11-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:кез келген мектеп пәнінде және өзін-өзі дамыту мақсатында мәтіндік процессорды, графикалық редакторды, баспа жүйелерін қолдануды; операциялық жүйе мүмкіндіктерін ақпаратты қорғау үшін пайдалануды;вирусқа қарсы программаларды қолдануды; іс жүзінде ақпаратты сақтандыру мен қорғау шараларын қолдануды;векторлық графикалық редакторда файлдарды ашуды сақтауды, файл құруды;қарапайым объектілерден (сызықтардан, доғадан, шеңберден және т.б.) құюдың алуан түрлерін қолданып суреттер салуды;объект контурларымен жұмыс істеуді;қисықтардан суреттер салуды;даяр топтамалардан жасалынған объектілерді импорттауды және экспорттауды;растрлық графика редакторын іске қосу және оның құралдарын қолдануды;фотобейнелерді түзетуді және көркемсуреттік өңдеу жүргізуді; коллаждар құруды; «баспа жүйелері» программасын іске қосуды;баспа жүйелерінің мәзір программаларындағы пункттарын білуді;кез келген баспа өнімдерін беттеуді;бетте әртүрлі типтегі объектілер үзінділерін дұрыс орналастыруды