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы



Pdf көрінісі
бет22/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34

Ораза ұстай алмайтындардың жағдайы

347

...

Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия 

беру – уәжіп. Бұлар ауруларының айығуы үміт етілмеген 

жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. 

Олар  оразаның  орнына  әрбір  күні  үшін  бір  кедейді 

тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір 

кедейді отыз күн  таңда және кешке тамақтандыру немесе 

347


 Ескерту:  Құрметті  оқырман!  Кемелдік  қашанда  Ұлы 

Жаратқанға  ғана  тән  қасиет  қой.  Бұл  кітаптың  бірінші  және 

екінші  басылымында  қателікпен  рамазан  оразасын  ұстай 

алмайтындардың беретін фидия мөлшерінің орнына рамазан 

оразасын  әдейі  бұзған  жандардың  кәффарат  ретінде  беретін 

фидия  мөлшері  беріліп  кеткен.  Біз  бұл  қателігімізді  осы 

басылымда ғана байқап жөндедік. Ол үшін оқырмандарымыз-

дан кешірім өтінеміз.



329

алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру 

жеткілікті. Құранда Аллаһ Тағала «Ораза ұстауға шамасы 

келмейтіндер бір жарлының тамағын төлесін»,

348

 – дейді. 



Ибн Аббас бұл аят жайлы былай дейді: «Аят – кәрі адам-

дар үшін түскен. Оразаны өтеу – парыз». Дегенмен кейбір 

қариялар жоқ-жітікті тамақтандыруға шамасы келмесе, 

Аллаһтан кешірім тілейді. «Аллаһ адамға көтере алмай-

тын жүкті бермейді»

349


.

Сол секілді жазылмайтын науқасқа да фидияның 

уәжіп  болғаны  жайлы  Ислам  фақиһтері  арасында 

ауызбірлік бар. Мұндай адамға ораза ұстау парыз емес. 

Оған мына аят дәлел: «Аллаһ сендерге дінде қиыншылық 

жасаған емес»

350

.

Кәффарат түрлері



Қателесіп, әдейі немесе біреудің қинауы арқылы 

жасалған кейбір күнәлардың кешірілуі үшін Исламда 

өтеу жолдарының әрбіріне «кәффарат» делінеді. Бұл 

– әрі ғибадат, әрі осы дүниелік жаза. Фиқһта бес түрлі 

кәффарат бар.

1. Ораза кәффараты

Кімде-кім Рамазанда әдейі ешқандай себепсіз ораза-

сын бұзса, оған кәффарат ретінде бір құлды немесе күңді 

азат етуі, егер оған шамасы жетпесе, екі ай қатарынан 

ораза  ұстауы,  егер  бұған  да  күші  жетпесе,  алпыс 

жоқ-жітікті тамақтандыруы тиіс. Құранда бұл жайлы 

348

 Бақара, 2/184.



349

 Бақара, 2/186.3

350

 Хаж, 22/78.



330

былай делінеді: «Бастаған ізгі істеріңді бұзбаңдар»

351



Пайғамбарымыз  былай  дейді:  «Кімде-кім  Рамазан-



да оразасын бұзса, оған зиһар жасаған адамға тиісті 

(кәффарат) жүктеледі». Бірақ Рамазан оразасынан тыс 

оразаларға тек қана қаза керек.

2. Қателесіп мұсылманды өлтірудің 

кәффараты

Қателесіп бір мұсылманды өлтірген адамға «диәт» 

(құн) өтеу – уәжіп. Мұнымен қоса оған кәффарат өтеуі 

тиіс. Ол – бір құлды азат ету, оған шамасы жетпесе, 

екі ай бойы үзбей ораза ұстау. Құранда «Мұсылманға 

мұсылманды  өлтіру  –  жараспайтын  іс-әрекет.  Бірақ 

қателесіп өлтірсе, бір мұсылман құлды азат етуі әрі өлген 

адамның иесіне құнын төлеуі тиіс»

352

 делінеді.



3. Зиһар кәффараты

Зиһар – Исламнан бұрынғы дәуірде араб әлемінде 

әйелдерді  талақ  етудің  бір  жолы  болатын.  Күйеуі 

әйелін талақ еткісі келсе оған: «Сен маған анамның 

арқасы  секілдісің»  немесе  «Сен  маған  анамдайсың» 

дейтін.  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  заманында  да 

бір сахаба әйеліне ашумен осылай айтады. Кейіннен 

Пайғамбарымызға (с.а.у.) мән-жайды түсіндіріп, өзінің 

кәрі әрі бала-шағасына қарайтын шамасы жоқ екенін 

баян етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сол кезде бұл істің 

үкімін сұрап, Аллаһқа дұға еткенде, мына аят түседі: 

«Расында, Аллаһ ері жайында Аллаһқа шағым айтып, 

сенімен таласқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуінің 

сөйлескендерін де естиді. Аллаһ – толық естуші және 

351

 Мұхаммед, 47/33.



352

 Ниса, 4/92



331

толық көруші. Ей, иман еткендер! Сендерден жұбайларын 

зиһар  еткендердің  әйелдері  аналары  емес.  Олардың 

аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз, олар теріс әрі 

жалған сөз сөйлейді. Шынында, Аллаһ – аса кешірімді 

әрі рақымды. Жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан 

сөздерінен қайтса, әйелінен қосылудан бұрын бір құл азат 

етуі керек. Міне, сендерге осы нұсқау берілді. Аллаһ не 

істегендеріңді толық біледі. Егер құл таба алмаса, әйеліне 

қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза ұстасын. Оған да 

шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл 

Аллаһқа және Елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-

ақ  осы  Аллаһтың  шектері.  Қарсы  болушыларға  жан 

түршігерлік азап бар»

353

. Бір мұсылман кәффарат ретінде 



бір құлды босатып, егер оған шамасы жетпесе, екі ай 

қатарынан ораза ұстайды. Бірақ бір ер кісі әйеліне «Сен 

маған анам секілдісің немесе анама ұқсайсың» деуі оның 

ниетіне байланысты. Егер әйелінің жақсылығын айтқысы 

келсе, оған еш нәрсе керек емес. Зиһарды меңзеген болса, 

зиһар үкімін орындайды. Талақты меңзеген болса, онда 

«байин» талақ деп есептеледі. Ал егер ешқандай ниеті 

жоқ болса, бұл сөз айтылмағандай болып қала береді.



4. Қажылықта ихрам кезінде шаш 

алдырудың кәффараты

Құранда  қажылықта  ихрам  киген  адамдар  үшін 

белгілі  тыйымдар  қойылған.  Міне,  ихрам  кезінде 

уақытынан бұрын шаш алдырмау – осы тыйымдардың 

бірі. Сондықтан ихрам кезінде бір адам басының төрттен 

бірін немесе одан көбін не сақалының төрттен бірін ал-

дырса, жаза ретінде бір құрбан шалуы керек. Төртте 

353


 Мүжаделе, 58/1-4.

332

Ислам ғылымхалы

бірінен  азын  алдырса,  садақа  беру  керек.  (Толығын 

қажылық бөлімінен қараңыз).

5. Ант кәффараты

Аллаһ атымен бір нәрсе үшін ант етіп, кейін осы 

антын бұзған адамға кәффарат керек. Бұл – бір құлды 

азат ету немесе он жоқ-жітіктің бір күндік азығын беру 

немесе он жоқ-жітікті орташа киіммен киіндіру. Егер 

де бұлардың ешбіріне күші жетпесе, үш күн қатар ораза 

ұстау керек. Оразасын толық ұстай алмаған кезде қайта 

басынан ұстау керек. Құранда: «Аллаһ анттарыңдағы 

бос  сөзді  есепке  алмайды.  Алайда,  біле  тұра  берген 

анттарыңнан  жауапкер  етер.  (Ант  бұзсаңдар)  оның 

төлеуі: Үй-іштеріңе орта есеппен жегізетін он жарлы-

ны тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл 

азат ету. Мұны таппаған біреу үш күн ораза ұстау»

354


 – 

делінген. Ант кәффараты үшін он кедейге пітір садақасы 

өлшемінде бір нәрселер беруге болатыны сияқты, бір 

кедейге он күн беруге де болады. Сонымен қатар, бір 

кедейге он күн киім беруге де болады. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім бір нәрсе үшін ант етіп, 

кейін одан жақсысын көрсе, антын бұзып, кәффарат 

берсін»


355

.

Ант түрлері



Ғамус анты

Жалған ант. Бір нәрсені біле тұра әдейі жалған ант 

ету. Мысалы, біреудің қарызын бермегенін біле тұра, 

354


 Маида. 5/89.

355


 Муслим, Иман, 15-16.

333

Зекет

«Аллаһ атымен ант етейін, уаллаһи, биллаһи қарызын 

өтегенмін» деуі секілді. Мұндай ант – үлкен күнә. Мұндай 

антқа Ханафи мәзһабында кәффарат керек емес. Оған 

дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бес нәрсеге кәффарат 

керек емес деп санаған нәрселердің арасында осы ғамус 

түрі де бар

356


.

Лағу анты

Қателесіп  немесе  айтқаным  дұрыс  деп  ойлап, 

ант ету түрі. Мысалы, бермеген қарызын бердім деп 

ойлап,  «уаллаһи,  биллаһи  бердім»  деу  секілді.  Сол 

секілді ант етуді ниет етпестен ант сөзін айтуды әдетке 

айналдырғандықтан,  сөзін  қуаттау  үшін  «уаллаһи, 

биллаһи» деуі. Бұндай антқа кәффарат керек емес.

Мун’ақид анты

Іске асу мүмкіндігі бар және жалпы болашаққа бай-

ланысты бір нәрсе жайлы ант ету: «уаллаһи, биллаһи, 

Аллаһ атымен ант етейін, ертең қарызыңды өтеймін» 

деуі.  Мұндай  антын  орындамаса,  кәффарат  керек. 

Құранда: «Аллаһ біле тұра істеген анттарыңа жауапты 

қылады»

357


, – дейді. Мұсылман адам қолынан келетін 

бір нәрсеге ант берсе, орындауы керек. Мұсылман өзіне 

берген сөзі мен уәдесінде тұрғаны дұрыс. Құранда Аллаһ: 

«Анттарыңды сақтаңдар»

358

, «Аллаһқа берген серттеріңді 



орындаңдар»

359


, – дейді.

356


 Бухари, Әдәб, 6.

357


 Маида, 5/89.

358


 Маида, 5/89.

359


 Нахыл, 16/91.

334

Ислам ғылымхалы

Атау (нәзір)

Атау, нәзір – Аллаһқа ғибадат мақсатымен өзіне 

тікелей міндет жүктелмесе де мүбаһ (адал) бір істі жасауға 

шешім қабылдап, осындай бір істі өзіне уәжіп ету және 

Аллаһқа сөз беруі. Аллаһ үшін ғибадат саналған кейбір 

нәрселерді атау – сауап алуға арқау нәрсе. Мысалы, 

«Аллаһ үшін ертең ораза ұстауды атадым» немесе «Жоқ-

жітікке осынша ақша берейін» деу іспетті. Немесе «Осы 

қиыншылықтан аман-есен өтсем, Аллаһ үшін құрбан 

шаламын» дегендей.

Негізінде мұндай атау иләһи діндерде де кездескен 

ғибадат түрі. Құран Кәрімде Хазіреті Мәриям туралы 

атауды баяндаған: «Сол кезде Имранның әйелі: «Раббым, 

ішімдегіні азат етіп, Саған арнадым, менен қабыл ет!»

360



Және Мәриямға Жебірейіл (а.с.): «Рақымды Аллаһ үшін 



ораза ұстадым. Сондықтан бүгін ешкіммен сөйлеспеймін» 

деп  айт»

361

,  –  дейді.  Аллаһ  мұсылмандарға  «Айтқан 



нәзірлерін орындап, Қағбаны тауап етсін»

362


, – дейді. 

Әлбетте, мұндай атау тек шариғат шеңберінен шықпауы 

керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім 

Аллаһқа бойұсынуды білдіретін нәрсені атаса, орын-

дасын, егер де кімде-кім Аллаһқа қарсы келетін нәрсе 

атаса, Аллаһқа қарсы келмесін»

363

.

Атаудың шарттары



1.  Аталған нәрсенің парыз немесе уәжіп түрінен 

болуы шарт. Мысалы; «Бір апта ораза ұстайын», «Жүз 

360

 Әли Имран, 3/35.



361

 Мәриям, 19/26.

362

 Хаж, 22/29.



363

 Бухари, Әймән, 28.



335

Зекет

рәкат намаз оқиын» немесе «Бір құрбан сояйын» деп 

атаса, бұларды орындау уәжіп. Себебі, мұнда парыз 

бен уәжіп ғибадат түрлері бар. Ал «Науқастың көңілін 

сұрайын», т.б. сияқты атаулар іске аспайды. Өйткені, 

мұнда парыз яки уәжіп жоқ.

2. Атаушының ақылы бүтін және балиғат жасына 

толуы керек.

3.  Аталған нәрсе парыз яки уәжіп түрінен болса, 

мұндай парыз яки уәжіптер басқаға тәуелді болмай өз 

алдына жеке ғибадат болуы керек. Мысалы, «Төрт рәкат 

оқиын» деуі атауға жатса да, «Жақсылап дәрет алайын» 

немесе «Тиләуәт сәждесін жасайын» деу атауға жатпай-

ды. Өйткені дәрет пен тиләуәт сәждесі жеке өз алдына 

ғибадат емес. Керісінше, негізгі ғибадатқа арқау ғана.

4.  Аталған нәрсе сол кезде немесе келешекте ата-

маса да, жасалатын парыз яки уәжіп болмауы керек. 

Мысалы, «Бүгін бесін намазын оқиын» яки Рамазан 

айында «Ертең ораза тұтайын» деуі атауға жатпайды.

5.  Аталған нәрсе Аллаһ пен Оның Елшісіне қарсы 

келетін нәрсе болмауы керек. «Мына ісім оңға басса, 

өзімді Аллаһ жолында құрбан етейін» деген атаулар жа-

рамсыз.

6. Аталған нәрсенің іске асуы – шарасыз болмауы 



керек. «Кеше ораза ұстайын» деген сияқты оны істеу 

мүмкін емес, түсінуге де тиянақсыз болмағаны дұрыс. 

7.  Аталған  малы  немесе  мүлкі  бөгденікі  яки  өз 

иелігіндегі мүлкінен көп болмауы керек. Себебі, адам 

жасай алатын нәрсесін атау керек.


336

Ислам ғылымхалы

Атау түрлері

Атау екіге бөлінеді:

Бірінші – шартты атау.

Кейбір нәрселердің іске асуына байланысты атаулар. 

Мысалы, «Осы дерттен бір құтылсам, ораза ұстайын» 

деуі – шартты атау. Атаған адам науқасынан айыққан 

жағдайда атауды іске асыру – уәжіп.

Шартты атаулар іс жүзеге аспай тұрып орындалса, 

жарамсыз саналады. Мысалы, науқастан айықпай тұрып, 

ораза ұстау.

Ханафи мәзһабында атаудың орындалуы үшін нақты 

белгіленген күні емес, басқа күні ораза ұстауға болатыны 

сияқты нәзірді аталған адамға яки аталған жерге емес, 

басқа адамға, басқа жерге де бере алады. Яғни, белгілеген 

күні емес, басқа күні ораза ұстауына, сол адамға емес, 

басқа адамға беруіне, т.б. болады.



Екінші – шартсыз атаулар. Екіге бөлінеді:

1. Белгіленген атау. Ешқандай шартқа қатыссыз 

белгілі бір уақытта іске асатын атаулар: «Осы аптаның 

жұма түні жүз рәкат намаз оқиын» деп атағанындай. 

Орындай алмаса, қазасын өтейді.

2. Белгіленбеген атау. Қандай да бір шартқа немесе 

заманға  қатыссыз  жалпы  атаулар.  «Бір  апта  ораза 

ұстайын» деуі осыған жатады.

Ал «Бірақ пәленшенің келуі үшін құрбан шаламын» 

деу – дұрыс емес, үлкен күнә. Аллаһқа серік қосу.

Бір адам Аллаһ үшін құрбан атаса, оны өзінің отбасы, 

ата-анасы жемейді. Жей қалған күнде құнын садақа етіп 

тарату керек.


337

Зекет

Иғтиқаф

Иғтиқаф  –  бір  жерде  тұру,  күту,  өзін  бір  жерге 

қамау деген сөз. Фиқһ терминінде – бір мешітте немесе 

соған ұқсас бір жерде иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір 

мезгіл сол жерде қалу. Бұл – уәжіп, мүәккад сүннет және 

мұстахап түрінде үшке бөлінеді. Аталған (иғтиқафқа 

кіремін деп сөз байланған) иғтиқаф – уәжіп, Рамазанның 

соңғы он күніндегі иғтиқаф – кифая жолымен мүәккад 

сүннет. Басқа бір уақытта ғибадат ниетімен бір мешітте 

бір мезгіл иғтиқафта болу – мұстахап. Иғтиқафтың дәлелі 

Құран мен сүннетте бар: Құранда: «Сендер мешіттерде 

иғтиқафта болғанда...

364

. «Менің үйімді (Қағбаны) тауап 



етушілер, ғибадатқа отырушылар, және рүкүғ, сәжде 

етушілер  үшін  тап-таза  ұстаңдар»

365

  –  делінген.  Бұл 



екі аятта да иғтиқаф ғибадаттарына тиісті мешіттерді 

көрсеткен. Айша, ибн Омар, Әнестің (р.а.) риуаятта-

рында былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға 

келгеннен кейін көз жұмғанға дейін Рамазанның ақырғы 

он күнін иғтиқафпен өткізетін

366


.

Иғтиқафтың  мақсаты  –  адамның  оңаша  қалып 

шынайы ықыласпен Аллаһқа бет бұру, оған жақындауға 

тырысуы. Мұның ең аз мерзімі – бір күн.



Иғтиқафтың шарттары

1.  Мұсылман, ақылы түзу, таза болуы керек.

364

 Бақара, 2/187.



365

 Бақара, 2/125.

366

 Бухари, Итиқаф, 1.



338

Ислам ғылымхалы

2.  Хайыз,  нифастағы  әйелдің  иғтиқаф  жасауы 

дұрыс емес. Ғұсылы жоқ адам да сыртқа шығып тазала-

нып келуі керек.

3.  Иғтиқафқа ниет ету керек.

4.  Иғтиқаф мешітте немесе соған ұқсас жерде болуы 

керек. Жамағатпен намаз оқылатын мешітте болады. 

Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) былай дейді «Иғтиқаф – 

жамағатпен намаз оқылатын жерде ғана жасалады». 

Әйелдер болса өз үйлерінің бір бөлмесін мешіт етіп, сол 

жерде жасай алады. Дегенмен, оларға мешітте жасауға 

да болады.

5.  Уәжіп  иғтиқафқа  кірген  адамның  аузы  берік 

болуы керек. Қателесіп аузын ашуы – иғтиқафқа кері 

әсер етпейді. Сүннет иғтиқафта ораза шарт емес. Әйел 

ерінен рұқсат алуы керек.



Иғтиқаф әдебі

1. Иғтиқафты Рамазан айының ақырғы он күнінде 

мешітте жасау.

2.  Иғтиқаф  кезінде  жаман  сөз  сөйлемеу  керек. 

Жақсы, шарапатты сөздер айтылғаны абзал.

3. Иғтиқаф кезінде Құран, хадис, Аллаһты барынша 

зікір етіп, көп салауат айтып, терең ғибадат ету керек. 

Жақсы киім мен хош иіс жаққан абзал.



Иғтиқафты бұзатын нәрселер

1.  Жыныстық  қатынас.  Құранда:  «Мешіттерде 

иғтиқафта болған кезде әйелдеріңе жақындамаңдар»

367


 

– деп айтылады.

367

 Бақара, 2/187.



339

Зекет

2. Иғтиқафтағы мешіттен себепсіз шығу иғтиқафты 

бұзады.  Түнде  немесе  күндіз  сыртқа  әдейі  немесе 

қателесіп шықса, иғтиқаф бұзылады. Бұның мезгілі – Әбу 

Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, бір күннің жарты-

сынан артық уақыт. Әйел мешіт санаған өз бөлмесінен 

себепсіз шықса, иғтиқафы бұзылады. Науқастың көңілін 

сұрау, жаназа намазы, т.б. секілді жағдайлар да иғтиқафқа 

кедергі жасайды. Бірақ аталған иғтиқафта науқасқа бару, 

жаназа оқу шарты қосылса – иғтиқафты бұзбайды.

3. Иғтиқафқа кірген адам бірнеше күн есінен ай-

рылып талып қалса немесе ақылына нұқсандық келсе, 

иғтиқафы бұзылады. Ондай жағдайда кейіннен қайта 

бастауға  тура  келеді.  Бірақ  зәру,  табиғи  жағдаймен 

шыға алады. Сол мешітте жұма намазы оқылмаса, басқа 

мешітке жұма үшін бара алады. Мәжбүр жағдайда басқа 

мешітке  де  көше  алады.  Иғтиқафқа  кірген  адам  сол 

жерде ұйықтап тынығып, тамағын сол жерге алдырып 

тамақтанады.


340

341

IV БӨЛІМ

ЗЕКЕТ

«Олардың малдары көбейіп және 

өздері күнәлардан тазалануы үшін 

мұсылмандардың малдарынан садақа 

ал»

«Тәубе» сүресі

«Аллаһ өсімнің (процент) берекетін 

кетіріп жояды, ал садақасы берілген 

малды берекеттендіріп арттырады»

«Бақара» сүресі

342

343

ЗЕКЕТ

Араб тілінде «зекет» – көбею, өсу, берекеттену, 

тазалық  сияқты  мағыналарды  білдіреді.  Ал  зекеттің 

шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап

368

 көлеміне 



жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының 

белгілі бір бөлігін жылына бір рет Аллаһ Тағаланың 

ризалығы  үшін  Құранда  белгіленген  адамдарға 

иелендіруі.

Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы қалған байлықтың 

көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан 

тазаруына себеп болғандығынан.

Зекеттің пайдалары мен хикметтері

1.  Аллаһ Тағала Құранда өзінің әмірлерін орындап, 

тыйған тыйымдарын жасамаған құлдарын ақыретте сый-

сыяпатқа кенелтіп, өзінің мейіріміне бөлейтіндігі тура-

сында сөз беріп, уәде еткен. Зекет те Аллаһ Тағаланың 

бұйырған  әмірлерінің  біреуі,  сондықтан  орындау-

шысы уәде етілген сый-сыяпатқа кенеліп, Аллаһтың 

ризашылығына шомары сөзсіз. Сонымен қоса6 зекет 

–  «Тәубе»  сүресінің  103-аятында  білдірілгендей 

күнәлардың  кешірілуіне  себеп.  «Олардың  малда-



ры көбейіп және өздері күнәлардан тазалануы үшін 

мұсылмандардың малдарынан садақа ал».

2.  Жалпы  адам  баласының  бойында  дүние-

мүлік, байлыққа деген қомағайлық пен қанағатсыздық 

368


 Нисап: зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.

344

Ислам ғылымхалы

және байлығымен басқаларға тәкаппарлану, паңдану 

сияқты жаман сипаттар бар. Зекет ғибадаты адамды 

осы өзімшілдік, сараңдық, дүниеқорлық, тәкаппарлық 

сияқты жиіркенішті қылықтардан сақтап, кішіпейілдік, 

жомарттық және кеңпейілдік сияқты жақсы сипаттарға 

тәрбиелеп, баулиды. Байлығының бір бөлігін тек қана 

Аллаһ  ризашылығы  үшін  пақыр  отандастары  мен 

діндестеріне тегін беретіндей көңілге ие болған мұсылман 

баласы әрқашан елін, халқын, отанын ойлайтын азаматқа 

айналары сөзсіз.

3. Зекет – қоғамдағы бай мен кедейдің арасындағы 

байланысты жақсартып, бауырмалдыққа тәрбиелейді. 

Мәселен, кедейлерге мейірімділік танытып, жағдайларына 

қарасқандықтан кедей де байларға құрметпен қарап, 

олардың дүние-мүліктеріне сұқ көзденбейді. Қызғанып, 

қастандық ойламайды. Осылайша қоғам бақытты, сенімді 

ғұмыр кешеді.

4.  Зекет – қоғамдағы кедей-кепшіктердің орташа 

өмір сүрулеріне ықпал жасап, мемлекетті әлсіздіктен 

сақтайды.

5.  Зекет – капиталдың тек қана байлардың ара-

сында айналып тұратын күш болуына бөгет жасайды. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Зекет – Исламның көпірі»

369

  

–  деп,  әлеуметтік  өмірдегі  табиғи  түрде  бай,  кедей 



деп  бөлінудің  зекет  арқылы  бір  дастарқан  басына 

жиналатындығын ишарат етуде. Өйткені, зекет – бай 

мен кедейді жақындастыратын маңызды ғибадат.

Ислам діні «Өзім тоқ болсам болды, өзгенің өмірем 



қапқанында шаруам жоқ» немесе «қиындығын сен көр, 

қызығын мен көрейін» – деген сияқты қара басын ғана 

369


 Һайсәйми, Мажма’уз-зәуайд, 3/62.

345

Зекет

ойлайтын өзімшілдікке  қарсы шығу арқылы бай-кедей 

арасындағы қайшылықтардың алдын алады.

Аллаһ  бұл  дүниені  адамдардың  барлығына 

толық  жететіндей  нығметтерімен  безендірген.  Сол 

нығметтерді  әділ  бөліске  салмаған  мына  дүниеде 

көптеген қиыншылықтар кездесуде. Соның кесірінен 

ат төбеліндей ғана топ рахат  өмір сүріп, жай халықтың 

көбі қиыншылық пен жоқшылықтан көз ашпауда. Міне, 

зекет – кірістің таратылуындағы осы теңсіздікті жойып, 

әділеттікті орнататын, байларға жүктелген сауабы мол, 

мәні зор ғибадат. Қысқасы, зекет – хадисте айтылғандай, 

байдың мейірімділігін, кедейдің құрметін тудыратын, 

оларды өзара дәнекерлейтін иләһи көпір.

6.  Зекет ғибадаты – Аллаһ Тағала берген байлыққа 

деген   шүкіршілік. Зекет беруші мұсылман қолындағы 

байлықтың  Аллаһ  Тағала  берген  жақсылық  екенін 

ұғынады. Өзінен де зерек, қабілетті, денсаулығы мықты 

талай  адамдардың  бұл  нығметтен  мақрұм  екендігін 

түсініп, сол нығметтерді өзіне нәсіп еткен Аллаһ Тағалаға 

шүкір етеді. Әр нығмет өзіне сай шүкір талап етеді. 

Ілімнің шүкірі оны басқаға үйретумен, дене мүшеміздің 

шүкірі ораза ұстап, намаз оқу тәрізді ғибадаттармен 

орындалатыны сияқты, байлық нығметінің де шүкірі 

мұқтаждарға көмектесіп, зекет беру арқылы жүзеге асады. 

Яғни, байлық нығметінің шүкірі аузымызбен айтылатын 

«Аллаһқа шүкір» деген сөзбен ғана шектелмейді.

7.  Зекет пәле-жаладан, апаттан, ауру-сырқаудан 

сақтайды. Байлықтың құрып кетуіне тосқауыл жасай-

ды. Пайғамбарымыз: «Малдарыңды зекет беру арқылы 



қорғаңдар, ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер, 

346

Ислам ғылымхалы

тілейтін дұғаларыңмен бастарыңа келетін пәлелерге 

дайындалыңдар»

370


  – деп түсіндіреді.

8.  Зекет – қоғамдағы ұрлық-қарлық, алдап-сулау, 

адам тонау, кісі өлтіру сияқты жаман әдеттердің кеңінен 

жайылуына  бөгет  қояды.  Мұқтаж  адамдардың  өмір 

сүрулеріне керекті материалды көмек зекет сияқты заңды 

жолмен қамтамасыз етілгендіктен, қоғамдағы аталмыш 

болымсыз кереғар көріністер өздігінен тоқтайды.

9.  Барлық мүшесімен бірге қоғам бүтін саналады. 

Әркім өзіне кіріс кіргізу барысында қоғамның басқа 

мүшелерінен тікелей немесе жанама түрде пайдалана-

ды. Байдың байлығының пайда болуында қоғамның да 

ықпалы бар екеніне кім дауласар? Қоғамнан тыс жапан 

далада жеке басы өмір сүргенде қолындағы байлығы 

пайда болар ма еді? Сондықтан байдың байлығында 

кедейдің  де  есесі  бар  екенін  ұмытпағанымыз  жөн. 

Беретін зекетіміз – өмір сүріп жатқан қоғамымызға деген 

рақметіміз бен бізге сол байлық нығметін нәсіп еткен 

Ұлы Жаратушымызға шүкіріміздің белгісі.

10.  Шайтан адамды «Зекет берсең, аш – жалаңаш, 

кедей  болып  қаласың»  –  деп,  қорқытып,  барынша 

азғырады. Шындығында зекет малымыздың азаюына 

емес, көбейіп, өсіп-өнуіне себеп. Құранда бұл шындық 

былай баяндалады: «Шайтан сендерді кедейлікпен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет