Славянофилдер Ресейдің өзіндік ерекше тарихи жолы бар деген ойға келген болса, батыстықтар Ресейдің басты мақсаты Батыс Еуропаны қайтседе қуып жету қажет деп есептеген. Олардың қосылған жері, яғни ортақ мәселе, Ресей патшалығын және ресейлік қоғамның кемшіліктерін сынауында болған.
П.Я. Чаадаев (1794-1856)
Батыстықтар мен славянофилдердің арасында орын алатын П.Я. Чаадаевтың көзқарасы ерекше. Чаадаевтың аты шулы еңбегі ”Философиялық хаттар” деп аталады. Чаадаев үшін мәдени-тарихи процесстің сакралдық мәні бар. Тарихи процесс шын мәнінде рухани процесс. Сондықтан, ресей тарихын сынаған кезде, П.Я. Чаадаев батысеуропалық елдердің дамығандығын католицизммен ұштастырған.
Петр Чаадаев философиялық хаттарында былай деп ашына жазады:
«Россия, Руссия болғалы бері жеке адамның зорлығы мен зомбылығына құмбыл болған ел. Ол дөкейдің ныспысы Петр ме, Иван ба бәрібір. Олардың арманқаруы – қанау. Россия бүкіл адамзат мойындайтын заңдарды, шарттарды, жарғыларды жұла тартып, бұра тартып өзінің мұрат-мақсаттарына жұмсайды. Әсіресе, өзімен қапталдас-жапсарлас өзгелерге құлдықтың қамытын кигізуді мақсат тұтады.
Философиялық хаттар
Бұл орайда – өзінің де өзгелердің игілігі үшін – Россияны тізеге салған жөн; оған ізгілік пен ізеттің құбыласын нұсқаған жөн. ...Біздің мәдениеттің басындағы қайғылы хал – басқа ұлттар мен ұлыстар әлдеқашан аттап өткен, таптаурын болған шындықтармен жүздескенде жерден жеті қоян тапқандай боламыз. Себебі: біз, ел санатында басқа елдерге етене енгенбіз. Біз адамзат тегінің тексіздеріне де жатуымыз мүмкін. Батыс та, Шығыс та біз үшін – жат ғалам. Біз ұлт ретінде некесіз туған баладай әлемдік тағылымнан тыс қалғанбыз».
Данилевский
ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс историософияда славянофилдер мен батыстықтардың жалғасы ретінде Данилевскийдің мәдени-тарихи түрлер туралыілім пайда болған. Оның “Россия и Европа” (1869) деген еңбегі жалпы историософиялық ілімге көптеген әсерін тигізген. Бұл шығарма атақты Шпенглердің ”Закат Европы” атты кітабінде көтерілген мәселелермен сабақтасады. Бұл еңбекте Данилевский европацентризмді, орыс дәстүрін жалғастыра отырып сынаған. Ол тарихи процесті бірғалыпта қарастыруға болмайды. Адамзат тарихының әр түрлі ошақтары болған. Олар ұлы өзеңдердің бойында қалыптасқан: Нил, Тигр және Ефрат, Янцзы, т.б.