Орыс философиясының ең ірі ойшылы Владимир Соловьев. Соловьевтің көзқарасына әсер еткен алғашқы славянофилдер мен Григорий Сковорода ілімдері. Соловьевтың ойынша адамзаттық тарихта үш тарихи әлем бар: мүсылмандық шығыс, батыс өркениет және славяндық әлем. Тарихтың өзі рухани процесске жатады. Славяндық әлемнің тарихтағы орны ерекше. Оның атқаратын міндеті бір-біріне қарамақарсы келетін батыс және мүсылман әлемдерін үштастыру. Жалпы Соловьевтің тарихи-философиялық ойлары оның соңғы кезеңде жазылған “Три разговора” атты еңбегінде айтылған.
Лев Гумилев
Орыс ойшылдарының ізін басып тарихты ерекше ілімге айналдырған Лев Николаевич Гумилев.
Гумилевтің негізгі шығармасы “Этногенез и биосфера Земли” деп аталады. Ондағы басты идеяны бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихын жер бетіндегі әрі барлық ғарыштың, табиғаттың тарихынан бөліп қарастырудың нәтижесі аз. Гумилевтің ілімінде Чижевский, Вернадский атты ойшылдардың ғылымда ашып кеткен жаңалықтар мен тарихи, қоғамтану ғылымдарымен байланысты тапқан сияқты. Кезінде Дж. Виконы қызықтырған ұлттар тарихы Гумилевтің ілімінде “этногенез” теориясына айналған.
Этногенез
Этногенез — этностардың (ұлттардың) пайда болуы пассионарлық жарылысқа байланысты. Пассионарлық жарылыс күн бетінен жерге түскен радиациялық энергияға тәуелді. Бұл заңдылықты алғашқыда “Земное эхо солнечных бурь” атты еңбегінде А. Чижевский жазып кеткен. Бұл заңдылық бойынша тарихи, әлеуметттік төнкерістер күн бетіндегі процестерге тікелей қатысы бар. Гумилевтің іліміде қызықтыратын оның тарихты ерекше бейнелеу және түсіндіру мәнінде.
Ясперс, Тойнби
Философияның жеке бағыты ретінде тарих философиясы ХХ ғасырда толығымен қалыптасты. Оған себеп болған ХХ ғасырдың тарихи өзгерістер мен дағдарыстар деп айтуға болады. ХХ ғасырдың ең маңызды ілімідердің авторлары К. Ясперс (1883-1969) пен А. Тойнби (1889-1975). Ясперс ұсынған тарихи концепцияның негізгі ұғымы “осевой время” деп аталады. Осевое время деп Ясперс тарихтың белгілі кезеңді атаған. Бұл кезең біздің дәуірімізден бұрын жетінші ғасырда басталып Христос дәүірінде аяқталады. Оның белгісі ретінде барлық рухани, діні, ғылыми, философиялық ілімдірдің пайда болуын келтіреді. Мәдениеттің белгілі ошақтары Көне Үнді, Қытай және Грек елдері саналады.