Алматы, 2023 Жүре пайда болған жүрек ақаулары


Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі



бет3/4
Дата25.11.2023
өлшемі2,78 Mb.
#125891
1   2   3   4
Байланысты:
жүре пайда болған жүрек ақаулары Азиева Г 406А

Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

Көбінесе ревматизмге байланысты шығатын ақау, алайда басқа себептерден де өріс алуы мүмкін. Гемодинамикалық бұзылыс қолқа қақпақшалары жабылмайтындықтан диастола кезінде қанның сол қарыншаға кері қайтуымен сипатталады. Осыған байланысты онда гипертрофия орын алады. Шет жақтағы тіндерге артериялық қан аз барады. Гипертрофияланған миокардқа коронарлық тамырлар арқылы қан жетуі азаяды.

Клиникасы:

Клиникасы:

Төстің сол жақ қырында анық естілетін және 2 тонмен тікелей байланысты құйылған су дыбысы тәрізді протодиастолалық шу. Кейін қақпақшалар жетіспеушілігі үдегенде жүректің шаншып ауруы, ентігу шығады. Баланың түрі бозарып, өсу процесі кемиді. Осы кезде каротидтер биі, систолалық қан қысымы жоғарылап, Мюсси, Ландольфи симптомдары пайда болады.

Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:

ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, ФКГ-да 2 тонмен байланысты диастолалық шу жазылады.

Рентгенде жүрек көлемінің солға қарай кеңігені байқалады.

ЭхоКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, диастолада қолқа қақпақшасы жармаларының бір-бірінен айырылып кеткені, регургитация байқалады.

Қолқа сағасының тарылуы

Көбінесе қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінен кейін қосылатын ревматикалық ақау.

Гемодинамикалық тұрғыда систола кезінде қан қолқаға толық кете алмайды да, сол қарынша миокардында гипертрофия орын алады. Сонымен қатар, коронарлық қантамырларға қан әдеттегіден аз болады.

Клиникасы:

Клиникасы:

Төстің сол жақ қырында, қабырға аралығында естілетін үрлеген систолалық шу. Осы шу ұйқы артериясына қарай жақсы тарайды.

Ауру балада жүрек тұсының ауыруы, ентігу, бас ауыруы, кейде есінен айырылу, жүректің соғуы сияқты шағымдар болады.Пульстің әлсіздігі, жүрек көлемінің солға қарай кеңеюі, төстің тұсында пальпациялық систолалық діріл байқалады.

Аспаптық зерттеудегі өзгерістер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет