Алматы-2021 ДӘрістің жоспары


Аврелий Августин (354-430 б.д.)



бет2/7
Дата03.12.2023
өлшемі141,38 Kb.
#133486
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
13 тақырып. Тарих философиясы 2021

Аврелий Августин (354-430 б.д.)

  • Тарих философиясын шын мәнінде тереңдеп зерделеу Августиннен басталады. Христиандық тарих философиясының басты өкілі Аврелий Августин (354-430 б.д.). Оның негізгі историософиялық шығармасы «Құдай қаласы туралы» деп аталы. Августиннің ілімінде шындықтың екі түрі ұштасады. Олар уақыт пен мәңгілік. Тарих әрі уақытша, мерзімді, әрі құдай арқылы мәңгілікке жалғанады. Уақытшалық пен мәңгілік Иса пайғамбар Христостың бейнесі арқылы белгіленген.

Джанбатист Вико (1668-1744)

  • Тарихты зерттеу пәні ретінде бөлек қарастырғандардың бірі итальян философы Джанбатиста Вико болатын. Оның шағармаларында ұлттардың тарихтары мен арақатынастары арнайы қарастырылған. Грек мифтеріне ұқсатып ол тарихты үш кезең арқылы көрсетеді. Грек мифологиясын зерттегендер бірден оның алғашқы титандар тарихын, олимпиялық құдайлар тарихын және қаһармандардың тарихын байқайды. Вико да өзінің концпциясында осы үш сатыға негізделген, яғни көне, классикалық және қазіргі деп тарихты бөліп қарастырған.

Джанбатист Вико

  • Викодан бастап тарих өзі алдына жеке зерттеу пән болып қалыптасты. Оның негізгі шығармасы «Ұлттың үстемдігі жайында жаңа ғылымды негіздеу» деп аталады.
  • Осы еңбегінде Вико мифтер мен аңыздарға сүйеніп, адамның иррационалдық табиғатын рационалдық жолмен түсіндіруге тырысқан.
  • Вико мен басқа ағартушыларды қызықтырған сұрақ – адамдардың «ақылсыз» яғни көне, дөрекі жағдайдан зерделі жағдайға өтүі. Жалпы ағартушылардың ойынша тарихтың өзі екі күштің күресі – рационалдық және иррационалдық.

Ағартушылар

  • Олар рационалдық, прогрессивтік күштің жеңісіне күмәнміз сенген. Ағартушылардың ілімдерінде көптеген қарама-қайшылықтарды кездестіруге болады. Бірақ оған қарамастан орта ғасыр философиясына қарағанда жаңаша көзқарастың пайда болуы бірден көзге түседі. Онда адамзат тарихы адам табиғаты туралы қозғалған мәселелер ұштасып жатады.
  • Вико және кейінгі ағартушылар адамның тарихтағы өмірін ерекше адамдық шындық ретінде қарастыруға жол ашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет