Рассмотрим список наиболее популярных разработчиков WAP-приложений и их продуктов [6]:
Nokia - WAP Server 1.0 открытая серверная платформа для корпоративных пользователей.
Решение соответствует спецификациям WAP V1.1 NokiaArtusMessagingPlatform WAP-гейт. CNN
(новости
на
мобильный
телефон);
ReutersGroup
(службы
финансовых,
спортивных
и
неспециализированных новостей); IBM (доступ к Lotus News); Visa International и Merita Nord banken
(защищенная платежная система для VISA-карт); OKOBANK Group (мобильный банкинг), Bridge
(финансовые данные).
Ericsson - разработчик масштабируемой платформы JAMBALA с WAP-шлюзом. Поисковая
система Интернет ресурсов Lycos Inc. будет обеспечивать доставку содержимого Web-сайтов на
беспроводные устройства в персонализированной форме.Visual Voicemail Unified Messaging от
Comverse Network Systems на базе Ericsson WAP-сервера. Совместный проект с Amadeus система
WAP-продажи авиабилетов. SMART система WAP-бронирования туристических поездок. WISE
Timeto WAP обеспечение беспроводного доступа в Интернет.
iPlanet - Альянс iPlanet E-Commerce Solutions компаний AOL и Sun представил 31.01.2000
сервер iPlanet Wireless Server, позволяющий предоставлять услуги беспроводного доступа к e-mail,
службе точного времени, прогнозам погоды и другим службам. Сервер поддерживает технологии
WAP, HDML, и SMS, используя страницы на основе XML, что позволяет форматировать
информацию под конкретное мобильное устройство. Среди дополнительных служб отправка
коротких сообщений с сервера владельцам пейджеров и сотовых телефонов.
Phone.com - WAP-браузер UP.Browser предназначен для использования совместно с серверным
ПО Phone.com под названием UP.Link. Финансовая и новостная информация от Reuters. Платформа
MyPhone включает большой набор информационных сервисов и приложений, созданных специально
для пользователей мобильных телефонов с микробраузером. Кроме того, MyPhone обеспечивает
службы получения информации из Интернета, ее накопления, персонализации и доставки до
абонента. Используя MyPhone, оператор может создавать и поддерживать собственные WAP-
совместимые информационные порталы, обеспечивая абонентов уникальным набором Интернет-
сервисов и приложений.
Motorola - Mobile Интернет Exchange (MIX) WAP-гейт. Доступ к Yahoo!, SkyGo и AirFlash.
159
Siemens - WAP-гейтSiemens c ПО UP.Link от Phone.com.
Microsoft - Microsoft Mobile Explorer ОС для сотового телефона, поддерживающего работу в
Интернет.
WAP Forum -Разработчик WAP-протокола, языка WML, скриптов WML. Объявлено о выпуске
версии протокола WAP 1.2, который фактически является стандартом, позволяющим беспроводным
устройствам осуществлять доступ в Интернет. Ведутся работы по обеспечению совместимости WML
и XHTML.
MENLO PARK - Сертификатор WAP-устройств.
Hewlett-Packard - Утилита Wombat, с помощью которой владельцы WAP-аппаратов могут
получить доступ к корпоративной системе электронной почты.
Infinite Technologies – Серверное ПО WAPlite Corporate WAP Server. Разработчикам WAP-
приложений предоставляется специальная версия ПО WAP lite Server с поддержкой одновременной
работы максимум 3 абонентов и неограниченный доступ к материалам специализированного форума.
WAPliteCorporate WAP Server соответствует стандарту WAP 1.1. Первая версия ПО совместима с
моделями Nokia 7110, Ericsson MC 218 и Motorola Timeport. В следующих версиях число
поддерживаемых устройств будет увеличено.
Фирма Motorola в свое время сделала предположение о будущем направлении развития WAP в
будущем [7]:
Область текущих интересов включает защиту информации на всем пути от источника к
получателю, интерфейсы интеллектуальных карточек, ориентированные на соединение транспортные
протоколы, ответственное хранение, интерфейсы финансовых расчетов и push-технология. Члены
WAP Forum могут принимать участие в определении путей развития спецификаций WAP.
Развитие мультимедийного мобильного обслуживания находится в сфере текущих интересов
WAP Forum. WAP представляет собой открытый протокол, позволяющий передавать различные
мультимедийные данные. Однако некоторые виды мультимедийных услуг, в особенности требующие
передачи большого потока данных, требуют дальнейшего усовершенствования WAP.
WAP совместим с беспроводными стандартами третьего поколения, так как разработчики
WAP старались сделать стандарт максимально независимым отконкретной сетевой технологии.
WAP будет необходим в сетях третьего поколения (3G), у которых будет более широкий
диапазон - даже при расширении частотного диапазона стоимость его использования не падает до
нуля. Эта стоимость складывается из возрастания мощности, расходуемой терминальным
оборудованием, более высокой цены радиосекций, более интенсивного использования спектра
радиочастот и возросшей нагрузки на сеть. Кроме того, исходные причины, по которым был
разработан стандарт WAP – импульсная передача, маленькие дисплеи, низкое потребление энергии
гибкость при взаимодействии с носителями и устройствами, пользование устройством одной рукой –
сохранятся и в сетях третьего поколения. И наконец, можно ожидать, что потребности пользователей
приложений в частотных ресурсах будут постоянно расти. Поэтому сохранится необходимость
оптимизации устройств беспроводной связи и сетевых ресурсов.
ЛИТЕРАТУРА
1. Русев С. WAP. Технология и приложения. Наиболее полное руководство. БХВ-Петербург, 2001. 432с.
2. КрисТалл.WAP 2.0 Development. –Que. 2002. 400с.
3. http://kunegin.com/ref3/wap/1_1.htm
4. http://www.javaportal.ru/mobiljava/wapwmlandother/wapsite.html
5. http://gendocs.ru/v6074
6. http://www.ci.ru/inform09_00/p11wap.htm
7. http://www.ixbt.com/mobile/trans/doc/motorola/What_is_WAP(Rus).pdf
Айтенов Б.К. магистрант, Байтенова Л.М.
WAP- контентімен жүйенің басқарудың талдауы
Түйіндеме. WAP көмегімен әр-түрлі сұрақтарға пайдаланушыға интерактивті режимде мобильді
құрылымдар көмегімен компьютерді қолданбай-ақ ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар WAP
қолдана отырып электронды поштаны қабылдап және жіберуге, мелодия, ойындар, логотиптерді жүктеуге
болады. WAP - импульсты беріліс, кішкентай дисплейлер, құрылымдармен әрекеттесуі кезінде энергияны аз
пайдалану, құрылымдарды бір қолмен пайдалану – үшінші ұрпақтарда сақталады.
Түйін сөздер: WAP- қосымшалар, мобилді құрал, сымсыз байланыс, желілік ресурстар
160
Aitenov B.K., Baitenova L.M.
Analysis of control systems of the content of WAP-applications
Summary. By means of WAP the user is given opportunity of obtaining information on a wide range of
questions in an interactive mode without computer, only by means of the mobile device. Besides, the initial reasons for
which the WAP standard – pulse transfer was developed, small displays, low consumption of energy flexibility at
interaction with carriers and devices, using the device one hand – will remain and in networks of the third generation.
Key words: WAP-applications, Internet, wireless communication, network resources
ӘОЖ 378.147:004
Айтқұлов Ж.С., Смағұл Б.Р. студент
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы, botashka005@mail.ru
ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ
ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі заман талабына сай оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс
істеуге деген ынтасы, талпынысы, ізденісі өте жоғары, информатика сабақтарына оқушылар құлшыныспен, бір
нәрсені еркін меңгерсем деген ниетпен қатынасады.Сондықтан білім берудің саласында электрондық
оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды және сол мүмкіндіктерін игергенде ғана
нақты жұмыс істеуге үйреніп, информатика пәнін оқытуда шеберліктерінің артатынын дәлелдеуіміз керек.
Түйін сөз: ақпараттану, электронды оқулық,ақпараттық технология
Оқушылардың қандай да бір бөлігі бір тақырыптан екінші тақырыпқа немесе бір бөлімнен
екінші бөлімге өткен кезде өз білімінен де кемшілік жіберіп алады, яғни тақырыпты дұрыс
меңгермейді. Білімдегі мұндай кемшіліктер бірден-бірге өсе отырып, бір кездері оның әрі қарай
оқуына белгілі бір мөлшерде кедергі жасайды. қолданылатын әртүрлі компьютерлік
технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игергенде ғана өз білімдерін тереңдей
алады.Бүгінгі күні мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді
жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқытылатын материалдар
тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу,
негізгі ұғымдарды және оқу пәндеріндегі жетекші идеяларды нақтылы сипаттауды қамтамасыз ету
қажеттігі туып отыр [1].
Сонымен, орта мектепте информатиканы оқытуда оқушылардың білімін жетілдіру
проблемасын шешу үшін, ең алдымен мұғалімнің іскерлік дайындығы, оқу процесінде
шығармашылықпен ізденуі, педагогикадағы жаңалықтарды, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану керек.
Информатика пәнін оқытуда да жаңа идеялар, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
керек-ақ. Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаны дамытуда жаңашыл әдіс-
тәсілдерді қолдану – оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытып,
оқу материалын толық игеріп, қазіргі ақпараттық заманда оқушылардың компьютермен жұмыс
істеуде сауаттылығы мен шеберлігін арттырады.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат
көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын
қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ.
Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі
мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты
пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында
бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың
құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді,
оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске
түсіруге зор ықпал етеді.
161
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған
тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс
жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша
бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын
өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап
алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі
аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек
қағысын байқау. [2]
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып
көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.
Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа
деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды қолдану
барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ
мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.
Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға
негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс
iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен
қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп
соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап
оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн
бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi [3].
Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк
жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да
кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде
тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың
тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн,
бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап,
әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға
мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн
тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi,
оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады,
оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн
тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында
қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады.
Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi.
Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен
компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi [4].
Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып
бойынша мәтiн берiлген.
1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл
аударады.
2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда
қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып
бередi.
6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.
9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын
көрсетедi.
10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.
11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы
тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.
162
Электронды оқулықтар оқушылардың:
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл
үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста болғандықтан тiлдi меңгеруiне
үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық
оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға
болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы
ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді
айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық
технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі.
Сонымен қатар, білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз
елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңарту –бүгінгі күннің басты
міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен
тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа
оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап
етілуде Ал, мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты-білімнің жаңа үлгісін жасап,белгілі бір көлемдегі
білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін
бақылаудың,оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа
технологияларды сабақта тиімді пайдалана білу.Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық
заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды»
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау
жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тек мұғалімнің
айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Білім беру жүйесі электрондық байланыс, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-
line сабақтар арқылы іске асырылуда. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз
байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін
анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Әр түрлі ғылыми зерттеулер
дәлелдегендей,оқытудың
интерактивті
әдістерін
пайдалану,оқыту-тәрбиелеу
үрдісін
толық
жетілдіруге,педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік дағды
сапаларының жақсаруына септігін тигізеді.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай
мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, — Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру
жолында
ақпараттық
технологияны
оқу
үрдісінде
пайдаланудың
маңызы
зор.
Осы орайда информатика пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға
интерактивті оқыту құралдары мен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық
оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау,
сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Электрондық оқулық оқушының уақытын
үнемдеуіне, бұрын алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары
бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға
дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және
музыка тыңдатуға болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі
тиімді. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істегеніндей болады.
Дәстүрлі оқытуда кейбір оқушылар түсінбей қалған мәліметті мұғалімнен қайталап сұрауға
қысылады, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал, электрондық
оқулықпен жеке жұмыс жасауының арқасында сол тақырыпты бірнеше қайталап оқуына, тыңдауына,
тіпті түсінбеген сөзді анықтама бөлімінен қарауына, сол сөздің түсіндірмесін білуіне де болады. Оқу
материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Теориялық
163
материалды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып
отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және оны мида бекіту үрдістері бір
уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Сабақта электрондық
оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы
байқалады. Сондай – ақ мұғалімдерде өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші
құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі
бағалауға мүмкіндік береді [3].
Сабақта электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді жағы көп: физикадан, химиядан құралдар
жетіспеушілігі сабақты өз деңгейінде білім беруде қиын, ал электрондық оқулықта барлық
тәжірибелер, ғалымдар өмірі, анықтама сөздік, материалдардың барлығын пайдалана аласыз. Әр
тарауда тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік есептері бар, бұл оқушылар білімін бақылауда және
оқушының үлкен ізденісін туғызады. Электрондық оқулық арқылы зертханалық жұмыстарды
орындап қана қоймайды, оқушыны шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландырады.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық
материалдарды қолдану тиімді жақтары оқытушының жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруі,
оқушының пәнге қызығушылығының артуы, нәтижеге бағытталған білім дағдысының қалыптасуы.
Электрондық оқулықтарды оқушы сабақтан тыс уақытта да пайдалануға мүмкіндігі бар.
Жоғары оқу орындарына оқуға талапкер оқушылар электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән
курсы бойынша толық ақпарат алып, өз білімін тексере алады. Ал білім сынақтарына, түрлі пәндік
білім олимпиадасына қатысушы оқушылар өз бетінше білім қорын молайтуға, есте сақтау қабілетін
дамытуға мүмкіндік алады.
Электрондық оқулық көмегімен зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың зертханалық
құрал – жабдықтарды қолымен ұстап көрмесе де, визуальді түрде сол құрал – жабдықты пайдаланып
зертханалық жұмыс жүргізуге қол жеткізеді.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып, біледі, алайда олардың
қабылдауы әртүрлі. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары: есту, көру және сезу болып табылады.
Оқушы қабылдайтын мәліметтің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту жүйесі арқылы,
тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру жүйесі — есте сақтаудың түрлері
ішінде жетік, үздік дамығаны. Бұған дәлел ретінде бітіруші топ оқушылары тәуелсіз бағалау
тестілеуіне дайындық кезінде дербес компьютердің көмегімен тест тапсырмаларын орындап, оның
жауабын тест соңында өз көздерімен коріп көздерін жеткізеді. «Компьютерлік құрылғыларына
қызмет көрсетуші техник» тобы оқушылары соңғы 3 жылда тәуелсіз бағалау тестілеуінен жоғары
көрсеткіш көрсетіп келеді. Бұл тұрғыдан лицей базасының материалдық – техникалық базасының
жеткіліктілігі мен ақпараттық ресурстардың толық қамтамасыз етілгендігінің жемісі [4].
Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері
тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі
білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары
болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай
дамытады.
Интерактивті құралдарды пайдалану, кез-келген сабақты серпінді етеді, ал бұл сабақтың
бірінші
минутынан
оқушылардың
танымдық
іс-әрекетінің
артуына
ықпал
етеді.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі басты мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп
көңіл бөлуде. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздарға зор міндеттерді талап етеді. Міне осы жағдайда
жаңа технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті
тақтамен жұмыс жасау тиімді.
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара
әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi –
ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action — әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара
әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау
түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiнуқажет.
Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз
бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық
танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа
қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Интерактивті тақтаны пайдалану
164
арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтағанда, жаңа сабақты бекіткенде тестілеу
әдісін қолдануға болады.
Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды
бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік
сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық
оқулықтар мен аудио-видео жазбалар қолданыста жүр. Осы ақпарат тасушылардың көмегімен
оқушыларға аз уақытта көп ақпарат беруге мүмкіндік мол. Компьютерлік графикалық материал
презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу
процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың танымдық ойлауы мен есте
сақтауын қалыптастырады.Оқушылар әрі жаңа материалды меңгереді, әрі дербес компьютерді
пайдалану дағдысы қалыптасады.
ӘДЕБИЕТ
[1]- http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/5248-nyrzhanov-yerkin-elyektrondy-okulyktardy?start=280
[2]- http://kulpan.kz/elektrondy%D2%9B-o%D2%9Buly%D2%9Btardy-pajdalanu-tiimdiligi.html
[3]- http://collegy.ucoz.ru/load/35-1-0-1239
[4]- http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=4&id=27
Айткулов Ж.С., Смагул Б.Р
жүктеу/скачать Достарыңызбен бөлісу: |