Алматы 2016 жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата02.12.2022
өлшемі308,09 Kb.
#54474
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
0-Жалпы-білім-берудегі-қазақ-тілінің-жиілік-сөздігі

ерекшелігі бар:
17
Бұл тараушаны жазуға Сөздіктің жауапты редакторы, филология ғылымдарының докторы 
Айман Жаңабекова ерекше үлес қосты.


40
а) сөзформалар түбірге келтірілген жоқ (леммаланбады);
ə) сөз табы қойылмады;
б) негізсөз сөзтізбедегідей əрбір стиль бойынша таратылған (распределитель-
ный) сандық мəліметтерді көрсетпейді, мұнда сөзформалар жиілігі мəтінді қамту 
пайызы бойынша жалпы жиілікпен ғана берілді. 
Сөзформалардың жиілік сөздігін жасауда сөзформалар түбірге келтірілмеген, 
сөздер түрленген формада беріліп, сөз табы қойылмайтындықтан, оның сөзтізбесін 
өңдеу, рəсімдеу жұмысы негізінен орфографиясы мен лексикалық құрамына 
қатысты жүргізілді. 
Сөзформалар сөзтізбесі аса көлемді болғандықтан, оны өңдеудің негізгі 
жұмыстарын жеке көрсету керек:
а) орфографиялық норма бойынша техникалық өңдеу жұмысы жүргізілді
сөздер мен сөзформалардың жиілігі көлемді мəтіндерден алынғандықтан, 
сөздердің жазылуында, əсіресе мəтіннің сканерлену кезіндегі техниканың қазақ 
қаріптерін танымаудан туған қателер көп болды. Сөзформалардың жиілік сөздігін 
рəсімдеу барысында жоғарыда аталған қателер бойынша өңдеу жұмыстары 
жүргізілді. Бұл жиілік сөздіктің екі сөзтізбесіне (бірінші жəне екінші) де тəн 
техникалық өңдеу процесі болып табылады;
ə) мəтінде нормасы сақталмаған қолданыстар (қос сөз, біріккен сөз, тіркес 
т.б.) əдеби нормаға сəйкестендірілді: сөздік құрам үнемі өзгеріп отыратындық-
тан, бұрынғы орфографиялық нормамен берілген мəтіндерде кейбір сөз тіркестері 
қазіргі тілімізде бірге тұлғаланып, дербес лексикалық бірлікке айналды. Мұндай 
сөздер сөзтізбеде қазіргі орфограммасы бойынша бірге жазылды. Сол сияқты 
мəтінде қос сөз ретінде қате берілген кейбір сөздер тіркес түріндегі дұрыс 
нұсқаға ауыстырылып, оның компоненттерінің жиілігі жеке-жеке есептелді: 
кез-келген сөзі орфографиялық сөздікте сызықшасыз бөлек жазылады. Сонымен 
қатар кейбір сөздердің контексте сызықша арқылы жазылуы көп кездеседі. Мы-
салы, айта-айта, жаза-жаза, асығып-сүрініп, айғайлап-ұрысып, барып-келіп 
т.б. Ал осындай сөздік құрамда лексикалық бірлік ретінде танылмайтын сызықша 
арқылы берілген мұнай сөздер де «Сөзформалардың жиілік сөздігінде» екіге 
бөлініп, жеке сөз ретінде жазылды. Қос сөздер сыңарлары кейде орын ауысты-
рылып қолданылатыны байқалды. Мысалы; кіші-үлкен, қара-ағын т.б. Мұндайлар 
сөзтізбеде нормаға сəйкестендіріліп: үлкен-кіші, ақ-қарасы т.б. түрінде берілді
б) кейбір сөйлеу варианттары əдеби нормаға сəйкестендірілді: (алакеуім –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет