Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


біледі.  Егер  игілерден  болып,  жаманшылықтан



Pdf көрінісі
бет15/34
Дата06.03.2017
өлшемі2,11 Mb.
#8114
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34

біледі.  Егер  игілерден  болып,  жаманшылықтан 

254


 Тирмизи, Салат, 301.

255


 әш-Шәукани, ІІІ, 118.

225

Намаз

бет  бұрып,  тәубе  етсеңдер,  Аллаһ  күнәларыңды 

кешіруші»

256


.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  былай  дейді: 

«Кімде-кім ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз 

оқыса,  Аллаһ  күнәларын  теңіз  көбігіндей  болса  да 

кешіреді»

257


. Аллаһ Елшісі ақшам намазынан кейін алты 

рәкат намаз оқыған адамның «әууабиннен» саналатынын 

айтып, артынан жоғарыда мағынасын беріп өткен аятты 

оқыған. Бұлардың бәрі – парыз намаздарға қосымша 

нәпіл намаздар.

Мәндүп нәпіл намаздар

Тахиятул-мәсжид

Мешітке сәлем беру «тахиятул-мәсжид» намазы 

болып табылады. Яғни, мешіттің Раббысына сәлем беру, 

оған тағзым ету мақсатымен екі рәкат намаз оқу – мәндүп. 

Бір күнде мешітке бірнеше мәрте кірген адамға осы на-

мазды бір рет оқыса, жеткілікті. Бұл намазды мешітке 

кірген сәтте отырмастан оқу – абзал. Отырып, аздан 

кейін оқыса да болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай 

дейді: «Кімде-кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз 

оқымай отырмасын»

258


. Жұма күні имам хұтба айтып 

жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру 

керек. Мешітке парыз яки нәпіл намаз оқу үшін кіріп, 

отырмастан сол ниет еткен намазын оқу да – «тахиятул-

мәсжид» намазының орнына жүреді.

256


 Исра, 17/25.

257


 Мәжмау'з – Зауаид, ІІ, 230.

258


 Бухари, Салат, 60.

226

Ислам ғылымхалы

Дәрет намазы

Дәрет немесе ғұсыл алған соң, екі рәкат намаз оқу 

– мәндүп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-

кім дәрет алып, одан кейін екі рәкат намаз оқыса және 

осы екі рәкатқа жүрегін терең салса, жәннат уәжіп 

болады»

259

.

Сәске намазы

Бұл намаздың ең азы – екі рәкат. Төрт немесе сегіз 

рәкат оқиды. Уақыты – күннің найза бойы көтерілгенінен 

күн  тас  төбеге  жетуіне  жарты  сағат  қалғанға  дейін 

жалғасады. 

Тәһажжүд намазы

Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап 

тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз» 

дейді.  Түннің  жартысынан  бастап,  сәре  уақытының 

аяқталуына  дейінгі  уақытта  тұрып  оқылған  намаз-

ды  «тәһажжүд  намазы»  дейді.  Тәһажжүд  намазы 

екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз – Аллаһ 

Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят: (Мұхаммед) 



«Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы»

260

. Осы намазға 

үмбетін қызықтырғаны жөнінде аяттар бар: (Мұхаммед) 



«Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болған бір 

топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жарты-

сында, үштен бір шамасында намазға тұрғанынды 

біледі»

261


.  Пайғамбарымыз  (с.а.у.):  «Түнгі  намазды 

үнемі оқыңдар. Өйткені, түнгі намаз оқу – сендерден 

бұрын өткен салихалы жандардың әдеті. Раббыларыңа 

259


 Бухари, Уду,’ 24. Муслим, Таһарат,5.

260


 Исра, 17/79.

261


 Мүзәмміл, 73/20.

227

Намаз

бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, күнә жа-

саудан сақтайды»

262

, – деп түнгі намазға шақырған.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнгі намазға өте жақсы 

мән берген. Бірде Ата деген таби’ин

263

 Хазірет Айша-



дан сұрайды: «Аллаһ Елшісінің ерекше бір жағдайын 

айтып бересіз бе?» Сонда Хазреті Айша: «Оның ерекше 

болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан 

кейін маған қарап: «Бүгін маған рұксат бер, Раббыма 

құлшылық етейін?», – деді. Дәрет алып, намазға тұрды. 

Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан 

аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке 

барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге 

барған кезде де халі осылай болды. Аллаһ Елшісінің көз 

жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына 

дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Аллаһ 

Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге 

осыншама жылайсың?  деп едім, ол: «Шүкір еткен құл 

болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Аллаһ осы түні 

маған мына аяттарды түсірді: «Шексіз көктер мен 

жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп, 

кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер 

бар. Олар түрегеп тұрып, отырып, жанымен жатып, 

Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен 

жердің жаратылуы жайлы ойланып, терең толғанып: 

«Раббымыз! Сен мұны тектен-текке жаратпадың. Сен 

пәксің. Бізді от азабынан сақта! Раббымыз! Сен кімді 

отқа салсаң, сөзсіз оны қорлап, жермен-жексен етесің. 

Залымдардың ешқандай көмекшісі жоқ. Раббымыз! 

Біз  «Раббыларыңа  иман  етіңдер»  деп  шақырған 

262


 Тирмизи, Дә’ауат, 101.

263


 Сахабаларды көргендер.

228

Ислам ғылымхалы

шақырушыны  ести  сала  иман  еттік.  Раббымыз! 

Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды 

жасыр. Әрі игі жақсылармен бірге жанымызды ал! 

Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. 

Қиямет күні де бізді тастап қор қылма. Сөзсіз, Сен 

берген уәдеңнен таймайсың деп тілейді»

264


Осыдан 

кейін «Осы аяттарды оқып, терең ойға батпағанның 

халі неткен өкінішті!», – деді».

Сүнниттердің төрт имамы да түнгі намаздарына 

қатты көңіл бөлген. Әшәб ибн Абдулазиз Имам Малик 

туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа 

шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара 

жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фа-

тиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи баста-

ды. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден 



сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, 

жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай 

берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап 

қалдым.  Осылайша  ол  таң  намазына  дейін  жылады. 

Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. 

Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін 

мешітке бардым.

Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның 

айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып 

жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде 

мен «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі нұрлы 

болады» деген хадисті есіме алдым»

265


.

Имам Ағзам да түнде ұйықтамай Құран оқитын. 

Кейде бір аятты таңға дейін қайталап жылайтын. Оның 

264


 Әли Имран, 3/190-194.

265


 Геже ибадеті, Абдулхаким Юже, Измир,.49-50.

229

Намаз

қатты жылағанын көршілері де естіп, жаны ашитын. 

Иә, бәрі де осылай жылайтын. Бұл ғұмырда жүрекпен 

жыламаған бейбақтардың ақыретте жылайтыны сөзсіз.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жаһаннам халқы жы-

лаумен азапталады. Олар көз жастары таусылғанға 

дейін жылайды. Одан кейін көздерінен аққан жастың 

орнына қан аға бастайды. Соңында беттеріне ойық 

пайда болады. Көз жастарының аққаны сонша кемелер 

қонса жүзер еді»

266

, – дейді.



Истихара намазы

Бұл – бір нәрсенің жақсысын, қайырын, игілігін 

тілеу. Истихара намазы жақсы істердің қайсысы өз үшін 

қайырлы әрі жақсы болатындығына рухани ишарат білу 

мақсатымен оқылатын екі рәкат намаз. Алғашқы рәкатта 

– «Кафирун», екінші рәкатта – «Ықылас» сүресін оқу – 

мұстахап. Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады. 

Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне 

қарай әрекет етеді. Осы намаздың дәлелі мынау: Жабир 

ибн Абдиллаһ: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Құраннан сүре 

үйреткендей истихараны үйретіп былай деді: «Кімде-кім 

бір іс жасамаққа ниеттенгенде, парыздан тыс екі рәкат 

намаз оқып, мына дұғаны оқысын:

Оқылуы:


  ْنِم  َكُلَئ ْسَا َو  َكِتَرْدُقِب  َكُرِدْقَت ْسَا َو  َكِمْلِعِب  َكُري ِخَت ْسَا ىِّنِا َّمُهللأ{

 ُمَّلاَع  َتْنَا َو ُمَلْعَا َلا َو ُمَلْعَت َو ُرِدْقَا َلا َو ُرِدْقَت  َكَّنِاَف ِميظَعْلا  َكِل ْضَف

. ِبويغْلا

266


 Ибн Мажә, Зуһд, 38.

230

Ислам ғылымхалы

 َو ي ِشاَعَم َو ىِنيِد يف يل ٌرْي َخ َرْمَلأا اذَه َّنَا ُمَلْعَت  َتْنُك ْنِا َّمُهللأ

  ْكِراٍَب َّمُث يل ُهْرِّسَي َو ِيل ُهْرُدْقاف ِهِل ِجآ َو ىِرْمَا ِل ِجاع َو ىِرْمَا ِةَبِقاع

.ِهيِف  َيِل

 ِةَبِقاع َو ىِشاعَم َو ينيد يف يل ٌّرَش َرْمَلاا اذَه َّنَا ُمَلْعَت  َتْنُك ْنِا َو

  َِيل ْرُدْقاف ُهْنَع ىِنْفِر ْصاَو ىِّنَع ُهْفِر ْصاف ِهِلِجآ َو ىِرْمَا ِل ِجاع َو ىِرْمَا

}ِهِب ىِن ِضْرَا َّمُث َناك  ُثْي َح َرْي َخْلا

«Аллаһуммә  инни  әстажирукә  би  илмикә  уә 

әстақдирукә би қудрәтикә уә әс-әлукә мин фадликәл-

азим. Фә иннәкә тақдиру уә ләә ақдиру уә та'ләму уә 

ләә а’ләму уә әнтә алламул-ғуйууб.

Аллаһуммә. Ин кунтә та’ләму әннә һәзәл-әмрә 

хайрун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә 

аажили әмри уә әәжилиһи фақдирһу ли уә иассирһу 

ли суммә баарик ли фиһи.

Уә ин кунтә та’ләму әннә һәзәл-әмрә шәррун ли 

фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили уә 

әәжилиһи фәс-рифһу анни уәс-срифни анһу фақдур 

лиәл-хайрә хайсу кәнә суммә ардини биһи»

«Аллаһым! Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген 

ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін. Құдіретіңе 

сеніп, Сенен күш-қуат сұраймын. Жақсылыққа жетуімді 

сенің асқан рақымдылығыңнан тілеймін. Өйткені, Сенің 

барлық нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек 

емес. Сен күллі нәрсені білесің. Мен білмеймін. Сен ғайып 

әлемді тұтас білесің.

Аллаһым! Сен бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің 

ақырын немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса, 


231

Намаз

осыны маған нәсіп ет. Одан кейін маған мол береке 

бер.

Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына 

және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, 

менен алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған 

деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа 

жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».

Осыдан  кейін  мәселе  айқындалмаса,  намаз  бен 

дұғаны  жеті  күн  қайталау  қажет.  Пайғамбарымыз 

(с.а.у.)  Әнасқа  былай  дейді:  «Әнас!  Бір  іс  жасағың 



келсе, Раббыңа истихара намазы мен истихара дұғасын 

жеті рет қайтала. Содан кейін жүрегің қалағанын ойла. 

Жақсылық сол жерде»

267


. Истихара намазын күндіз оқуға 

болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың ал-

дында да оқуға болады. Аллаһ Тағала білінуі үміт етілген 

істі түсінде ишарат жолдары арқылы білдіруі мүмкін. 

Жоғарыда көрсетілген истихара дұғасының арабшасын 

айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.



Тәсбих намазы

Тәсбих  намазының  сауабы  көп.  Бұл  намазды 

әрқашан оқуға болады. Аптасына бір рет немесе айына 

бір рет, тым болмаса өмірінде бір рет оқу керек. Тәсбих 

намазы–төрт рәкат. Әрбір рәкатта «Фатиха» мен бір сүре 

оқылады. Бір немесе екі сәлеммен аяқталады. Осы на-

мазда үш жүз рет:

ُرَبْكَا ُلا َو ُلا َّلاِا َهَلِا َلا َو ِل ُد ْم َحْلا َو ِلا  َنا َحْب ُس



  «Субхан-Аллаһи  уәл-хамду  лилләһи  уә  ләә 

иләһә иллал-лаһу уаллаһу әкбар» тәсбихы оқылады. 

267


 Зухайли,а.а.е., ІІ, 49.

232

Ислам ғылымхалы

Яғни, әрбір рәкатта жетпіс бес рет тәсбих оқылады. 

Ниет етіп, қол байланып, субханакадан кейін он бес рет 

осы «тәсбих» оқылады. Содан кейін Ә’узу-бисмиллаһ, 

«Фатиха» және бір сүре оқылып, қайтадан осы «тәсбих» 

он рет оқылады. Содан кейін рүкүғке барады. Үш рет 

рүкүғ тәсбихі айтылған соң, сол жерде он рет тағы да осы 

«тәсбих» оқылады». Содан кейін қиямға барған кезде 

сол жерде он рет оқылады. Одан кейін сәждеге барады. 

Сәжде тәсбихы айтылысымен артынша он рет «тәсбих» 

оқылады. Сәждеден тәкбір айтып тұрады да, екі сәжде 

арасында тағы да он рет осы «тәсбих» оқылады. Қайта 

тәкбір айтып, сәждеге барып, сәжде тәсбихін айтқан соң, 

он рет осы «тәсбих» оқылады. Сонымен бәрі қосылып, 

жетпіс беске жетеді. Осыдан кейін екінші рәкатқа тұрады 

да, сол рәкатты дәл осылай оқып отырады. Отырыста 

«әт-тахият» пен «салауат» оқылады. Осымен «тәсбих» 

жүз елуге жетеді. Осыдан кейін сәлем беріп яки сәлем 

бермей үшінші рәкатқа бастайды. Осы соңғы екі рәкат 

дәл алдыңғыдай оқылады. Осылайша үш жүз «тәсбих» 

оқылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) немере ағасы Аббасқа 

тәсбих намазын үйретіп жатып, осы намазды оқыған 

жанның құм үйіндісіндей күнәлары болса да, Аллаһ сөзсіз 

кешіретінін айтады

268

. Тәсбих намазында жаңылысқан 



жағдайда, сәһу сәждесінде бұл тәсбихтар қайталанып 

оқылмайды.  Бұл  намазды  оқыған  адам  тәсбихтарды 

ойымен санай алса, саусақтарымен санамайды. Имам 

тәсбих намазын оқытса, жария оқиды. Тәсбихтарды да 

жария түрде оқиды.

268


 Тирмизи,Уитир,19.

233

Намаз

Қажет намазы

Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет 

алып, құптан намазынан кейін екі немесе төрт рәкат, 

басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкат намаз оқиды. 

Одан кейін Аллаһқа хамд, мадақ және Оның Елшісіне 

салауат айтып, артынан өзіне қажет дұғасын айтып, 

Аллаһтан сұрайды. Мәрфу' бір хадисте намаздың бірінші 

рәкатында  бір  рет  «Фатиха»,  үш  рет  «Аятул-күрсі» 

оқиды. Қалған үш рәкатының әр бірінде «Фатиха» мен 

«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелін оқиды. Тирмизидің 

бір  хадисінде  Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  былай  дейді: 

«Әркімнің Аллаһтан қалаған бір тілегі немесе адамдардан 

кімде-кімнің қандай бір тілегі болса, алдымен жақсылап 

дәрет алсын. Содан кейін екі рәкат намаз оқысын. Одан 

кейін Аллаһқа хамд, мадақ, Аллаһ Елшісіне салауат 

айтсын. Артынан мына дұғаны оқысын:

  ُد ْم َحْلا ِميظَعْلا  ِشْرَعْلا  ِّبَر ِلا َنا َحْب ُس ُميرَكْلا ُميِل َحْلا ُلا َّلاا َهَلِا َلا{

 َو  َكِتَرِفْغَم َمِئآَزَع َو  َكِتَم ْحَر  ِتاب ِجوُم  َكُلَئ ْسَا نيِمَلاعْلا  ِّبَر ِلِ

 ُهَتْرَفَغ َّلاا ًابْنَذ يل ْعَدَت َلا ٍمْثِا ِّلُك  ْنِم َةَملاَّسلا َو ٍّرِب ِّلُك  ْنِم َةَمينَغْلا

 َم َحْرَا آي اهَتْي َضَق ًاضِر  َكَل  َىِه ًَة َجاح َلا َو ُهَت ْجَّرَف َّلاإ ًاّمَه لا َو

} َنيم ِحاَّرلا

Оқылуы: «Ләә иләһә иллал-лоһул-халимул-кәрим. 



Субхан-Аллаһи  Раббил-а’ршил-а’зим.  Әл-хәмду 

лилләһи раббил-а’ламин. Әсәлукә мужибаати рахма-

тика уә азаимә мағфиратикә уәл-ғанимәтә мин кулли 

биррин уәс-сәләәматә мин кулли исмин ләә тәда’ ли 

зәнбән иллә ғафәртәһ уә ләә һәммән иллә фәррәжтәһ, 

уә ләә хәәжәтән һиә ләкә ридан иллә қадайтәһә иәә 

234

Ислам ғылымхалы

әр-рахамәр-рәхимиин». Мағынасы: «Халим (биязы) әрі 

Жомарт Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ұлы арштың Раббы 

Аллаһты тәсбих етемін. Хамд пен мадақ әлемдердің 

Раббы Аллаһқа тән. Аллаһым! Рақымдылығың қажет 

еттірген  нәрселеріңді,  ап-анық  кешіріміңді,  әрбір 

жақсылыққа жеткізуіңді, әрбір күнәдан алыстатуыңды 

сенен тілеймін. Күнәларымды кешір! Қайғы-мұңымнан 

арылт!  Ризалығыңа  лайық  қажеттілігімді  бер.  Ей, 

рақымдылардың Рақымдысы, Аллаһым!»

Сапар алдында және сапардан қайтқанда 

оқылатын намаз

Бір  мұсылман  жолға  шығарда  немесе  жолдан 

оралғанда  екі  рәкат  намаз  оқуы  –  мәндүп.  Жолға 

шығарда – үйде, оралған сәтте – мешітте оқу абзал. 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жолдан күндіз сәске уақытында 

оралып, Пайғамбар мешітінде екі рәкат намаз оқып, 

аздап отыратын

269


.

 

Жауын тілеу намазы

Бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде 

жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббыла-

рына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Аллаһ сол 

елді сынау үшін, кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа 

айналдырады.  Құранда  Хазіреті  Нұх,  Хазреті  Мұса 

секілді  пайғамбарлардың  халқы  үшін  жауын  сұрап, 

дұға  еткендері  жайлы  сөз  етіледі.  Нұх  пайғамбар: 

«Раббыларыңнан  жарылқау  тілеңдер.  Өйткені, 

Ол-өте жарылқаушы», – деді. «Ол сендерге аспаннан 

269


 Бухари, Салат, 59.

235

Намаз

мол-мол жауын жіберді»

270


. Мұса пайғамбар жайлы: 

«Сол уақытта Мұса елі үшін су тіледі»

271


. Жауын тілеу 

намазын Әбу Ханифа бойынша, жамағатпен жария оқу 

сүннет емес. Бірақ жарамды мәндүп іс. Жауын жаумаса, 

намаз бірнеше күн қайталанады. Пайғамбарымыздан 

(с.а.у.) бізге жеткен жауын дұғасы:

 ًاّماع ًاحْيَس ًلاِّل َجُم ًاقَدَغ ًاعيرَم ًائيرَم ًائينَه ًاثيغُم ٌاثْيَغ انِق ْسا َّمُهللأ{

  َّنِا َّمُهللأ . َنيِطِناقْلا َنِم انْلَع ْجَت َلا َو  َثْيَغْلا انِق ْسا َّمُهللا ,ًامئاد ًاقَبَط

   َكْيَلِا َّلاِا ُوُك ْشَن َلا ام  ِككْن َّضلاو ِءاَو َّلاا َنِم ِقْل َخْلاَو ِداَبِعْلا َو ِدلاِبْلاِب

 ِءام َّسلا  ِتاكَرَب  ْنِم انِق ْسَا َو َعْر َّضلا انَل ْرِدَا َو َعْرَّزلا َانَل  ْتِبْنَا َّمُهللأ.

 ًاراَّفَغ  َتْنُك  َكَّنِا  َكُرِفْغَت ْسَن اَّنِا َّمُهللأ . ِضْرلأا  ِتاكَرَب  ْنِم َانَل  ْتِبْنَا َو

}ًارار ْدِم انْيَلَع َءامَّسلا ِلِسْراَف

«Аллаһуммәс-қинә  ғайсән,  муғисән,  һәниән, 

мәриән,  мәри’ан,  ғадақан,  мужәллилән,  сәйхан, 

аммән, табақан дәәимән.

Аллаһуммә!  Әсқинәл-ғайсә  уә  ләә  тәж’алнәә 

минәл-қанитиин.

Аллаһуммә! Иннә бил-биләди уәл-’ибәди уәл-

халқи минәл-лә’уәәи уәд-данки мә ләә нәшку иллә 

иләйк.

Аллаһуммә! Әнбит ләнәз-зәр’а уә әдир ләнәд-

дәр’а уә әсқинәә мин бәрәкатис-сәмәәи. Уә әнбит ләнәә 

мин бәрәкәтил-әрди.

Аллаһуммә! Иннәә настағфирукә иннәкә кунтә 

ғаффарә, фә әрсилис-сәмә’ә аләйнәә мидрәрә».

270


 Нұх, 71/10-11.

271


 Бақара,2/60.

236

Ислам ғылымхалы

Мағынасы: «Аллаһым! Бізге жәрдем беріп, жерімізді, 



шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет.

Аллаһым! Бізді жауынмен суландыр, бізді үміттері 

үзілген адамдардан етпе.

Аллаһым! Елдерде, құлдарыңда, жан-жануарда ауыр 

тауқымет бар. Оны Саған ғана шағым ете аламыз.

Аллаһым! Біз үшін егінімізді өсіріп, малымыздың 

сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне бөлеп, жер-

жүзінің берекеттерінен бізге ырыс бер.

Аллаһым! Біз Сенен кешірім тілейміз. Шексіз Сен 

аса кешірімдісің. Бізге көктен мол жауын жібер».

Кусуф намазы

Күннің тұтылуын – «кусуф», айдың тұтылуын – 

«хусуф» деп атайды. Бір елде күн тұтылса, сол елдің 

имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды 

жария оқиды. Бір хадисте айтылады. Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат 

намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Аллаһтың 

ұлылығын  паш  еткен  дәлелдер.  Аллаһ  осындай 

құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай 

нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді 

намаз оқыңдар»

272


. Ай мен күнге байланысты Аллаһ 

Тағала былай дейді: «Түн мен күндіз және күн мен 



ай – Аллаһтың (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен. 

Күнге де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық 

қылатын  болсаңдар  соларды  жаратқан  Аллаһқа 

сәжде етіңдер

273


. Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» әмірі ай 

мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл 

272

 Бухари, Кусуф, 1, 17.



273

 Фуссилат, 41/37.



237

Намаз

намаз үлкен мешітте оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде 

де оқи алады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға дейін 

жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин» 

дейді.

Хусуф намазы

Ай тұтылған кезде әркім үйінде құпия немесе жария 

түрінде екі немесе төрт рәкат намаз оқиды. Әбу Ханифа 

бойынша, мешітте жамағатпен оқу сүннетте жоқ. Оқыса 

артықтық қылмайды. Ай тұтылуы түнде болатындықтан 

жамағаттың мешітке жиналуы қиындық тудырады

274

.

Мүбәрак түндер



1.  Рәжап айының алғашқы жұма түні «Рағайып 

түні» деп аталады. Бұл түні Аллаһ Елшісінің кейбір 

берекетке ие болып, шүкір қылып, он екі рәкат намаз 

оқығаны туралы хабарлар бар.

2.  Рәжаптың 27-ші түні. Бұл – Миғраж түні. Бұл 

түні де он екі рәкат намаз оқу – Ислам ғұламалары тара-

пынан жақсы деп бағаланған. Осы түні Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) көкке көтерілген.

3.  Шағбан  айының  он  бесінші  түні.  Бұл  – 

«Бәраат түні». Бұл түні адамның бір жылдағы ризық, 

бай  немесе  кедей,  жоғары  немесе  төмен  болатыны-

нан,  ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының  келуі 

жайлы хабарларды Аллаһтың әмірімен періштелердің 

дайындайтындығы білдірілген

275

.

274



 Касани 1. 282.

275


 Білмен, б.197.

238

Ислам ғылымхалы

Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, 

осы  түнде  Аллаһ  көп  адамның  күнәсін  кешірмек. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  Бәраат  түнін  ғибадат  етіп 

өткізген. Хазіреті Айша былай дейді: «Пайғамбарымыз 

(с.а.у.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде 

көп тұрғаны сонша мен оның демі үзіліп кетпеді ме деп 

ойладым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп 

едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде 

былайша жалбарынғанын естідім: «Аллаһым, азабыңнан 

кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сиынып, Өзіңнен өзіңді 

қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, 

Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын. 

Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді».

Намазды бітіргенде:

– Айша, Аллаһ Тағаланың Елшісі саған әділетсіздік 

жасайды деп ойладың ба? – деді. Мен:

– Жоқ, уаллаһи, Пайғамбарым. Ондай ойым жоқ. 

Бірақ сәждеде ұзақ уақыт тұрып қалғаныңды байқап, 

өлді ме деп ойладым.

– Бүгін қандай түн екенін білесің бе?

– Аллаһ және оның Елшісі жақсы біледі. Сонда 

ол:

–  Бұл  түн  –  шағбанның  он  бесінші  түні.  Аллаһ 

Тағала шағбанның он бесінші түні құлдарына рақымын 

төгіп, кешірім тілегендерді кешіріп, «рақым ет!» деп 

жалбарынғандарға рақым етеді. Тұла бойы қастыққа 

тұнғандарды өз еркіне қалдырады», – деді»

276


.

Бәраат  түнінің  ерекшелігінің  бірі  –  сол  күні 

құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл 

түні «жақсылық намазы» оқылады.

276

 Әт-Тәрғиб уәт-Тәрһиб.



239

Намаз

4.  Рамазан айының 27-сі. Бұл – басым көзқарас 

бойынша Қадір түні. Құран осы түні Пайғамбарымызға 

(с.а.у.) түсе бастаған. Аятта: «Негізінде Құранды Қадір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет