Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


}ُهَل  َبِِر ُش اَمِل َمَزْمَز ُءاَم{  «Зәмзәм суын қандай мақсатпен



Pdf көрінісі
бет28/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34

 

}ُهَل  َبِِر ُش اَمِل َمَزْمَز ُءاَم{



 «Зәмзәм суын қандай мақсатпен 

ішетін болса, сол мақсатқа пайдалы»

424


 – деген. Яғни 

424


 Кутубу-ситта, 923/6910.

425

Қажылық

ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық 

болсын деп ішсе, азық болады. Ажар анамыз бен ұлы 

Исмайыл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен 

қоректенген.

* * *

Сағидің дұрыс орындалу шарттары

1.  Сағидің қажылық немесе умра үшін ниет етіп, 

тәлбия айтып, ихрамға кіргеннен кейін жасалуы. Қажы-

лық ғибадатын атқарушыға айттың алғашқы күнінен 

бұрын ихрамнан шығуына болмайды. Егер қажылық 

үшін жасалатын сағиді Арафатта тұрудан бұрын жасаса, 

ихраммен жасаған болады. Ал Арафаттан қайтқаннан 

кейін шайтанға тас лақтырып, құрбан шалғаннан соң 

жасаса, ихрамнан шығып та жасауына болады.

Умра  үшін  істелетін  сағиді  ихрамнан  шықпай 

тұрып жасау – уәжіп. Умра тауабын орындап, сағиді 

жасамастан шашын алып немесе қысқартқан жағдайда 

ихрамнан шыққан болады. Ихрамнан шығып қойғаннан 

кейін жасалған умра сағиі дұрыс деп есептелінеді. Бірақ 

умра сағиін ихрамнан шықпай тұрып жасау – уәжіп 

болғандықтан, жаза өтейді.

2.  Қажылық үшін істелетін сағидің қажылық айла-

рында жасалуы.

3.  Дұрыс  орындалған  тауаптан  кейін  жасалуы. 

Дұрыс орындалған тауап – жүніп, хайыз, нифас күйінде 

жасалмаған тауап.

4.  Тауаптағы  жеті  айналымның  кем  дегенде 

төртеуінің орындалған болуы. Төрт айналымнан кейінгі 

жасалмай қалған әр айналым үшін жаза ретінде садақа 

беру керек.


426

Ислам ғылымхалы

5.  Сағиді Сафа төбесінен бастау.



Сағи уәжіптері

1.  Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кәрілікке 

байланысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен 

жасауларына болады.

2.  Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мәруаға 

бару  –  бір  шаут,  Мәруадан  Сафаға  кері  қайту  –  бір 

шаут)

Сағи сүннеттері

Басқа  ғибадаттар  сияқты  сағидің  де  сүннеттері 

бар. Бұл сүннеттерді орындау – үлкен сауапты іс. Бірақ 

істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.

1.  Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап на-

мазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.

2.  Сағиді дәретпен жасау

3.  Денесінде немесе үстінде намазға кедергі бола-

тындай нәжіс болмау

4.  Сағиді бастамас бұрын қара тасқа сәлем беру

5.  Әр  жүгірісте  Сафа  және  Мәруаның  Қағба 

көрінетіндей жеріне шығу

6.  Әр жүгірісте Сафа және Мәруада жүзді құбылаға 

бұрып, тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау

Тәкбір дегеніміз:{ُرَبْك ُللهأ} «Аллаһу әкбар» деп айту, 

ал, таһлил болса:

 يَلَع َوُه َو ُدْم َحْلا ُهَل َو  ُكْلُمْلا ُهَل ,ُهَل  َكيِر َش لا ُهَد ْحَو ُُلاَّلاإ َهَلإ لا{

}ُريِدََََََََََق ٍء ْيَش ِّلًك



427

Қажылық

 «Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу ла шәрика ләһ, 

ләһул-мулку уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шайин 

қадир» – деу. Мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ. 

Ол  –  жалғыз,  серігі  жоқ.  Барлық  иелік  оныкі  және 

күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті 

жетеді».

7.  Ер кісілердің Сафа мен Мәруа жолында жасыл 

белгілер орналастырылған екі діңгектің арасында адым-

дарын жиі-жиі алып, тез-тез жүрулері, бұған «һәруалә» 

делінеді. Әйелдер һәруалә жасамайды.

8.  Сағи жасау кезінде тәкбір, таһлил айтып, дұға 

жасау.

Сағи қалай жасалады?

Тауап  жасағаннан  кейін  Сафа  төбесіне  барып, 

Хажарул-Әсуәдке  (қара  тас)  сәлем  бергеннен  кейін 

қажылық болса қажылық сағиі үшін, умра болса умра 

сағиі үшін ниет етеді. (Аллаһым, мен сенің ризалығың 

үшін Сафа және Мәруа төбелерінде жеті рет қажылық 

(немесе умра) сағиін жасауды ниет еттім. Бұны маған 

жеңілдет және менен қабыл ал!) Тәкбір, таһлилдермен 

қоса зікір айтып, дұға жасап, Мәруа төбешігіне қарай 

жүреді. Сафадан Мәруаға төрт рет бару және Мәруадан 

Сафаға үш рет қайтумен сағиді аяқтайды. Ер кісілер 

Сафа мен Мәруа жолындағы жасыл белгілер орнатылған 

діңгектердің ортасында жиі-жиі қадамдармен жылдам-

жылдам  жүреді.  Жасыл  белгілерден  өткеннен  кейін 

ақырын жүреді. Әйел адамдар болса тез жүрмейді. Сағи 

қажылық үшін бір рет, умра үшін бір рет жасалады. Нәпіл 

сағи жасалмайды.



428

Ислам ғылымхалы

Шаш алу немесе қысқарту 

(қажылықтың төртінші уәжібі)

Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен 

қысқарту – қажылық және умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ 

Тағала Құран Кәрімде «Одан кейін (шаштарыңды, 



тырнақтарыңды алып) кірлеріңді кетіріңдер...»

425

–  дейді.  Әнас  (Аллаһ  одан  разы  болсын)  былай  деп 



риуаят жасады: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп, 

шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып 

құрбан шалды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал» 

– деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат 

етті. Сосын оны адамдарға бере бастады»

426

.  Шашты 

түгелдей ұстарамен алғызу – қайшымен қысқартудан 

абзал. Әйелдердің шаштарын тықырлап алғызулары 

мәкрүһ.  Шаштарының  ұшынан  кішкене  қысқартса 

жеткілікті.

Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, 

қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында

427


 

алғызу немесе қысқарту – уәжіп. Харам аумағынан басқа 

жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде 

құрбан шалынады.



Шаш алғызудың, қысқартудың мөлшері 

қанша?

Шаштың төртте бірін тақырлатып алғызып немесе 

төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда, бұл міндет 

атқарылған болып, ихрамнан шығады.

425

 Хаж 22/29.



426

 Муслим, Хаж, 323(1305).

427

 Харам  аумағы:  Өсімдіктерін  жұлуға  және  аңдарына,  жалпы 



жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және 

оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.



429

Қажылық

Шашты алғызу мен қысқартудың басқа 

қажылық амалдары арасындағы орындалу 

реті

Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында құрбан 

айтының алғашқы күні Муздәлифәдан Минаға келіп, 

Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған 

соң,  құрбанын  шалды,  сосын  шашын  алғызды  және 

зиярат тауабын жасады. Міне, сондықтан Имам Әбу 

Ханифа бойынша тәматтуғ немесе қиран қажылығын 

ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға 

тас лақтырған соң құрбан шалып, сосын шаш алғызып 

немесе қысқартулары уәжіп. Яғни тәматтуғ және қиран 

қажылығында  Үлкен  шайтанға  тас  лақтыру,  құрбан 

шалу және шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет-

ретімен  орындау  –  уәжіп.  Ал,  ифрад  қажылығында 

Үлкен  шайтанға  тас  лақтырғаннан  кейін  шаштарын 

алғызулары немесе қысқартулары – уәжіп. Бұларды рет-

ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат тауабын осы 

міндеттерді орындағаннан кейін істеу – сүннет. Шайтанға 

тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алғызудан бұрын 

немесе  бұлардың  араларында  зиярат  тауабын  істеу 

сүннетке сай орындалмағаны үшін мәкрүһ, бірақ жаза 

өтеу керек емес.

Имам  Юсуп  пен  Имам  Мұхаммед  бойынша, 

қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және 

шаш алу міндеттерін рет-ретімен орындау уәжіп емес, 

сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да жаза өтелмейді.


430

Ислам ғылымхалы

Шаш алғызу яки қысқартудан кейін қандай 

өзгерістер болады?

Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрам-

нан шығады. Ихрамды уақытта харам етілген әтірлену, 

шаш, сақал бояу сияқты барлық нәрселер қайтадан халал 

болады. Бірақ әйелімен жақындасу – шашты алғызып 

немесе қысқартып, зиярат тауабын жасағаннан кейін 

ғана халал.

Қоштасу (уадағ) тауабы 

(қажылықтың бесінші уәжібі)

Қоштасу (уадағ) тауабы – қажылықтың соңғы амалы. 

Алыстан келген қажылардың отандарына қайтпас бұрын 

ихрамнан шыққан соң қоштасу тауабын жасаулары – 

уәжіп.

Қоштасу тауабының уәжіптігінің шарттары

1.  Қажылықтың  басқа  міндеттерін  атқарған 

болуы

2.  Қажының Әфақи (сырттан келуші) болуы. Миқат 



шекараларының ішінде Харам аумағында тұратындарға 

уәжіп емес.

3.  Әйелдердің  хайыз  және  нифас  болмаулары. 

Хайыз және нифас күйінде Меккеден қайтқандар үшін 

қоштасу тауабы міндеттен түседі. Меккеден шықпас 

бұрын хайыз және нифастан тазаланса, қоштасу тауа-

бын жасау міндеттіліктен түспейді. Умра ғибадатын 

орындаушыларға қоштасу тауабын жасау уәжіп емес.



431

Қажылық

Қоштасу тауабын дұрыс орындаудың 

шарты мен уақыты

Зиярат тауабының жасалған болуы. Зиярат тауа-

бын орындамай тұрып жасалған қоштасу тауабы дұрыс 

болмайды.  Бұл  тауапты  миқаттан  шыққанға  дейінгі 

кез-келген уақытта істей алады. Меккеден шығар кезде 

қоштасу тауабын жасау – абзал. Бірақ одан да бұрын 

жасауға болады. Егер бұрын жасалып қойса, Меккеден 

шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын 

жасаған соң Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап 

жасауға болады. Бұндайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы 

– қоштасу тауабы ретінде есептелінеді.

Қажылық сүннеттері

Қажылықтың  парыздары,  уәжіптері  сияқты 

сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау – үлкен сауапты 

іс. Ал, себепсіз орындамау – мәкрүһ. Бірақ істелмеген 

жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының 

қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде 

көрсеткен  және  «Қажылық  мәнасиктерін

428

  менен 

үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер»

429

, – деп 


бұйырған. Міне, сондықтан кәміл қажылық сүннеттердің 

де  қалдырылмай  толық  орындалуы  арқылы  жүзеге 

аспақ.  Қажылықтың  сүннеттері  «негізгі  сүннеттер» 

және «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ 

сүннеттер қажылықтың парыздары мен уәжіптеріне бай-

ланысты болғандықтан, қажылықтың парыздары мен 

уәжіптерімен бірге қарастырылды. Қазір қажылықтың 

негізгі сүннеттерін ғана жазамыз.

428

 Қажылықтың арнайы амалдары.



429

 Муслим, 2/943.



432

Ислам ғылымхалы

1. Қадум тауабы

Қадум  (араб  тілінде)  –  бару,  жету  сияқты 

мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы – Меккеге келген 

уақытта  Қағбаға  сәлем  ретінде  жасалатын  алғашқы 

тауап. Миқат шекараларының сыртынан келетін ифрад 

және қиран қажылықтарын орындайтын қажылар үшін 

қадум тауабы – сүннет.

Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтын-

дар,  миқат  шекарасының  ішінде  тұратындар,  ифрад 

қажылығын орындаушысы бола тұра Меккеге келме-

стен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты 

жағдайларға  байланысты  бұл  тауапты  жасай  алмай 

Арафатқа шыққан әйелдер қадум тауабын кейін жаса-

майды.


Қадум тауабы Меккеге келген уақыттан бастап, Ара-

фатта уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасала-

ды. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.

2. Қажылық хұтпалары

Қажылықта  үш  жерде  хұтпа  оқылу  –  сүннет. 

Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрын Харам-Шәріфте

430


 

бесін намазынан кейін, екіншісі, Арафа күні түстен кейін 

Нәмира  мешітінде  намаздыгер  уақытында  қосылып, 

бірге оқылатын бесін және намаздыгер намаздарынан 

бұрын, үшіншісі, айттың екінші күні бесін намазынан 

бұрын Минада «Масжидул-Хайфада» оқылады.



3. Арафаға қараған түнді Минада өткізу

Қажылардың  зилхижжаның  8-інші  күні  күн 

шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін, 

430


 Масжидул-Харам.

433

Қажылық

намаздыгер, ақшам, құптан және Арафа күнінің таң на-

мазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа 

баруы – сүннет.



4. Құрбан айтқа қараған түнді 

Муздәлифәда өткізу

Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Ара-

фаттан Муздәлифәға барып түнеп, таң намазынан кейін 

жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.



5. Айт күндерінде Минада қалу

Айт күндерінде яғни, зилхижжаның 10,11,12-інші 

күндері Минада қалып түнеу – Ханафи мәзһабында, 

сүннет, қалған мәзһабтарда – уәжіп.



Қажылық әдептері

1.  Қажылық  ғибадатын  адал  еңбекпен  тапқан 

қаржымен  орындау.  Харам  ақшамен  орындалған 

қажылықпен  парыз  мойнынан  түссе  де,  бұндай 

қажылықтың сауабы болмайды.

2.  Мойнында кісі ақысы

431

 болса өтеу, иелерімен 



халалдасу.

432


 Уақыты келмеген қарыздарды өтеу шарт 

емес.


3.  Қажылыққа  рухани  дайындалу.  Қажылыққа 

бармас бұрын істеген күнәлары үшін шын жүрекпен тәубе 

етіп, қаза болған намаз, оразалары болса, мүмкіншілігіне 

қарай өтеу.

4.  Қажылық ғибадатының қалай орындалатыны 

жайында білетіндерден толық сұрап, үйрену.

5.  Қажылық  ғибадатымен  басқаларға  мақтану, 

біреуге көрсету, паңдану сияқты сезімдер мен жаман 

431

 Елдің қарыздары, жалпы адамдарға байланысты хақтар.



432

 Кешірім сұрап, риза қылу.



434

Ислам ғылымхалы

пікірлерден сақтанып, әрқашан кішіпейіл, ықыласты 

болу.

6.  Жақсы адамдармен қажылыққа бірге бару.



7.  Жолға шығарда және үйге қайтар кезде екі рәкат 

намаз оқу

8.  Бос  уақыттарды  зікір,  дұға,  тәсбих,  салауат 

айтып, Құран оқып өткізу.



435

Қажылық

Қажылық ғибадатының бастан-аяқ толық 

орындалу барысы

1. Ихрам

Қажылық амалдары ихрамға кіру арқылы басталады. 

Ихрамға кірмес бұрын тырнақтарын және қолтықтың, 

ұятты жердің түктерін алып, мүмкіншілік болса ғұсыл

433

 

құйынып, болмаса дәрет алады. Денеге байланысты осы 



аталмыш дайындықтарды атқарғаннан кейін ер кісілер 

әдеттегі киімдерін шешіп, рида

434

 және изар



435

 деп ата-

латын екі бөлік матамен оранады. Бастарына еш нәрсе 

жабуға болмайды. Аяқтарына тәпішке киеді. Ал әйелдер 

әдеттегі киімдерін ауыстырмайды. Оларға тігілген киім, 

жабық аяқ киім, шұлық киюлеріне болады. Тек қана 

беттерін жаппайды. Ер кісілер де, әйел кісілер де мәкрүһ 

уақыт болмаса, екі рәкат «ихрам намазын» оқиды. Бұл 

намаздың бірінші рәкатында «Кафирун» сүресін, екінші 

рәкатында «Ықылас» сүресін оқиды. Одан кейін ниет 

етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіреді.

Ифрад қажылығын орындайтындар

«Аллаһым,  сенің  ризалығың  үшін  қажылық 

ғибадатын орындауға ниет еттім, қажылықты маған 

жеңілдет және оны менен қабыл ал» – деп, тек қана 

қажылыққа ниет етіп, артынан «ЛәббайкАллаһумма 



ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, иннал-

хамда уанни’мәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк»

– деп тәлбия айтады.

433

 Денені толық жуу.



434

 Рида: Белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата.

435

 Изар: Белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата.



436

Ислам ғылымхалы

Тәматтуғ қажылығын орындайтындар

«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра жасауды 

ниет еттім. Умраны маған жеңілдет және менен оны 

қабыл ал» – деп, тек қана умраға ниет етіп, артынан 

тәлбия айтады.



Қиран қажылығын орындайтындар

«Аллаһым,  сенің  ризалығың  үшін  умра  және 

қажылық ғибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық 

пен умраны маған жеңілдет және оларды менен қабыл 

ал» – деп, қажылық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын 

тәлбия айтады.

Ниет  және  тәлбия  айту  арқылы  ихрамға  кіреді. 

Ихрамға  кіргеннен  кейін  ихрамда  тыйылған  барлық 

тыйымдар басталады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы 

тәлбия: «ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка лә 



шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниғмәтә ләкә 

уалмулка лә шәрика ләк» және тәкбір: «Аллаһу әкбар, 

Аллаһу әкбар лә илаһә иллаллоһу уАллаһу әкбар, 

Аллаһу әкбар уә лиллаһилхамд» және тәһлил: «Лә 

иләһә иллаллоһу уахдаһу лә шәрика ләк, ләһул-мулку 

уә ләһул-хамду уә һуа а’ла кулли шайин қадир» – 

дұғалары және Пайғамбарымызға салауат айтылады.

Әсіресе, жоғары шыққан уақытта, төмен түскен 

уақытта,  басқа  қажылармен  кездескен  уақытта, 

намаздардың соңында жалпы әр мүмкіншілікті осындай 

қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек.

Тәлбия  қажылықта  құрбан  айттың  бірінші  күні 

Үлкен  шайтанға  (Ақаба  жәмрасына)  тас  лақтыруды 



437

Қажылық

бастаған уақытта, умрада Мәсжидул-Харамның есігіне 

жеткен уақытта тоқтатылады.

Меккедегі  тұратын  үйіне  немесе  қонақ  үйіне 

барғаннан  кейін,  мүмкіндік  болса,  ғұсыл  болмаса 

дәрет алып, Мәсжидул-Харамға тәлбия айтып барады. 

Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тәкбір және 

тәһлил айтып, дұға жасалады. Парыз намазы оқылып 

жатпаса, дереу тауапқа бастайды.

2. Тауап

Мәсжидул-Харамда  тауап  жасау  «тахйиатул-

мәсжид»  (мешітке  сәлем  беру)  намазы  ретінде 

жүргендіктен, егер парыз намазы оқылып жатпаса, дереу 

тауапты бастайды.

Ифрад қажылығында алғашқы жасалатын тауап – 

«қадум тауабы», ал тәматтуғ және қиран қажылығында 

болса – умра тауабы.

Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер: 

«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қадум тауабын жасау-

ды ниет еттім. Қадум тауабын маған жеңілдет және 

оны менен қабыл ал», – деп ниет етіп, тауапқа бастайды. 

Арафаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының арты-

нан жасалатын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін 

де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін жасалған 

жағдайда, зиярат тауабынан кейін жасалмайды. Егер 

қадум тауабынан кейін қажылық сағиін жасауды қаласа, 



438

Ислам ғылымхалы

бұл  тауапта  «изтиба»

436

  және  «рәмәл»



437

  жасалады. 

Әйелдер изтиба жасамайды.

Қадум тауабынан кейін қажылық сағиі жасалмай-

тын  болса,  тауапта  изтиба  және  рәмәл  жасалмайды. 

Тауап жасаған соң намаз оқи алатындай орын тапса, 

Ибраһим  мақамында,  ал,  егер  қатты  тығыз  болып, 

орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат 

тауап  намазы  оқылып,  артынан  тауап  дұғасы  жаса-

лып, зәмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тәматтуғ және 

қиран қажылығын орындаушылар умра сағиін, ифрад 

қажылығын орындаушылар қажылық сағиін жасаулары-

на болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қажылық 

сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрамды 

күйде қажылықтың қалған амалдарының орындалатын 

күндерін күтеді.

Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек 

қана умра үшін ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, мен 



сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет 

еттім,  умра  тауабын  маған  жеңілдет  және  менен 

қабыл ал», – деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі 

рәкат тауап намазын оқығаннан кейін зәмзәм суын ішеді. 

Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып, 

умра сағиін жасап, шашын алғызып яки қысқартып их-

рамнан шығады. Қажылыққа ниет етіп, қайтадан ихрамға 

кіретін зилхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде их-

рамсыз күйде болады. Зилхижжаның сегізінші күнінде: 

«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын 

436


 Изтиба:  Дененің  үстіңгі  жағындағы  жапқыштың  бір  ұшын 

оң  қолтықтың  астынан  өткізіп,  сол  иыққа  тастап,  оң  қолды 

иықпен бірге ашық тастау.

437


 Рәмәл: Тауаптың алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген 

бойда, қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру.



439

Қажылық

орындауға ниет еттім. Қажылықты маған жеңілдет 

және оны менен қабыл ал», – деп ниет етіп, тәлбия 

айтып,  қайтадан  ихрамға  кіреді.  Нәпіл  тауап  жасап, 

артынан зиярат тауабынан кейін жасалатын қажылық 

сағиін жасауға болады. Нәпіл тауаптан кейін қажылық 

сағиі жасалған жағдайда зиярат тауабынан кейін екінші 

рет жасалмайды.

Қиран қажылығын орындайтындар миқатта ихрамға 

кірер  кезде  умрамен  бірге  қажылық  ғибадатын  да 

орындауды ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, сенің 

ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім. 

Умраны маған жеңіл жаса және оны менен қабыл ал»

– деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, артынан тауап 

намазын оқиды. Сосын зәмзәм суын ішіп, Сафа және 

Мәруа төбелеріне барып, умраның сағиін жасайды. Умра 

сағиін жасаған соң шаштарын алғызуға, қысқартуға бол-

майды. Ихрамнан шықпайды.

Біраз  уақыт  дем  алғаннан  кейін  қадум  тауабын 

жасап,  тауап  намазын  оқыған  соң  қаласа,  қажылық 

сағиін  жасауларына  болады.  Тамматтуғ  және  қиран 

қажылықтарында умра тауаптарынан кейін умраның 

сағиі орындалатындықтан тауапта изтиба және алғашқы 

үш айналымында «рәмәл» жасалады.

Қажылықтың ифрад, тәматтуғ, қиран түрлерінің 

қайсысын орындаса да, барлық қажылар зилхижжаның 

сегізінші күні Меккеден шығып, Минаға барып түнеп, 

ертесі Арафатқа барады немесе сегізінші күні тікелей 

Арафатқа  барады.  Бұдан  кейін  барлық  қажылардың 

орындайтын амалдарында еш өзгеріс жоқ.



440

Ислам ғылымхалы

1. Тәруия күні (зилхижжаның 8-інші күні)

Барлық қажылар тәруия күні (зилхижжаның 8-інші 

күні) таң намазын Меккеде оқиды. Күн шыққаннан кейін 

тәлбия, тәкбір, таһлил айтып, Минаға қарай бет алады. 

Өйткені, Тәруия күні бесін, намаздыгер, ақшам, құптан 

және арафа күнінің таң намазын Минада оқу – сүннет. 

Бірақ қазіргі кезде оңай болсын деп Минаға бармай 

бірден Арафатқа баруда.



2. Арафа күні (зилхижжаның 9-ыншы күні)

Қажылар арафа күні таң намазын Минада оқып, 

күн шыққаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады. 

Түске дейін Арафатқа бару – сүннет. Арафатта түске 

дейін шатырларда ғибадат жасап, дем алады. Түстен 

кейін мүмкіншілікке қарай ғұсыл немесе дәрет алады. 

Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында 

бірге қосып, Намира мешітінде немесе шатырда оқиды. 

Намаздан кейін Арафа тауының «Жәбалул-рахма» деген 

жерінде немесе Арафа тауының кез келген жерінде уақфа

438

 

жасайды. Кәрі кісілер уақфаны өздерінің орналасқан 



шатырларына жақынырақ жерде жасағандары абзал. 

Өйткені  шатырлар  бір-біріне  қатты  ұқсас  және  көп 

болғандықтан адасып кетулері әбден ықтимал. Күні бойы 

күн батқанға дейін тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір айтып, 

дұға жасап, Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін 

сұрап, жалбарынып тілек тілейді.

Қажылар  күн  батқаннан  кейін  ақшам  намазын 

оқымастан Муздәлифәға қарай бет алады. Ақшам және 

құптан  намаздарын  құптан  уақыты  кіргеннен  кейін 

Муздәлифәда бірге қосып оқиды (Муздәлифә уақфасына 

438

 Ғибадат мақсатымен Арафат тауында тұру.



441

Қажылық

қараңыз). Құрбан айтқа қараған түн Муздәлифәда тәлбия, 

тәкбір, таһлил, зікір және истиғфар айтып, ғибадатпен 

және дем алып, тынығумен өткізіледі. Шайтанға тас 

лақтыруда қолдану үшін Муздәлифәдан 70 түйір тас 

жинап  алу  абзал.  Әрине,  басқа  жерден  жинауға  да 

болады.

3. Құрбан айттың бірінші күні 

(зилхижжаның 10-ыншы күні)

Таң  атқаннан  кейін  Муздәлифәда  таң  намазы 

оқылады.Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жа-

салады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек 

тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет 

алады.


Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға 

тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) 

барады. Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа 

(Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты:

} ِهِبْز ِح َو ِناَطْيَّشلِل اًمْغَر ُرَبْكأ ُلأ , ِ َّلا ِم ْسِب{

«Бисмиллаһи,  Аллаһу  әкбар,  рағман  лиш-

шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы: 

«Аллаһтың атымен! Аллаһ ұлы, шайтан және оған 

ергендер қаламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда 

тәлбия айту тоқтатылады.

Үлкен  шайтанға  жеті  тас  лақтырғаннан  кейін 

тәматтуғ  немесе  қиран  қажылығын  орындаушылар 

Харам аумағының кез-келген жерінде мойындарына 

уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл 

жасап шалдырады. Ифрад қажылығын орындаушыларға 

құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан 

шалуларына болады.


442

Ислам ғылымхалы

Ифрад қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан 

тасқа  (Ақаба  жәмрасына)  тас  лақтырғаннан  кейін, 

ал, тәматтуғ және қиран қажылығын орындаушылар 

құрбандарын шалған соң, шаштарын алғызып немесе 

қысқартып ихрамнан шығады. Ихрамда харам болған 

нәрселердің  бәрі  қайтадан  халал  болады.  Тек  қана 

әйелдерімен барғандар зиярат тауабын жасағанға дейін 

жыныстық қатынас жасай алмайды.

Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып зиярат 

тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап 

дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай 

зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауап-

ты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына 

оралатын ихрам матасы) оң қолтықтарының астынан 

өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайды. Риданы 

бұлай орауды «Изтиба» дейді. Әйелдер изтиба істемейді. 

Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін 



«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын 

жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет 

және менен қабыл ал» – деп ниет етеп, Рукнул-Йәмани 

жағынан қара тастың алдына барады. Мүмкіндік болса, 

тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер 

мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі. Қара 

тастың орналасқан бұрышында тауаптың басталатын 

жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтың 

тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтың 

яғни, қара тастың дәл қарсысынан емес кішкене алдыңғы 

жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай 

қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тау-

апты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа 

сәлем береді. Барлық айналымдарда Рукнул-Йәмәни 



443

Қажылық

мен  Рукнул-хажарул-әсуәдтің  арасында  мына  дұға 

оқылады:

 َو .ِراَّنلا باَذَع اَنِق َو ًةَن َس َح ِِةَر ِخلآا يِف َو ًةَنَس َح اَيْنُّدلا يِف اَنِتآ اَنَّبَر{

} َنيِمَلاَعْلا  َّبَر اَي ,ُراَّفَغ اَي ُزيِزَع اَي ,ِراَرْبلأا َعَم َةَّن َجْلااَنْل ِخْدأ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет