Алматы, 2023 Жүре пайда болған жүрек ақаулары


Аспаптық зерттеудегі өзгерістері



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі2,78 Mb.
#125891
1   2   3   4
Байланысты:
жүре пайда болған жүрек ақаулары Азиева Г 406А

Аспаптық зерттеудегі өзгерістері:

Аспаптық зерттеудегі өзгерістері:

ЭКГ-да сол қарынша мен жүрекшенің гипертрофиясы байқалады.

Рентгенде митральдық конфигурация-жүрек көлемінің сол жаққа үлкейгені, жүрек белінің толысқаны көрінеді.

ЭхоКГ-да митральдық қақпақша тұсындағы қанның турбуленттік ағысы, қақпақшаның регургитациясы айқын болады.

Митральдық тарылу

Ревматизмдегі эндокардиттің екінші салдары сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің тарылуы. Митральдық стеноз жеке түрде сирек кездеседі, көбінесе ол митральды қақпақшаның жеткіліксіздігімен қатар дамиды. Гемодинамиканың бұзылысы сол жүрекшедегі қанның қысымы жоғарылайды, жүрекше миокардында гипертрофия дамиды. Осыған байланысты өкпе веналары мен капиллярларында ретроградтық іркіліс, яғни веналық посткапиллярлық өкпе гипертензиясы шығады. Өкпе тамырларының компенсациялық тарылуы пайда болады, оның өзі өкпе артериясындағы қысымның жоғарлауына, одан әрі жүректің оң жақ бөлігінің дилятациясына және жұмысының жетіспеушілігіне әкеледі, осы жағдайда прекапиллярлық өкпе гипертензиясы пайда болады.

Клиникасы:

Клиникасы:

Митральдық стеноздың тек өзіне тән дыбыс белгілері бар: тарсылды бірінші тон, гүрілдеген пресистолалық діріл. Ентігу, жүректің тулап соғуы, жөтел, кейінірек қан түкіру шығады. Осындай балаларда цианозға байланысты беттің қызылшырайлануы, еріннің көкшілденуі білінеді. Дене өсуі мен дамуы баяулайды.

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

ЭКГ-да сол жүрекше миокардының гипертрофиясы байқалады.

ФКГ-да 1 тон амплитудасының және Q-1 тон интервалының 0,06-тен жоғары артуы, митральды қақпақшаның ашылу тарсылы, диастоладағы шу жазылады.

Рентгенде сол жүрекшенің үлкейгені, кейінірек-оң қарынша мен жүрекшенің үлкейгені, өкпе суретінің қан іркілісіне сай қоюланғаны көрінеді.

ЭхоКГ-де жүрекшелермен оң қарыншаның гипертрофиясы , митральды тесіктегі турбуленттік қан ағымы байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет