Алматы, 2023 Жүре пайда болған жүрек ақаулары


Аспаптық зерттеудегі өзгерістер



бет4/4
Дата25.11.2023
өлшемі2,78 Mb.
#125891
1   2   3   4
Байланысты:
жүре пайда болған жүрек ақаулары Азиева Г 406А

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, миокард ишемиясы, ФКГ-да систолалық шу, рентгенде жүректің сол жаққа үлкейгені байқалады. ЭхоКГ-да қолқа қақпақшалары жармаларының бір-бірінен айырылуының азайғаны, олардың стенозға тән жабысып қалғаны, қанның қолқа сағасындағы турбуленттік ағымы көрінеді.

Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

Трикуспидалдық қақпақшаның жетіспеушілігі ревматизмнің толассыз қайталайтын ағымында кедеседі және ол көбінесе митральдық, қолқа қақпақшаларының ақауларынан соң пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыс қанның оң жүрекшеге қайта баруымен байланысты, сөйтіп, жоғары және төменгі қуыс веналарда қанның көп жиналуы және іркілуі байқалады. Осыған сай бауыр көлемінің үлкеюі, жүректің оң жақ бөлігіне ауыртпалықтың көп түсуі айқын көрінеді.

Клиникасы:

Клиникасы:

Корвалло-Риверо систолалық шуы естілуімен белгілі. Бұл шудың төссүйектің төменгі тұсында немесе төс сабының үстінде, тынысты шығарғанда анық естілетін, көбінесе оңға қарай тарайтын белгілері бар. Бауырдың үлкеюі, асцит, аяқтағы ісіктің болуы ақаудың сатысына байланысты.

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

ЭКГ-да оң жүрекше гипертрофиясы, ФКГ-да систолалық шу, рентгенде жүректің оң жаққа үлкейгені, жоғарғы қуыс венаның кеңейгені бірден байқалады.

Емі:

Хирургиялық опреациялар жасау арқылы қақпақшаның ақауы бар жеріне жамау салу немесе оның орнына жасанды қақпақша орнату.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. “Педиатрия“.
  • Дадамбаев Е.Д. “Емханалық педиатрия“
  • https://permheart.ru/pacientam/lechenie/priobretennie_poroki/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет