Неміс ағартушыларының арасында ерекше орын алатын И.Г. Гердер (1744-1803). Өзінің ілімінде Гердер әләмді тұтас тірі организм ретінде қарастырған. Оның ойынша табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері.
Ал жеке индивдтермен қатар олардың арақатынастарын білдіретін типтер бар. Гередердің басты шығармасы «Адамзат тарихы философиясы тарихы жайында идеялар». Табиғаттың барлық сатысы, барлық бөлшектері бір бірімен байланысты. Адамдар бір жағынан табиғаттың ең жоғарғы сатысында тұрса, екінші жағынан табиғаттан кейінгі әрі жоғары сатының бастамасы дейді ойшыл.
ГЕРДЕР
Адмның амбиваленттігі яғни оның табиғатының екіжақтылығы оның қарама-қайшылық табиғатын түсіндіруге жол ашады. Туғанынан адам жер бетінде өмір сүретін пенденің бірі. Бірақ оның мәңгілікке де қатысы бар. Гердердің арқасында тарих философиясына «өзгеріс» - атты ұғым еңгізілген.
Көне грек және ағартушылық ойшылдардың ілімдерінде өзгеріс туралы айтылмаған, керісінше олар барлық тарихи оқиғаларды бір біріне теңістірген. Гердердің пікірінше тарихтың өзі қайталанбас, мерзімді әрі орынды оқиғаларға толы. Тарихта тек алдынала болуға тиісті жағдайлар мүмкін.
Г.В. Гегель
Бұл ойды жалғастыра отырып, тұтас тарихи философиялық концепцияны Г.В. Гегель құрастырған. Гегельдің ілімінде логика мен тарих «бірігіп» кеткен деп айтуға болады. Ақылға симаған фактілерді тарихқа кіргізіп қарастырудың қажеті жоқ. Тарихтың негізгі субъектісі абсолюттік ақыл, абсолюттің рух болып табылады. Түп мәнінде Гегель ұсынған теорияда христиандық тарих философиясының идеясы жатыр. Тарихтың мәні бостандыққа қол жеткізуде. Көне шығыста бостандық бір адамда, көне грек және рим әлемінде бостандық біренсаранда, ал германдықтар әлемінде бостандық бұһаралықта.