Алматы академиясы



бет16/17
Дата07.01.2022
өлшемі286,85 Kb.
#18641
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Қорытынды
Жұмысымды қорыта келе мынаны айта кеткім келеді, әкімшілік жауапкершілік ұғымы көп жағдайларда адам тағдырында маңызды орын иеленетіндіктен оған немқұрайлықпен қарауға болмайды. Психологиялық тұрғыда қарастыратын болсақ, жауапкершілік жеке тұлғаның мінезіндегі маңызды белгісі және оның жеке мақсаттарының жалпы көрінісін бейнелейді, яғни оның борышының шегін көрсетеді. Бұл жағдайда борыш ретінде тұлғаның біреудің немесе өзінің алдындағы ар-ұятын, ал ар-ұят ретінде – оның жауапкершілікті ұғынуы мен сезінуін түсінуіміз қажет.

Жауапкершілік өзінің түрлі нысандарында ертенден бері келе жатқан ұғым. Адам болған жерде қоғам, қоғам болған жерде заң, заң болған жерде оны бұзу немесе қоғам болған жерде заңға қайшы іс-әрекеттер, ал құқық бұзушылық болған жерде міндетті түрде ол үшін жауапкершілік болған. Ол болмаған жағдайда елде анархия орнайды.

Жауапкершілікке тарту кезінде әр адам өзінің ғана құқыққа қарсы іс-әрекеті үшін жауапкершіліке тартылуға тиісті екендігін білетінбіз. Осы принципті дұрыс жүзеге асыруда, біріншіден құқық бұзушылықтың қандай салада жасалғандығын, яғни ол құқық бұзушылық үшін қандай құқық саласы жауапкершілік көздейтінін анықтау, оны айырып білу, соның ішінде білікті заңгерлер үшін өте маңызды.

Жауапкершілік әрбір жеке жағдайда нақты бір саяси жүйенің әлеуметтік, тарихи, экономикалық, идеологиялық және өзге де объективтік және субъективтік жағдайларды ескере отырып анықталып, жүзеге асырылады.

Сондықтан да жауапкершілік қоғамның сапалы өмірін қалыптастырып, қамтамасыз етуде маңызды институттарының бірі бола отырып, қоғамның, оның элементтерінің ерекше әлеуметтік байланысы ретінде өз көрінісін табады.

Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі мен мәнін анықтауда ортақ көзқарастың болмауы, одан босатудың түсінігі, табиғаты мен құқықтық сипатын анықтауда қиыншылықтар тудырып отыр.Сондықтан ӘҚБтК-тің 4-тарауына 31-1-бабын енгізу қажет деп есептейміз: «Әкімшілік жауаптылық ретінде жеке және заңды тұлғалардың қолданыстағы заңнамамен бекітілген құқық нормаларынын кінәлі түрде бұзғаны үшін оларға (құқық бұзушыларға) әкімшілік жаза немесе өзге әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына сәйкес келетін заңда белгіленген тәртіппен атқару органдарының және соттардың әкімшілік тыйым салуларды қолдануыретінде көрінетін жауаптылығы танылады».

Әкімшілік юрисдикция құқықты қолдану мен құқық қорғау қызметінің бір түрі ретінде әкімшілік процестің құрамдас бөлігі болып табылады. Оның шеңберінде субъектілердің іс-әрекеттерін әкімшілік құқық бұзушылықтар ретінде тану және оларға әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды, сондай-ақ олардан босатуды жағдайларын құқық нормалары арқылы қарастырылады.

Көптеген әдебиеттер әкімшілік жауапкершіліктен босату институтына келгенде оның қатарына әкімшілік жауапкершілікті болдырмайтын мән-жайларды қосып көрсеткен. Тіпті бұл екі институттың айырмашылығын көрсетпеген. Мүмкін олардың мұндай көзқарасы екі жағдайда да әкімшілік жауапкершіліктің болмауына байланысты деп ойлаймын.

Сонымен қатар, адамның психологиясына мән беретін болсақ, көп жағдайда бір жолмен өткен адам оған үйреніп, ол жолдың түрлі қырларын көреді және келесіде ол жолмен жүруге қорықпайды. Яғни егер біз адамға ешқандай жөнделуге, сондай-ақ оның өз іс-әрекетінің дұрыс еместігін түсінуге мүмкіндік бермей, бірден жазалау шараларын қолдансақ, келесіде ол оларға дайын болады. Себебі ол оны көрді және үйренді. Бұдан оның қайтадан құқық бұзушылық жасау мүмкіндігі артады.

Еліміздегі әкімшілік құқық бұзушылық деңгейінің өсуі қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мұндай мәселені шешуде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды жүзеге асыратын, елдегі тәртіптік пен заңдылықтың кепілі, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды болып табылатын әкімшілік жауапкершілік институтын терең түрде зерттеп, дамыту қажет.



Сонымен қатар әкімшілік заңнама адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қорғауды жүзеге асыра отырып, ол өзге де мақсатты көздейді. Ол әрбір Қазақстан Республикасындағы адам мен азамат өзінің орындауға тиісті конституциялық міндеттерінің бар екендігін саналы түрде түсінуі және құқыққа қарсы іс-әрекеті үшін жауапкершілікте болатынын, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатындығын түсінуіне бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет