Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет11/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34

Аллаһу лимән хамидаһ» деп айтылады. Рүкүғқа ба-

рарда  және  қайтарда  тәкбір  айтылғанмен  қолдар 

көтерілмейді.

202


 Бұхари/1-108.Хадисті Әбу Һурайра риуаят етеді..

203


 Бухари, Азан, 116

160

Ислам ғылымхалы

9. Рүкүғтен тұрып жатқан кезде, «Сәми’ Аллаһу 



лимән хамидаһ» деп, артынан «Раббәнә уә ләкәл-хамд» 

деу де – сүннет. Имам әуелгісін – жария, кейінгісін – 

құпия айтады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Имам Сәми’ 

Аллаһу лимән хамидаһ» деген кезде, сендер «Раббәнәә 

уә ләкәл-хамд» деңдер», – дейді

204


.

10. Рүкүғ  пен  сәжде  тәсбихтары  –  сүннет. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Кімде-кім  рүкүғке  барған 

кезде, үш рет «Субхана Раббиял-а’ла» десін. Бұл сан – 

тәсбихтың ең аз мөлшері»

205

 – деп айтқан.

11. Рүкүғте ер кісілердің қолдары мен саусақтардың 

арасы ашық түрде тізелерге қойылуы – сүннет. Әйелдер 

тек қана қолдарын тізелерінің үстіне қоюмен шектеледі. 

Сонымен қатар ер кісілердің рүкүғте түрегеп тік тұрулары, 

бастарын арқасымен тең ұстап, одан жоғары көтермеулері 

де, төмен түсірмеулері де сүннет. Әйелдердің тізелері 

аздап бүгіледі.

12. Қиямда (түрегеп тұрғанда) екі аяқ арасын иықтың  

көлеміндей ашық ұстау – сүннет.

13. Сәждеге бара жатқанда алдымен тізелерді, одан 

кейін қолдарды, одан кейін маңдайды жерге тигізу. 

14. Сәжде отырыстары мен тәшәһһүд отырыста-

рында сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тік ұстап, 

саусақтарын құбылаға қарату – сүннет. Әйелдер сол 

аяқтарын оң жағына жатқызып жерге отырады.

15. Отырыстарда және сәжде арасындағы кідірме 

отырыстарда қолдарын тізеге жақын сандарының үстіне 

қою.


204

 Бухари, Азан, 52.

205

 Ибн Мажә, Иқамә, 20.



161

Намаз

16. Отырыстарда әт-тахиятты оқығанда «Ләә иләһә» 

деген кезде оң қолының сұқ саусағын көтеріп, «иллаллаһ» 

деп, қайта түсірілуі – сүннет. Сұқ саусақ көтерілгенде, 

қалған саусақтар бүгіледі. Бұл – Аллаһтан басқа құдай 

жоқтығын қуаттаудың белгісі.

206

17. Парыз  намаздардың  үшінші,  төртінші 



рәкаттарында «Фатиха» оқу қуатты көзқарастарға қарай 

– сүннет.

18. Парыз, уәжіп және мүәккәд сүннеттердің соңғы 

отырыстарында және бекітілмеген сүннет пен пәпіл 

намаздардың да әрбір отырыстарында әт-тахияттан кейін 

Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айту – сүннет. 

Қа’б ибн Ужра (р.а.) намаздағы салауаттың баста-

луын былайша баяндайды: «Хазреті Пайғамбар біздің 



жанымызға келді. Біз оған: «Пайғамбарым, Аллаһ бізге 

саған қалай сәлем беретінімізді үйретті. Сен де бізге 

саған қалай салауат айту керек екенін үйрет», – дедік. 

Сонда ол салауат дұғасын былайша баян етті:

 ىَلع  َتْيَّل َص امَك ٍدمحُم ِلآ ىَلع َو ٍدَّم َحُم  َىلع ِّل َص َّمُهللأ{

 ٍدَّم َحُم  َىلع  ْكِراَب َو  ٌديجَم ٌديم َح  َكَّنِا َميِهاَرْبِا ِلآ ىلع َو َميِهاَرْبِا

  َكَّنِا َميِهاَرْبِا ِلآ ىلع َو َميِهاَرْبِا ىَلع  َتْكَراَب امَك ٍدمحُم ِلآ ىَلع َو

}ٌدي ِجَم ٌديم َح



«Аллаһумма салли а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли 

Мухаммәд. Кәмәә салайта а’ла Ибраһимә уә а’ла әли 

Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а’ла 

Мухаммадин уә а’ла әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә 

а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун 

мәжиид».

206


 Тирмизи, Салат, 84.

162

Ислам ғылымхалы

«Я, Аллаһым! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке 

және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, 

олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және 

оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың 

мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазреті Мұхаммед пен 

оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-

берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим және 

оның отбасы мен ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. 

Күмәнсіз,  Сен  –  Хамидсің,  мәжидсің.  Яғни  барлық 

мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән». Хазреті 

Ибраһимнің айтылуы – оған үлкен берекет берілгендігі 

үшін. Әрі Пайғамбарымыз да (с.а.у.) соның ұрпағынан 

келеді.


19. Сәлемнен  бұрын  дұға  оқылуы  –  сүннет.  Бұл 

дұғаға  Құран  мен  Пайғамбарымыздың  (с.а.у.)  сахих 

дұғаларының таңдалуы абзал. Намазда оқылатын дұға:

}ِراَّنلا  َباذَع اَنِق َو ًةَن َس َح ِةَر ِخلآا ِيف َو ًةنَس َح اَيْنُّدلا ىف اَنِتآ انَّبَر{



«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-

әәхирати хасанатән. Уә қинәә а’зәбән-нәр». Яғни, 

«Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де 

жақсылық  бер.  Және  бізді  жәһаннам  азабынан 

сақта».

20. Намаз соңында алдымен – оңға, сонан соң – солға 

сәлем беру – сүннет.

21. Намазда алдына қалтқы қою – сүннет. Яғни, 

ашық жерлерде намаз оқыған адам, алдынан басқалар 

өтпеу үшін алдына 60-70 сантиметрдей қалың немесе 

жіңішке ағаш немесе қазық, т.б. қадайды. Жамағатпен 

оқылатын  намазда  имамның  алдына  ғана  қойылуы 



163

Намаз

жеткілікті. Намаз оқыған кісі алдынан өтпекші болған 

адамға «Субханаллаһ» деп ескерте алады

207


.

«Фатиха сүресінен»  кейін «әминді» іштей 

яки жария айту мәселесі

Кейбір мұсылмандар: «Намазда «Фатиха» 

сүресінен кейін «Әминді» іштен айтуға  

байланысты Ханафи мәзһабының  дұрыс 

дәлелі жоқ. Ең дұрысы «жария» айту» деп 

уағыздап жүр. Осы дұрыс па?

Ханафи мәзһабының қай амалы болсын дәлелсіз 

алынбаған.  Ал,  кей  дәлелдердің  жазылмауы  фиқһ 

кітаптарының халыққа жеңілдігін көздеп қысқартып 

бергендікте.  «Әминді»  іштен  айтуға  келетін  болсақ, 

оған Ханафи ғұламаларының көптеген дәлелдері бар. 

Мысалы:

•   Пайғамбарымыз (с.а.у.):



  َلاَق اَذِإ  َلاَق َمَّلَسَو ِهْيَلَع َُّلا ىَّل َص ِ َّلا َلو ُسَر َّنَأ َةَرْيَرُه يِبَأ  ْنَع

 ُهَّنِإَف  َنيِمآ اوُلوُقَف }  َنيِّلا َّضلا  َلاَو ْمِهْيَلَع  ِبو ُضْغَمْلا ِرْيَغ { ُماَمِ ْلا

ِهِبْنَذ  ْنِم َمَّدَقَت اَم ُهَل َرِفُغ ِةَكِئ َلاَمْلا َلْوَق ُهُلْوَق َقَفاَو  ْنَم

 «Имам «Ғайрил-мағдуби алайһим уәладдаллин» 

деген кезде сендер де «әмин» деңдер, кімде-кімнің 

«әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне дәл келсе, 

жасаған күнәлары кешіріледі», – деген. (Бұхари/1-108. 

Хадисті Әбу Һурайра риуаят етті).

•  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  басқа  бір  хадисінде 

былай деген:

207

 Білмен, 132.



164

Ислам ғылымхалы

  َلاَق اَذِإ َمَّل َسَو ِهْيَلَع َُّلا ىَّل َص ِ َّلا ُلو ُسَر َلاَق َلاَق َةَرْيَرُه يِبَأ  ْنَع

  َّنِإَف  َنيِمآ اوُلوُقَف }  َنيِّلا َّضلا  َلاَو ْمِهْيَلَع  ِبو ُضْغَمْلا ِرْيَغ { ُماَمِ ْلا

  َنيِمْأَت ُهُنيِمْأَت  َقَفاَو  ْنَمَف َنيِمآ  ُلوُقَي َماَمِ ْلا َّنِإَو َنيِمآ  ُلوُقَت َةَكِئ َلاَمْلا

ِهِبْنَذ  ْنِم َمَّدَقَت اَم ُهَل َرِفُغ ِةَكِئ َلاَمْلا

 «Имам «ғайрилмағдуби ғалайһим уәләддаллин» 

деген  уақытта  сендер  де  «әмин»  деңдер.  Себебі, 

періштелер «әмин» дейді, имам да «әмин» дейді. Кім 

де кімнің «әмин» деуі періштелердің «әмин» деуіне 

дәл келсе, жасаған күнәлары кешіріледі». Хадисті Әбу 

Һурайра риуаят еткен. Хадистің дәрежесі сахих.

Ханафи  ғалымдары  бұл  хадистегі  «имам  да 

әмин дейді» сөзін негізге алып, «әминді» іштей айту 

сүннет деген. Себебі, «әмин» сөзін егер имам жария 

айтатын болғанда Пайғамбарымыздың «имам да әмин 

дейді» деп, имамның да «әмин» дейтіндігін жамағатқа 

білдіруінің қажеті болмас еді. Яғни, періштелер мен 

имамның әмин деуі жамағатқа естілмейтін болғандықтан 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  «себебі,  періштелер  «әмин» 

дейді, имам да «әмин» дейді» деп, олардың да «әмин» деп 

айтатындығын білдіріп тұр. (Дұрысы Аллаһқа мәлім).

•  «Әмин» сөзі – «Дұғамызды, тілегімізді қабыл 

ал!» – деген мағынаны білдіретін дұға. Cахих Бухари 

кітабында «әмин» сөзіне «дұға» деп түсінік берілген. Ал, 

дұғаның іштен айтылуы абзал. Құранда: «Раббыларыңа 



жалбарынып, іштей (құпия) тілеңдер!» – делінеді. 

(«Ағраф» сүресі/55). Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Іштей 



тілек – жария жетпіс тілекке тең» – дегенін де ескерер 

болсақ, «әмин» дұғасын құпия айту абзал. Намаздағы 

«субхана раббиял-ағла», «субхана раббиял-азим», «суб-


165

Намаз

ханака», «әт-тәхият» секілді басқа барлық дұғалардың 

іштей айтылатындығы «әминнің» құпия айтылуына тағы 

бір дәлел.

•  Әмин  дұғасы  «әғузу  билләһи»  дұғасынан 

артық емес. Өйткені, «Нахл» сүресінде Құран оқыған 

кезде міндетті түрде «әғузуді» айту керектігі: «Құран 

оқыған кезде қуылған шайтаннан Аллаһқа сыйын» 

– деп бұйырылған. «Әғузу» дұғасы осы ерекшелігіне 

қарамастан намазда құпия айтылады. Сондықтан әминнің 

де құпия айтылуы абзал. Себебі, «әмин» Құранның сөзі 

емес.

•  Бұған  қоса,  бізге  жеткен  ешбір  хадисте 



пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әминді» дауыстап айтыңдар» 

деп  кесіп  айтқан  бұйрығы  жоқ.  Керісінше,  «имам 

уәләддаллин деген кезде «әмин» деп айтыңдар делінген. 

Ал Бухари және Муслимдегі «имам әмин деген кезде 



сендер де әмин деңдер» деген хадисіне келер болсақ, бұл 

хадис те «әминнің жария айтылуына нақты дәлел емес. 

Себебі, бұл хадистегі «имам әмин деген кезде» тіркесін 

Ханафи және Малики ғұламалары және басқа да Хафиз 

Ибн Хажар секілді хадис ғұламалары:  «Имам әмин дейтін 

жерге келген кезде яки әмин дейін деген кезде» – деп 

түсінген. «Әмин» сөзін имам мен жамағаттың бір сәтте 

айтуы үшін осылай түсінілуі қажет. Бұлай болмағанда, 

имам «әмин» деп қойғаннан кейін ғана жамағат «әмин» 

дей алады. Оған дәлел басқа бір хадисте «имам тәкбір 

алғанда,  сендер  де  тәкбір  алыңдар»  делінгендіктен, 

имам тәкбір алғаннан кейін барып жамағат тәкбір алады. 

Имамның тәкбірінен жамағаттың тәкбірі сәл кеш айты-

латыны мәлім. Жоғарыда келтірген «Имам уәләддаллин 

деген кезде, әмин деңдер» – деген  хадис пен «Имам 


166

Ислам ғылымхалы

әмин деген кезде, әмин деңдер» – деген осы екі хадистің 

мағыналарындағы қарама-қайшылықты болдырмау үшін 

Ибн Хажар әл-Асқалани осылай жорамалдау керек деген. 

(Мухаддис Зафар Ахмад, Илаус-сунан, 2-том, 231-бет).   

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Имам әмин деген кезде» 

деген тіркесін «әмин дейін деген кезде» деп түсінуіміздің 

тағы мынандай негізі бар. Барлық ғұламалар Құрандағы: 

«Намазға тұрған кезде  жүздеріңді және қолдарыңды 

шынтақтарыңа дейін жуыңдар. Әрі бастарыңа мәсіх 

тартып, аяқтарыңды жуыңдар» – деген аятындағы 

«намазға тұрған кезде» делінген тіркесті «намазға 

тұрарда» – деп бірауыздан түсінген. Себебі, намазға 

тұрып қойғаннан кейін дәреттің алынбайтындығы айт-

паса да түсінікті. 

•  Насруддин Әлбани өзінің «Тәмәмул-минна фит-

талиқ ала фиқһус-сунна» атты кітабында былай дейді: 

«Жамағаттың да имаммен бірге «әминді» дауыстап 

айтуы керек дейтіндердің: «Зубайр және артындағылар 

әминді айтқанда мешіт жаңғырып кетті» делінген 

дәлелдерінен басқа дәйектері жоқ. Бірақ мұның өзі 

«әминді» жамағаттың да дауыстап айтуына дәлел емес. 

Себебі, бұл Пайғамбарымызға (с.а.у.) жетпей қалған 

(марфуғ болмаған) сөз. Пайғамбарымыздың дауыстап 

айтқанына байланысты бірқатар хадистер бар. Бірақ 

ешбірінде Аллаһ Елшісінің артындағы сахабалардың 

да қосылып әминді жария айтқандығы айтылмаған. 

Әминнің дұға екені белгілі. Негізінде, дұға іштей айты-

лады. Өйткені Аллаһ Тағала «Раббыларыңа жалбары-

нып, іштей (құпия)  тілеңдер!» деген. Ал бұдан айну 

үшін оған сахих дәйек керек». (Мухаммад Насруддин 

Әлбани, Тәмәмул-минна фит-та'лиқ ала фиқһус-сунна, 


167

Намаз

177-бет, Мәктабатул-исламия, Дарур-райа лин-нашр, 

2-басылым, 1988 ж).

Бұл  –  бүгінгі  таңда  мәзһаб  ұстанбайтындардың 

шейхы  саналатын  Насруддин  Әлбанидің  өз  сөздері. 

Оның  ойынша,  пайғамбарымызбен  (с.а.у.)  қосылып 

сахабалардың да әминді жария айтқандығына байланыс-

ты нақты сахих хадис жоқ.  

Ал  хазреті  Атааның (р.а.): 

 لاق اذإ دجسملا اذه يف ةباحصلا نم نيتئام تكردأ : ءاطع لاقو

 نيمآ ةجر مهل تعمس  نيلاضلا لاو : ماملا

«Осы мешітте екі жүздей сахабаны көзім көрді. 

Имам  «әмин»  деген  кезде  олардың  «әмин»  деген 

дауыстарының  жаңғырғанын  естідім»  –  деген 

риуаятқа  келер болсақ, Шәйх Әлбани бұл риуаятқа 

«әлсіз» деп баға берген. (Нәсруддин Әлбани, «Тәмамул-

минна» кітабынан).

 Пайғамбарымыздың ешбір хадисінде «әминді жария 

айтыңдар» деген тікелей бұйрығының жоқ екенін ескере 

отырып, Ханафи ғұламалары пайғамбарымыздың өзінің 

ғана әминді дауыстап айтқанына байланысты кейбір 

хадистерді былай түсінген:

1.  Пайғамбарымыздың  намазда  «фатихадан» 

кейін «әмин» деп айтуын артында яки жанында Оған 

(с.а.у.) жақын тұрған сахабалар ғана естіп, сол кісілер 

«әминді дауыстап айтты» деген хадисті риуаят еткен 

болуы мүмкін. Ал жанындағы адамдардың ғана естуін 

«Құран оқығандай дауыстап айтты» деп  түсінбеуіміз 

керек. Себебі, кейде іштей күбірлеп айтылғанды жа-

нында  тұрғандар  да  естуі  мүмкін.  «Дуррул-мухтар» 

атты кітапта былай делінген: «Егер бір адам яки екі 



168

Ислам ғылымхалы

адам естісе, бұл жария айтқанға жатпайды». (Му-

хаддис Зафар Ахмад, Илаус-сунан, 2-том, 247-бет). 

Яғни, Пайғамбарымыздың «әмин» деуін кейбір адамдар 

естіген болса, бұл пайғамбарымыздың дауыстап жария 

айтқандығын білдірмейді. Пайғамбарымыздың барлық 

адамдар  еститіндей  дауыстап  айтты  яки  жоғарыда  

Насруддин Әлбани келтіргендей сахабалар бірге дауы-

стап «әмин» деп айтты деген бір де бір сахих хадис жоқ.  

Ал Әбу Дәуіттегі Әбу һурайрадан риуаят етілген:

 لا ىلص لا لوسر ناكو نيمأتلا سانلا كرت لاق ةريره يبأ نع

 لاق ) نيلاضلا لاو مهيلع بوضغملا ريغ ( لاق اذإ  ملسو هيلع

. دجسملا اهب جتريف لولأا فصلا لهأ اهعمسي ىتح نيمآ



«Халық  «әмин»  деп  айтуды  қойып  кетті, 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «ғайрил-мағдуби алайһим 

уәладдаллин»  деген  кезде  «әмин»  дейтін.  Мұны 

бірінші қатардағылар еститін де, мешіт жаңғырып 

кететін» – деген риуаяқа келер болсақ,  Насруддин 

Әлбани бұған да «әлсіз» деп баға берген. (Мухаммад На-

сруддин Әлбани, Сахих уә дағиф Ибн Мәжа). Сондықтан 

бұл да дәлел бола алмайды.

2.  Пайғамбарыздың  «әминді»  алғашқы  кездері 

халықты «әмин» деп айтуға үйрету үшін жария айтуы 

ықтимал. Хазіреті Омардың кейде үйрету үшін «субхана-

ка» дұғасын, Әбу Һурайраның «ағузу билллаһты» жария 

айтқаны секілді. (Мухаддис Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 

2-том, 240-бет).

 رجح نب لئاو تعمس : لاق يفقثلا سبنع نب رجح نكس يبأ نع

:لوقي يمرضحلا



169

Намаз

 ةلاصلا نم غرف نيح ملسو هيلع لا ىلص لا لوسر تيأر « 

 ريغ ( أرقو بناجلا اذه نمو بناجلا اذه نم هدخ تيأر ىتح

 ام هتوص اهب دمي « نيمآ » : لاقف  )نيلاضلا لاو مهيلع بوضغملا

» انملعي لاإ هارأ

«Әбу Сакан Хужр ибн Ғанбас әс-сақафи: Уайл 

Ибн Хужр әл-Хадрамидың былай дегенін естідім: 

«Пайғамбарымызды намазды тәмамдағаннан кейін 

көрдім, тіпті, Оның (с.а.у.) жүзін мына жағынан да, 

ана жағынан да көре алдым. Ол (с.а.у.): «ғайрил 

мағдуби алайһим уәладдаллин» деп оқығаннан кейін 

«Әмин» деп даусын созды. Мен мұны тек бізге үйрету 

үшін жасады деп ойлаймын». (Мухаддис Зафар Ахмад, 

Иғлаус-сунан, 2-том, 237-бет. Бұл хадисті риуаят еткен 

кісілердің бәрі сенімді. Тек Иахия ибн Саламаны бірқатар 

ғалымдар әлсіз десе де, Хаким, Ибн Хиббан секілді хадис 

ғалымдары қуатты деп бағалаған). 

Міне, пайғамбарымыз (с.а.у.) «әминді» дауыстап 

оқыды  деген  хадисті  риуаят  еткен  Уайл  Ибн  Хужр 

пайғамбарымыздың  «әминді»  жария  айту  себебінің 

«үйрету» мақсатында екенін айтуда. Пайғамбарымыз 

«әминді» дауыстап айтты деген негізгі хадистерді  осы 

Уайл Ибн Хужрдың риуаят еткенін ескерсек, Ханафи 

ғалымдарының  «үйрету  мақсатында»  айтуы  мүмкін 

деген сөздерінің қаншалықты негізді екенін аңғаруға 

болады.


Егер Пайғамбарымыз (с.а.у.) әминді әрдайым жария 

айтқан болғанда, Омар, Али,  Ибн Мәсғуд секілді саха-

балар іштен айтпас еді. Әбу Сағид «Омар да, Али да 

«бисмиллаһир-рахманир-рахимді» және «Әминді» 


170

Ислам ғылымхалы

жария айтпайтын еді» – деп риуаят еткен. (Ибн Жарир 

әт-Табари,  Тәһзибул-әсар.  Бұл  риуаятты  жеткізген 

рауилердің бәрі сенімді, дұрыс. Тек Әбу Сағид әл-Баққал 

мудаллис болғанымен сенімді. Ал сенімді мудаллистердің 

риуаяты Ибн Хажар секілді бірқатар хадис ғалымдарының 

пікірінше дұрыс деп бағаланады).

Ханафи  және  Малики  мәзһаб  ғұламаларының 

әминнің іштей айтылуына байланысты басқа да көптеген 

дәлелдері бар. Ұзап кетер деген ниетпен бұл жерге жа-

зылмады.


•  Ескерту:  Қазіргі  таңда  қазақстандық 

мұсылмандар арасында «әминді» іштей айту мен жария 

айтуға  байланысты  көптеген  дау-дамай  болып  жүр. 

Себебі, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «әминге» байланы-

сты хадистерін төрт мәзһаб ғұламалары әр түрлі түсінген. 

Шафиғи мен Ханбали ғұламалары «әминді» жария айту 

керек десе, Ханафи және Малики ғұламалары іштей айту 

керек дейді. Яғни әр мәзһабтың өзіндік шариғи дәлелдері 

бар. Сондықтан біз жоғарыдағы ханафи ғұламаларының 

келтірген дәлелдерін «әминді» жария айтуға байланысты 

басқа мәзһабтардың келтірген дәлелдерін жоққа шығару 

яки мүлдем дұрыс емес деу үшін жазған жоқпыз. Тек 

айтпағымыз – әминді іштей айтуға байланысты Ханафи 

мәзһабының да өзіндік шариғи дәлелдері бар екенін, 

оның жай айтылған негізсіз үкім еместігін білдіру. Негізі, 

«әминді»  жария  яки  іштей  айту  −  дауласып,  қызыл 

кеңірдек болып, бір-бірімізге ала көзбен қарайтындай 

аса бір маңызды іс емес. Маңыздысы – әминнің «Фатиха» 

сүресінен кейін ықыласпен айтылуы әрі періштелердің 

«әмин» деуіне дәл келіп, күнәлардың кешірілуі емес пе? 

Еліміздегі мұсылмандар ғасырлар бойы Ханафи мәзһабын 


171

Намаз

ұстанғандықтан  халық  арасындағы  ауызбіршілікті 

сақтап, бүлікке жол бермеу әрі енді-енді намаздарын 

оқып үйреніп жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу 

мақсатында өзге көзқарастағылардың да әминді іштей 

айтуы абзал. 



«Әминнің» «Фатихадан» кейін айтылуы – сүннет. 

Ал оның іштей немесе жария айтылуы сол сүннетті 

түсінудегі көзқарас, түсінік қана жатады. Ал, Ислам 

үмбеті арасындағы ауызбіршілік пен сүттей ұйыған 

ынтымақ – парыздардың парызы. Ендеше, бір көзқарас, 

түсінік  үшін ақырғы пайғамбар үмбетінің арасында 

бірлік пен ынтымаққа сызат түсіруге болмайтындығы 

айтпаса да түсінікті.

 

Сүннет әдебі

Әдеп – Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кейде 

істеп,  кейде  істемеген  нәрселері.  Ханафилар  бұны  

«мәндүп» немесе «мұстахап» деп атайды. Тәрк етуші 

айыпталмайды. Жасаса, абзал.

Намаздың әдебі:

1.  Намаз кезінде сыртқы және ішкі көңіл жайланып, 

кішіпейілділікпен тұру.

2.  Киіміне мән беру. Мысалы, түймелері ағытылмай 

қатардағы сарбаздай сәнді тұру.

3.  Қаматта «Хаййа алал-фәлах» деген сәтте имам 

мен жамағаттың намаз үшін тұрулары.

4.  «Қад  қаматис-салаһ»  (намаз  басталды)  деген 

кезде имамның намазға бастауы. Қамат айтылып жатқан 

кезде мешітке кірген адам дереу отырып, жамағатпен 

бірге тұрады.


172

Ислам ғылымхалы

5.  Ерлер ифтитах (бастау) тәкбірін алған кезде, 

қолдарын жеңдерінің сыртына шығару.

6.  Намазда мүмкіндігінше жөтелмеуге, кекірмеуге, 

есінемеуге тырысу және есіней қалса, аузын сол қолының 

сыртымен басу яки астыңғы ернін тістесе де ауызды 

ашпауға тырысу.

7.  Жеке  намаз  оқыған  кезде  рүкүғ  пен  сәжде 

тәсбихтарын үштен артық оқу

208


.

Намаз мәкрүһтері

Намаздағы мәкрүһтер – тахрим мәкрүһ (харамға 

жақын) және тәнзиһ мәкрүһ (харамнан қашық) болып екіге 

бөлінеді. Намазда бір уәжіпті тәрк ету – тахрим мәкрүһ, 

намазда бір сүннетті тәрк ету – тәнзиһ мәкрүһ

209


.

Намаздағы мәкрүһтер:

1.  Намаздың  уәжіптерінің  бірін  әдейі  тәрк  ету. 

Мысалы  «Фатиханы»  оқымау.  Немесе  әдейі  құпия 

оқылатын намазды жария оқу яки жария оқылатын на-

мазды құпия оқу секілді. Тахрим мәкрүһ болған мұндай 

намаз дұрыс десек те, қайта оқылуы уәжіп. Өйткені, 

кемістік ұмытылмай, әдейі тасталынып отыр. Ұмытылып 

тәрк етілсе, қателік (сәһу) сәждесі арқылы түзетіледі.

2.  Екінші рәкатты бірінші рәкатқа қарағанда ұзақ 

оқу – мәкрүһ.

3.  Намаздың сүннеттерінің бірін әдейі тәрк ету – 

мәкрүһ. Мысалы, рүкүғтегі тәсбихті оқымау.

208

 ДИА. 255-226.



209

 Кәсани, I, 215-220; әз-Зуһайл, а.а.е., I, 770.



173

Намаз

4.  Намаз  оқыған  кезде  ешқандай  себепсіз  бір 

нәрсеге сүйену (қабырғаға, тірек, т.б.).

5.  Намазда  себепсіз  бір-екі  қадам  жүру.  Бірақ, 

жылан немесе шаянды өлтіру секілді белгілі бір себеп-

термен жүрсе – мәкрүһ емес. Бірақ бұл жүру көп іс-

қимылды тудырса намаз бұзылады. Бұндайда зиянкесті 

жою үшін намазды бұзуға болады.

6.  Қырағатта  сүрелердің  кезекпен  оқылмауы  – 

мәкрүһ. Мысалы, бірінші рәкатта «Нас» сүресін оқып, 

одан кейін «Ықылас» сүресін оқу тәрізді.

7.  Бір рәкатта бір сүренің екі рет оқылуы немесе 

парызда екі рәкатта да «Фатихадан» кейін дәл бірдей 

сүрені қайталап оқу – мәкрүһ. Бірақ бұл нәпіл намаздарда 

мәкрүһ емес.

8.  Намаз оқыған кісі қолымен киім, дене, сақалымен 

ойнауы және алақанымен аузын басуы, т.б. Хадисте бар: 

«Аллаһ сендер үшін үш нәрсені мәкрүһ санады: Намазда 

бос нәрселермен айналысу, оразада жаман сөз айту, 

мазаратта күлу»

210


. Бірақ жүздегі терді сүрту немесе 

сәжде ететін жердегі ұсақ тастарды бір рет түзетуді 

дұрыс санаған

211


.

9.  Намазда қиям (түрегеп тұру), қырағат, рүкүғ және 

сәжде кездерінде қолдарды сүннет болған мүшелерге 

себепсіз қоймауы – мәкрүһ. Мысалы, қиямда екі қолын 

екі жаққа тастауы секілді.

10. Намазда  бит,  шыбын,  т.б.  өлтіру,  қуалау  – 

мәкрүһ. Бірақ құмырсқа секілді жәндіктер шағып маза-

сын кетірсе, алып тастауға болады.

210

 Бухари, Зәкәт, 53.



211

 Ибн Абидин, I, 600.



174

Ислам ғылымхалы

11. Ерлердің сәжде еткен кезде білектерін түгелдей 

жерге тигізуі – мәкрүһ.

12. Намазда  керілу  немесе  есінеу  –  мәкрүһ. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Есінеу – шайтаннан. Кімде-кім 

есінегісі келсе, шамасы келгенше жеңуге тырыссын»

212


 

деген.


13. Намазда  себепсіз  өз  қалауымен  түшкіру  – 

мәкрүһ.


14. Жеті жерде намаз оқу – мәкрүһ. Бұларды Аллаһ 

Елшісі: «Күл-қоқыста, мал сойылған жерлерде, ма-



заратта, жол шетінде, моншада, түйе қорада және 

Қағбаның үстінде»

213


– деп, саралап атап айтқан.

15. Намазда тістерінің арасындағы ноқаттан кішкене 

бір нәрсені жұту – мәкрүһ. Одан үлкен болса, намаз 

бұзылады.

16. Дастарқан жайылып, тамақ әзір тұрғанда намазға 

тұру – мәкрүһ. Бірақ намаз уақытының шығуы жақындаса, 

ол бөлек.

17. Намазда көздерін жұму немесе көздерін көкке 

тігу, жан-жағына қарау немесе басын бұрып қарау – 

мәкрүһ.  Негізінде  намазда  адамның  көзін  тартатын 

нәрселер болса, мұндай жағдайда намазды көңіл қойып 

оқу  үшін  көзін  жұмуға  болады.  Ал  көзін  көкке  тігу 

мәселесіне  келсек,  Аллаһ  Елшісі  былай  дейді:  «Бұл 

әрекетін тоқтатсын немесе Аллаһ олардың көздерін 

көр етеді»

214


.

18. Саусақтарын бір-бірімен айқастыру, шытырлату – 

мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Мешіттегі 

212


 Бухари, Бәд’л-Халқ, 11. Әдәб, 127

213


 әш-Шәукани, II 138

214


 Бухари, Азан. 93.

175

Намаз

кісі  –  саусақтарын  бір-бірімен  айқастырмасын. 

Өйткені, мұндай іс-әрекет – шайтаннан. Мешіттегі 

кісі – сыртқа шыққанға дейін намазда»

215

. Әбу Һурайра: 

«Аллаһ Елшісі намаздарда саусақтарды шытырлатуға 

тыйым салды» – деген.

19. Намазда  сәлем  бермей  жатып  терді  немесе 

жүзіне жұққан шаң-тозаңды сүрту – мәкрүһ. Бірақ көзге 

кіретіндей болса, ондай терді сүртудің оқасы жоқ.

20. Имамнан бұрын рүкүғ немесе сәждеге бару, одан 

бұрын рүкүғ немесе сәждеден басын көтеру – мәкрүһ. 

Бірақ имамға ұйыған адам имамнан бұрын рүкүғ немесе 

сәждеге барып, имам рүкүғке яки сәждеге бармай жатып, 

басын көтерсе, намазы бұзылады. Бұндай жағдайда, 

имам рүкүғтан яки сәждеден тұрмай тұрып, имаммен 

бірге рүкүғті яки сәждені қайтадан жасауы керек.

21. Қиям, рүкүғ және сәжде арасында тәкбір мен 

тәсбихтарды  өз  ретінен  кейінге  қалдыру  –  мәкрүһ. 

Мысалы, қиямнан рүкүғке барғаннан соң «Аллаһу әкбар» 

деу секілді.

22. Жанған отқа қарай намаз оқу – мәкрүһ. Өйткені 

мұнда отқа табынушыларға ұқсау бар. Жанған ошақ пен 

пеш, газ да осыған жатады. Шырақ, лампа, электр пеші 

бұған жатпайды.

23. Арасында  ешқандай  пердесіз  бір  адамның 

жүзіне тікелей қарап намаз оқу – мәкрүһ. Бірақ адамның 

арқасына қарап намаз оқуға болады.

24. Уақыт бола тұрса да үлкен немесе кіші дәретке 

қысылып  тұрып  намаз  оқу  –  мәкрүһ.  Бұл  тұрғыда: 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Тамақ әзір тұрғанда және 

215


 әш-Шәукани, II, 328

176

Ислам ғылымхалы

кіші,  үлкен  дәреті  қысқан  адамның  оқыған  намазы 

толық емес»

216


 – деген сөзі бар.

25. Аз  мөлшерде  ластықтың  дене  немесе  намаз 

оқылатын жерде болуы – мәкрүһ.

26. Бір аяқпен тұру немесе бір аяғын бір аяғына 

сүйеу – мәкрүһ.

27. Намазда  киімді себепсіз кимей, иығына жауып 

оқу – мәкрүһ.

28. Таза  киімі  бола  тұрса  да,  кір  киіммен  оқу  – 

мәкрүһ.

29. Ерлердің күн ыстықта үстіне киім кимей оқуы – 



мәкрүһ.

30. Ерлердің ешқандай себепсіз жібек киіммен намаз 

оқу – мәкрүһ.

31. Киімнің  шаңдануынан  немесе  тізесі  шығып, 

қырының бұзылуынан сақтану үшін, рүкүғ немес сәждеге 

барған кезде киімді жайлап жоғары көтеру – мәкрүһ.

32. Адам немесе жан-жануардың суреті бар киіммен 

намаз оқу немесе мұндай матаға сәжде ету – мәкрүһ. 

Бірақ, мұндай киімнің үстін басқа киіммен жауып оқыса, 

ештеңе етпейді.

33. Намаз оқыған адамның төбесінде, алдында, оңы 

мен солында жанды нәрселердің суреті тұруы – мәкрүһ. 

Бірақ мүшелері жай қарағанда көрінбейтін кішкене бір 

суреттің  оқасы  жоқ.  Төлқұжат,  куәлік,  ақша  сияқты 

нәрселердегі суреттер қалта секілді жабық жерде болса, 

ештеңе етпейді.

216

 Муслим, Мәсажид, 67.



177

Намаз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет