Үстеудің жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері:
– сөзтізбеде үстеулердің барлық семантикалық түрі қамтылды;
– есімдік негізге адъективтік мəн беретін сөзжасамдық қосымшалар жалғану
арқылы жасалған сөздер үстеу ретінде таптастырылды: солай, онда, мынадай,
өзімен-өзі, өзіне-өзі;
– алғашқы компоненті жалаң түрде қолданылмайтын, идиомаланған үстеулік
мағынадағы тіркес қос нүкте арқылы таңбаланды: жуыр: жуыр арада;
– ған (-ген, -қан, -кен) есімше формалы сөздер үстеуленгендіктен, үстеудің
сөзтізбесіне алынды: мыңғырған, аумаған;
– де етістігінің есімше формасына теңеулік -дай, -дей мəнді функционалды
жұрнағынан жасалған дегендей сөзі үстеу ретінде көрсетілді;
– кейбір сөйлеу тілі мен диалектілік элементтер берілді: сонсын – сонан соңның
сөйлеу формасы, беталбаты (Шығыс Қазақстан өңіріне тəн жергілікті сөз);
– екі сыңары да көсемшенің -й формасымен жасалған етістік негізді дайын
күйінде қолданылатын қос сөздер, қимылдың сипатын білдіретіндіктен, үстеу
38
ретінде таптастырылды: ауырмай-сырқамай, арымай-талмай, аспай-саспай,
ерінбей-жалықпай, бұзбай-шашпай, жатпай-тұрмай, жылай-жылай т.б.;
– ырақ, -ірек формасындағы үстеуленген сөздер берілді: жайырақ, нақтырақ,
оқшауырақ, соңырақ, шапшаңырақ, арырақ, бұрынырақ, жоғарырақ, тезірек,
əрірек, берірек, дəлірек, ертерек, кейінірек, кешірек т.б.
Шылаулардың жиілік сөздігі сөзтізбесінің ерекшеліктері
– сөзтізбеде шылаулардың барлық түрі қамтылды;
– -ақ, -ау, -ай шылау сөздері негізгі сөзбен дефис арқылы ерекшеленіп,
бірақ бірге тұлғаланатынына қарамастан, сөзтізбеге негізгі сөзінен бөлек, жеке
шығарылды;
– ма, ме, ба, бе, па, пе жəне ша, ше сұраулық шылауларының фонетикалық
варианттары сөзтізбеде бөлек-бөлек, əрқайсысының жиілігі жеке-жеке берілді;
– қана, ғана, демеуліктері, көрі, гөрі, дейін, шейін септеуліктері, мен, бен, пен,
менен, пенен жалғаулықтарының да фонетикалық варианттары бөлек-бөлек алы-
нып, сөзтізбеде олардың əрқайсысының жиілігі жеке көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |