Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

 

«Субхана раббиял-’азим» (Аса үлкен Раббым күллі 

кемістік атаулыдан пәк).

175

 Хаж, 22/77.



176

 Бухари, Азан, 120.145.

177

 Дөндерен, 245.



147

Намаз

5. Сәжде

Сәжде сөздікте – бағыну, мойынсұну, кішіпейілдікпен 

иілу, жүзін жерге тигізу деген мағыналарға келеді. Сәжде 

– намаздың парызы. Сәждеде маңдай, жүз, екі аяқ пен 

екі қол, екі тізе жерге немесе жермен жалғасқан бір 

нәрсеге қойылады. Сәжде әрбір рәкатта – екі рет жаса-

лады. Құранда оның парыз болуы туралы: «Ей, иман 

еткендер! Рүкүғ пен сәжде жасаңдар»

178


 – делінеді. 

Нағыз сәжде – жеті мүшемен жасалған сәжде. Жүз, екі 

қол, екі тізе және екі аяқ. Аллаһ Елшісі былай дейді: 

«Мен жеті сүйекпен сәжде етуге әмір етілдім. Бұлар: 

маңдай (қолымен мұрнына ишарат жасады), екі қол, 

екі тізе және екі аяқ»

179


.

Сәждеде маңдай жерге қойылып, мұрын қойылмаса 

да, дұрыс деп есептеледі. Мұндай сәжде себепсіз болса, 

мәкрүһ.  Имам  Ағзам  бойынша,  ешқандай  себепсіз 

маңдай жерге тимей тек қана мұрын тисе де, ол сәжде 

дұрыс  деп  саналады.  Екі  имам  бойынша,  маңдай 

себепсіз тимесе, сәжде дұрыс болмайды. Егер маңдай 

мен мұрында сәждеге кедергі жасайтын себеп шықса, 

сәжде ишарат, белгімен жасалады. Сәждеде екі қол мен 

тізені толықтай жерге тигізу – сүннет. Бірақ екі аяқтың 

немесе бір аяқтың саусақтары жерге тимесе, сәжде дұрыс 

емес. Бұл – парыз. Бір аяқтың бір саусағын ғана жерге 

қою немесе аяқтың үстін ғана жерге тигізу жеткіліксіз. 

Сол секілді сәжде етілетін жер аяқ қойылған жерден он 

екі саусақтай өлшемнен биік тұрса (шамамен 23 см), 

сәжде саналмайды. Бірақ одан төмен дұрыс. Бір мешітте 

адамның көптігінен немесе бір себептермен адамдар бір-

178


 Хаж, 22/77.

179


 Бухари, Азан, 133-134; Муслим, Салат, 226-227.

148

Ислам ғылымхалы

бірінің арқасына сәжде ете алады. Хазіреті Омардың: 



«Тар жерде адамдар бір-бірінің арқасына сәжде етсін»

180


 

– деген сөзі бар.

Бір адамның киімінің таза жерге түскен артығының 

үстіне сәжде ете алады. Бірақ сәждеде қаттылық сезілу 

қажет. Сондықтан мақта, қар, т.б. қаттылығы сезілмейтін 

жұмсақ нәрсенің үстіне сәжде етілмейді. Сол сияқты 

күннің ыстығы мен суығы секілді себептерге байла-

нысты таза жерге қойылған екі қолдың үстіне сәжде 

жасауға болады. Мұндай жағдайда сәлде немесе киімінің 

артығына да сәжде жасай алады.

Рүкүғ пен сәждеде, рүкүғ пен сәжде дұғаларын бір 

рет оқитындай уақыт тұру жеткілікті. Бұл жерде үш рет 

тәсбих оқитындай уақыт тұру парыз емес. Бірақ рүкүғ 

пен сәждеде сүннет бойынша, ең аз дегенде үш рет 

тәсбих оқу керек. Намазды жеке оқыған адам, одан да 

көп тәсбих оқуына болады. Сәждеде оқылатын тәсбих:

} ىَل ْعَلاا َيِّبَر ناحْب ُس {

 «Субхана раббиял-а’лаа» (Аса 

ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк). Әрбір рәкатта 

екі рет сәжде жасалады. Бұлардың бірі орындалмаса, 

намаз бұзылады. Ұмытып, жаңылысып тәрк етіп, бірақ 

кейіннен есіне түссе, сәлемнен кейін есіне түссе де, 

намазға қайшы әрекет жасалмаса, дереу сәждеге барып, 

соңғы отырыс қайталанып, қателік (сәһу) сәждесі жа-

салады


181

.

Сәжде аса маңызды. Аллаһ Елшісі былай дейді: 



«Құлдың Раббысына ең жақын кезі – сәждеге бас қойған 

сәті. Сәждеде көп дұға етіңдер»

182


.

180


 Ханбәл, I, 32.

181


 Білмен, 125.

182


 Муслим, Салат, 215.

149

Намаз

6. Ақырғы отырыс

Намаздың соңында «тәшәһһүд» шамасындай отыру 

– намаздың тіректерінің бірі, яғни парыз. Тәшәһһүд 

шамасы деген – «әт-тахият» дұғасын оқитындай уақыт. 

Қанша рәкат намаз болсын ең соңындағы рәкаттан кейінгі 

отырыс – ақырғы отырыс деп аталады. Аллаһ Елшісінен 

бізге жеткен «әт-тахият» дұғасы:

 َو  ُّيِبَّنلا اَهُّيَأ  َكْيَلَع ُمَلاَّسلأ  ُتاَبِّيَّطلا و  ُتاَوَل َّصلا و ِ َّ ِل  ُتاَّي ِحَّتَأ{

  ُدَه ْشأ  َني ِحِلا َصلا ِلا ِداَبِع ىَلَع َو انْيَلَع ُمَلاَّسلأ ُهُتاَكَرَب َو ِلا ُةَم ْحَر

}ُهُلو ُسَر َو ُهُدْبَع اًدَّم َحُم َّنَأ ُدَه ْشَأ َو ُلا َّلاِإ َهَلِإ َلا ْنَا



«Әт-тахияту лиллаһи уас-салауату уа-таййбату, 

әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллаһи уә 

бәрәкатуһ, әс-сәләәму ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-

саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду 

әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: «Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, 



дүниелік ғибадаттар Аллаһқа лайық. Ей, Пайғамбар! 

Саған  сәлем.  Әрі  саған  Аллаһтың  рақымы  мен 

берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және 

Аллаһтың салихалы құлдарына болсын. Мен Аллаһтан 

өзге  ешқандай  құдай  жоқ  екеніне  және  Хазіреті 

Мұхаммедтің Аллаһтың құлы мен пайғамбары екеніне 

куәлік етемін»

183


.

Ақырғы отырыста тәшәһһүд шамасындай отырудың 

парыздығы мына хадиске сүйенеді: «Аллаһ Елшісі ибн       

Масғудқа тәшәһһүдті үйреткен кезде былай деді: осыны 

айтқан немесе жасаған кезде намазың аяқталады»

184


183


 Бухари, Азан, 148, Муслим, Салат, 56-60.

184


 Әбу Дәәуд, Салат, 178.

150

Ислам ғылымхалы

Яғни,  тәшәһһүдті  оқыған  немесе  оқитындай  мезгіл 

отырған  уақытта  намазың  аяқталады.  Бұл  жерде 

Аллаһ  Елшісі  намаздың  аяқталуын  бір  қимылмен 

байланыстырған. Ол – отыру ісі. Міне, Аллаһ Елшісі 

әт-тахиятты  отырған  кезде  ғана  оқыған.  Сондықтан 

намаздың аяқталуы отыруға байланысты.

Тағдил әркан

Тағдил  әркан  –  рүкүндерді  дұрыстап,  орнымен 

жасау. Бұл – намазда, рүкүғте тұрған уақытта, сәждеде, 

екі сәжде арасындағы отырысқа мән беріп, сол жер-

лерде аздап кідіру. Бұл кідіру – кем дегенде бір рет 

«Субханалллаһи азим» дейтіндей мезгіл. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) намазын апыл-ғұпыл оқыған біреуге былай дейді: 



«Намазға тұрған уақытыңда тәкбір айт. Содан кейін 

Құран аяттарының жеңіл келген бір бөлігін оқы. Содан 

кейін көңіл толатындай рүкүғ жаса, содан кейін көңіл 

толатындай  етіп  сәжде  ет.  Дәл  осылай  намазың 

біткенше жаса»

185


.

Тағдил әркан – Имам Юсуп пен Шафиғи, Малики 

және  Ханбәли  мәзһабтары  бойынша,  намаздың  бір 

парызы. Бірақ Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің 

көзқарасы бойынша – уәжіп. Сондықтан Имам Ағзам мен 

Мұхаммедтің көзқарасына қарай, намазда тағдил әркан 

жасамаған адам қателік (сәһу) сәждесін істеуі қажет. 

Аллаһ Елшісі бір хадисте былай дейді: «Намаздарыңда 



ұрлық жасаған кісі – ұрының ұрысы». Осы кезде сахаба-

лар: «Ей, Аллаһтың Елшісі! Адам намазда қалай ұрлық 



жасайды?», – деді. Сонда ол: «Рүкүғ пен сәжделерін 

185


 Бухари, Азан, 95.

151

Намаз

толық  жасамау  мен  рүкүғ  пен  сәжделерде  белін 

жақсылап тураламау арқылы»,

186


 – деді.

Намаз уәжіптері

Намазға бастағанда – «Аллаһ» есімінің жанына 

ұлылық  мағынасын  білдіретін  бір  сөздің  қосылуы  – 

уәжіп. Мысалы, Аллаһу әкбар, Аллаһу а’зам, т.б.

Намазда  «Фатиха»  сүресін  оқу  –  уәжіп.  Ал 

Шафиғиларда – парыз. Дәлелдері Пайғамбарымыздың 

мына хадисі: «Фатиханы оқымаған адамның намазы 

жоқ»

187


. Ханафилар бұл хадисті «Намазы толық болмай-

ды», – деп түсінгендіктен, намазда «Фатиханы» оқуды 

уәжіп деп қабылдаған.

Намаздың алғашқы екі рәкатында «Фатиханы» бір 

рет оқу және оны қайталамау уәжіп.

Парыз намаздардың алғаш екі рәкатында «Фати-

хадан» кейін басқа бір сүре немесе бір сүре көлеміндей 

аят қосып оқу – уәжіп. Бір хадисте: «Біз намазда Фати-

хамен бірге жеңіл келген аяттарды оқуға әмір етілдік»

188

 

– делінеді. Бірақ үтір мен нәпіл намаздардың барлық 



рәкаттарында «Фатиха» мен кез-келген бір сүрені немесе 

бір сүре көлеміндей аят оқу – уәжіп. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) былай дейді: «Фатихасыз және қосымша сүресіз 

оқылатын ешқандай парыз немесе нәпіл намаз толық 

емес»

189


.

Қырағаттың  намаздың  алғашқы  екі  рәкатында 

оқылуы – уәжіп.

186


 Ханбәл.

187


 Тирмизи, Мәуақит, 69.

188


 Ханбәл, III.2.

189


 Тирмизи, Мәуақит, 69.

152

Ислам ғылымхалы

«Фатиханы» басқа қосымша сүре немесе аяттардан 

бұрын оқу – уәжіп. Бір адам қателесіп, «Фатихадан» 

бұрын бір сүре оқыса, бірақ артынша есіне түсірсе, дереу 

оқып жатқан сүресін немесе аяттарын тоқтатып, «Фа-

тиханы» оқып, соңынан сүре немесе аяттар оқуы тиіс. 

Намаз ақырында қателік (сәһу) сәждесін жасайды.

Жеке намаз оқыған адам бамдат (таң), ақшам және 

құптан намаздарын жария немесе құпия оқуға еркі бар. 

Бірақ бесін, намаздыгер және күндіз оқылатын нәпіл 

намаздарды құпия оқу – уәжіп. Түнде оқылатын нәпіл 

намаздарды адам қалай оқыса да ерікті. Хазіреті Айша-

дан Пайғамбарымыздың (с.а.у.) түнгі намаздарын қалай 

оқитындығын сұрағанда: «Кейде құпия, кейде жария етіп 

те оқитын», – деп жауап берді»

190


.

Жамағатпен  оқылатын  намаздардан  бамдат, 

жұма,  айт,  тарауих  және  үтір  намаздарының  әрбір 

рәкатында  және  ақшам  мен  құптан  намаздарының 

алғашқы екі рәкатында жария оқу, бесін мен намазды-

гер намаздарының барлық рәкаттарында және ақшам 

намаздарының үшінші және құптан намазының соңғы 

екі рәкатында құпия түрде қырағат оқу – уәжіп.

Үтір намазында «құныт» дұғасын оқу мен құныт 

тәкбірін алу Имам Ағзам бойынша – уәжіп. Бірақ Әбу 

Юсуп және Имам Мұхаммедтің көзқарасына қарай– 

сүннет.


Сәждеде маңдаймен бірге мұрынды да жерге қою 

– уәжіп. (Имам Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойын-

ша)

Намаздардың  әрбір  отырысында  «әт-тахият» 



дұғасын оқу – уәжіп.

190


 Нәсаи, Қиямул-Ләйл/23.

153

Намаз

Алғаш  отырыста  «әт-тахиятты»  оқып,  кідірмей 

келесі рәкатты жалғастыру – уәжіп. Сол себепті аздап 

кідіріп қалған адамға парыз қиямды кешіктіргені үшін 

қателік (сәһу) сәждесі қажет. Сәһу сәждесін қажет ететін 

бұл кідіріс – «Аллаһумма салли ала Мухаммад» деп ай-

тылатындай уақыт.

Үш немесе төрт рәкатты намаздарда бірінші отырыс 

–  уәжіп.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  осылай  жасаған. 

Қателесіп,  бірінші  отырысты  отырмай  түрегелген 

уақытта сәһу сәждесін жасаған

191


.

Қазаға қалған бір намазды күндіз жамағатпен оқыса, 

егер ол намаз бамдат намазы секілді жария оқылатын 

намаз болса, онда жария оқылады. Ал, жеке оқылса, 

қалауы еркінде.

Екі айт намазының әрбір рәкатындағы қосымша үш 

тәкбірі – уәжіп. Осы намаздарда бірінші рәкаттардың 

рүкүғ  пен  сәжде  тәкбірлері  –  сүннет.  Бірақ  екінші 

рәкаттың рүкүғ тәкбіріне келсек, уәжіп тәкбірлерінен 

кейін бітісіп айтылғандықтан уәжіп саналған.

Намаздардың  парыздарындағы  ретке  бағыну  – 

уәжіп. Бұл рет – қырағат пен рүкүғ арасында және әрбір 

рәкатта қайталанған әрекеттердегі мәселе. Мысалы: бір 

адам бірінші рәкаттың бір сәждесін тәрк етсе, соңғы 

отырыстан немесе сәлем бергеннен кейін есіне түссе, 

дереу бұл сәждені қаза етеді. Одан кейін тәшәһһүд пен 

отырысты қайталап, оң жаққа сәлем беріп, сәһу сәждесін 

жасайды. Сосын тәшәһһүдке отырады.

Намаз ішінде оқылған сәжде аяты үшін «тиләуәт» 

сәждесін жасау – уәжіп.

191

 Шәукани, II. 273



154

Ислам ғылымхалы

Намазда жаңылысып яки ұмытып қалып қойған 

уәжіптер үшін сәһу сәждесін жасау – уәжіп.

Уәжіптердің  әрқайсысын  өз  орнымен  жасап, 

кешіктірмеу – уәжіп. Мысалы, қырағаттан кейін аз уақыт 

ойға шомып, одан кейін рукуғке бару секілді.

Имам Ағзам мен Имам Мұхаммедтің көзқарасына 

қарай, намаздың рүкүндерде яғни ішкі парыздарында 

көңіл толарлықтай уақыт кідіру – уәжіп.

Намаздардан кейін сәлем беру – уәжіп. Яғни, оң 

мен  сол  жағына  жүзін  бұрып,  «әс-Сәлам»  (сіздерге 

сәлем) деу – уәжіп. «Алайкум уә рахматуллаһ (Аллаһтың 

рақымы сіздерге болсын) сөзі – сүннет. Ханафи мәзһабы 

фақиқтарының басым көпшілігінің көзқарасына қарай, оң 

жаққа «әс-Сәлам» деу арқылы намаз аяқталады. Кейбір 

көзқарас бойынша, сол жаққа сәлем беру – сүннет. Сол 

себепті алғаш сәлемін берген имамға кешіккен адамның 

ұюы дұрыс емес

192

.

Намаз сүннеттері



Сүннет  –  Аллаһ  Елшісінің  үнемі  жасаған  және 

ешқандай себепсіз тастамаған немесе кейде себепсіз 

жасамаған сөз бен іс-әрекеттері. Намазда «субханака» 

дұғасын оқу, т.б. іс-әрекеттер – сүннет. Сүннеттің орын-

далуында сауап бар. Жасалмаса жаза жоқ. Тек қана ай-

ыпталады.

Намаздың  сүннеттері  намаздың  уәжіптерін 

толықтырып,  адамды  артық  сауапқа  кенелтеді. 

Сүннеттерді  орындау,  оны  әрдайым  жасап  отыру  – 

Пайғамбарымызға (с.а.у.) деген шынайы махаббат.

192

 Білмен, 128.



155

Намаз

1. Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан мен 

қамат оқу. Сол секілді жамағатпен оқылатын қаза на-

маздар үшін де азан, қамат – сүннет. Бірақ жамағатпен 

бірнеше қаза намазы оқылатын болса, тек қана бірінші 

намаздан бұрын азан шақырып, қалған намаздарда қамат 

айтылады. Өз үйінде жеке намаз оқитын адам үшін азан 

мен қамат – мұстахап. Жамағатпен оқылатын намаз үшін 

азан, қаматтың айтылмауы – мәкрүһ. Жұмаға қалада бола 

тұрып себепсіз қатыса алмаған жандарға бесін намазын 

оқыр алдында азан мен қамат қажет емес. Әйел заты 

үшін де азан мен қамат сүннет емес.

2. Ифтитах (бастау) тәкбірі үшін қолдарын көтеру 

–  сүннет.  Ер  кісілер  қолдарының  бас  бармақтарын 

құлақтарының жұмсағының тұсына, әйелдер қолдарын 

иықтарына жететіндей кеуделеріне дейін көтеріп «Аллаһу 

әкбар» дейді. Қолды көтерген кезде алақандары ашық 

күйде құбылаға қаратылып, саусақтары еркін тұруы 

керек.  Ханафилар  бұл  жайлы  мынандай  хадистерге 

сүйенеді: 

 َرَّبَك اَذِإ َمَّلَسَو ِهْيَلَع َُّلا ىَّل َص  ُّيِبَّنلا َناَك َلاَق  ٍبِزاَع ِنْب ِءاَرَبْلا نَع

ِهْيَنُذُأ  ْنِم اًبيِرَق ِهْيَماَهْبِإ ىَرَن ىَّت َح ِهْيَدَي َعَفَر

Бәра ибн А’зиб (р.а.) былай дейді: «Аллаһ Елшісі 

тәкбір  келтірген  кезде  қолдарын  көтеретін.  Сонда 

екі  басбармағының  екі  құлағына  жақын  болғанын 

көретінбіз»

193


Әнәс  ибн  Мәликтен  мына  хидис  риуаят  етілді: 



«Пайғамбарымыз (с.а.у.) намазды бастаған кезде тәкбір 

айтатын да қолдарының екі басбармағын екі құлағының 

193


 Сунануд-Дарәқутни, 3-том, 245-бет. Муснад Ахмад.

156

Ислам ғылымхалы

тұсына  дейін көтеретін»

194

. Дәрәқутни бұл хадисті 

сахих деген. 

 اَذِإ َناَك َمَّل َسَو ِهْيَلَع َُّلا ىَّل َص ِ َّلا َلو ُسَر َّنَأ  ِثِرْيَو ُحْلا ِنْب  ِكِلاَم  ْنَع

ِهْيَنُذُأ اَمِهِب  َيِذا َحُي ىَّت َح ِهْيَدَي َعَفَر َرَّبَك

Мәлик ибн әл-Хуайристен риуаят етілген басқа бір 

хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкбір айтқан кезде 

қолдарын құлақтарының тұсына дейін көтеретін...»

195

 

Шафиғи  мен  Маликилер  ибн  Омардың:  «Аллаһ 



Елшісі (с.а.у.) намазға бастаған кезде екі қолын иығының 

деңгейіне жететіндей көтерді» – деген хадисі бойынша 

амал етеді. 

Ханафи  мәзһабында  намазда  бір-ақ  жерде  қол 

көтеріледі. Намазға бастаған уақытта ғана. Ал рүкүғке 

барғанда және қайтқан кезде тәкбір айтылғанмен қолдар 

көтерілмейді. Бұған байланысты көптеген сахих хади-

стер бар. Мысалы:

 ِ َّلا ِلو ُسَر َة َلا َص ْمُكِب يِّل َصُأ  َلاَأ َلاَق ُهَّنَأ ِ َّلا ِدْبَع  ْنَع َةَمَقْلَع  ْنَع

ًةَد ِحاَو ًةَّرَم  َّلاِإ ِهْيَدَي  ْعَفْرَي ْمَلَف ىَّل َصَف َمَّل َسَو ِهْيَلَع ُ َّلا ىَّل َص

Алқама Абдуллаһтан риуаят етті: Ол (Абдуллаһ 

ибн Мәсғуд): «Мен сендерге Аллаһ Елшісінің нама-

зын оқып көрсетейін бе? -деп намаз оқыды. Намаз-

да екі қолын  бір-ақ рет көтерді». Бұл хадис Насайи-

де келтірілген. Дәрежесі сахих. Сондай-ақ, бұл хадис 

Ибн Әби Шәйбада да келтірілген. Оның риуаятындағы 

жеткізген жеткізушілердің бәрі Бухари мен Муслимнің 

шартына сай. Тек Асым ғана Бухаридің шартына сай 

194


 әд-Дарәқутни.

195


 Муслим, әс-Салат.

157

Намаз

емес. Бірақ Муслимнің шартына сай. Бұл хадис тағы да  

Ахмадтың «Муснадында» келген

196


.  

Ханафи ғалымдары рүкүғқа барарда және рүкүғдан 

қайтқанда қол көтерілетіндігіне  байланысты хадистерді 

емес, Ибн Масғудтың осы хадисін негізге алған. Себебі, 

Ибн Масғуд сахабалардың арасындағы ең көп фиқһ 

білімін меңгерген әрі жас жағынан да ең үлкені еді. 

3. Имамға ұйыған адамның ифтитах (бастау) тәкбірі 

имамның  ифтитах  тәкбіріне  жақын  болуы  –  сүннет. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы былай дейді: «Имам 

тәкбір алысымен, сен де тәкбір ал»

197


.

Оң қолын сол қолының үстіне қою. Яғни, тәкбір 

алып, қол байланған кез. Хазіреті Алидің бір риуаятын-

да: «Оң қолды сол қолдың үстіне, кіндіктің астына қою 

сүннеттен»

198


 يف هلامش ىلع هنيمي عضو ملسو هيلع لا ىلص يبنلا تيأر

ةرسلا تحت ةلاصلا

Уайл  ибн  Хужр:  «Расулаллаһтың  оң  қолын  сол 



қолының үстіне әрі кіндігінің астына қойғанын көрдім»

–  деді


199

. (Бұл хадисті Әбу Бәкір ибн Әби Шайба риуаят 

етті. Хадистің дәрежесі сахих.) 

196


 Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 3-том, 70-71 бет.  Дарул-кутубул-

ғилмия, Байрут. 1997 ж.

197

 Бухари, Салат, 18; Муслим, Салат, 62.



198

 Әбу Дәәуд, Салат. 118.

199

 Әсғад  Мухаммад  Сағид  әс-Сағиржи,  Фиқһул ханафи 



уә  адиллатуһ,  163-бет.  Дәрул-калимут-таййб,  Димашқ. 

Рахматуллаһи Абдунғаний Ибараһим Халил, Нақлул ихтилаф 

биқасдил-и′тиләф,  77-бет.  Сауд  Арабия,  Әл-мактабатул-

мәккиаһ. 2000 ж.



158

Ислам ғылымхалы

   Ерлер оң қолының іш жағын сол қолының үстіне 

қойып, бас бармақ пен шынашақ арқылы білекті орайды. 

Әйелдер  екі  қолын  кеудесіне  апарып,  оң  қолын  сол 

қолының үстіне қояды. Бірақ саусақтарымен білектерін 

орамайды.

4. «Субханака» дұғасын оқу. Яғни, ифтитах (бастау) 

тәкбірінен кейін құпия түрде «сәна» (мадақ) дұғасын оқу 

– сүннет. Ол төмендегідей: 

َكَراَبَت َو َكِدْم َحِب َو َّمُهَّللا  َكَنا َحْب ُس { 

} َكُرْيَغ َهَلِإ َلا َو َكُّد َج  َىلاَعَت َو  َكُم ْسا

 «Субханака Аллаһумма 

уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука 

уә ләә-иләһә ғайрука».

«Я, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс 

пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, 

мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және 

де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай 

жоқ».


Аллаһ Елшісінің намазды бастаған сәтте осы дұғаны 

оқығандығын Хазіреті Айша жеткізген

200

.

5. Алғашқы рәкатта – «Фатихадан» бұрын құпия 



түрде  «Ә’узу  мен  Бисмиллаһтың»  оқылуы  және 

келесі  рәкаттарда  –  «Фатихадан»  бұрын  Бисмиллаһ 

оқылуы  –  сүннет.  Ә’узу  мынау:   

ِنا َطْيشلا   َنِم  ِلاِب  ُذوُعَأ 

ِمي ِجَرلا

  «Ә’узу  биллаһи  минаш-шайтанир-ражим» 

(илаһи рақымдылықтан қуылған шайтаннан Аллаһқа 

сиынамын). Мұның айтылу дәлелі Құранда: «Құран 

оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын»

201

 

«Бисмиллаһир-рахманир-рахим» (Рахман және Рахим 

Аллаһтың атымен бастаймын). Бірақ имамға ұйыған «Фа-

200

 Муслим, Мусафирин, 202.



201

 Нахыл, 16/98.»



159

Намаз

тиханы» оқымайтындықтан, «Ә’узу» мен «Бисмиллаһты» 

да оқымайды.

6. «Фатиха» біткенде іштей «әмин» (дұғаларымызды 

қабыл  ет)  деу  –  сүннет.  Хазіреті  Пайғамбарымыз 

(с.а.у.):



«Имам  «уәладдаллин»  деген  уақытта  сендер 

де  «әмин»  деңдер,  кім  де  кімнің  «әмин»  деуі 

періштелердің  «әмин»  деуіне  дәл  келсе,  жасаған 

күнәлары кешіріледі», – деген.

202


7. Имамның айтатын тәкбірлері мен рүкүғтен тұрған 

кезінде:


} ُهَدِم َح  ْنَمِل ُلا َعِمَس{  

 «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ» 

(Аллаһ өзін мадақтаған жанның мадағын естиді) сөзі 

мен намаздың соңында екі жаққа жария түрде сәлем 

беруі – сүннет. Сонымен қатар имамға ұйығандардың 

рүкүғтен тұрған кезінде құпия түрде: 

}ُدْم َحْلا  َكَل َو اَنَّبَر َّمُهلَّلأ{ 



«Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд» (Ей, Раббымыз 

Аллаһ! Хамд пен мадақ саған ғана лайық) деуі мен тәкбір 

мен сәлемді құпиялап айтуы – сүннет. Жария оқудың 

ең төмені – алғаш саптағы адамдар еститіндей болуы 

керек. Құпия оқудың ең төмені – өзіне ең жақын адамның 

естуі.


8. Рүкүғ пен сәждеге барарда және тұрғанда алы-

натын  тәкбір  –  сүннет,  Абдуллаһ  ибн  Масғуд  (р.а.) 

Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  осылай  тәкбір  алғанын 

көргенін айтады

203

. Бірақ рүкүғтен тұрған кезде, «Сәми’ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет