Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М. Әуезов атындағы №128 мектеп Информатика пәні мұғалімі Досполова Сауле Амангелдиновна информатика 5-сынып


-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс



бет11/17
Дата03.05.2023
өлшемі163,67 Kb.
#89449
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
күнтізбелік информатика Досполова С

8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс: техника қауіпсіздігі ережесін; позициялық және позициялық емес санау жүйелерінде сандарды ұсыну қағидаларын; сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару ережелерін; логика ұғымын; логикалық амалдарын; логикалық функцияларды жазу ережесін; ақиқат кестесін; компьютердің логикалық негіздерін; дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісін; компьютердің қосымша құрылғыларының міндеттерін; драйвер ұғымын; тармақталу алгоритмдердің программалау операторларын; шартты және шартсыз өту операторларын; циклдік алгоритмдердің программалау операторларын; параметрі бар циклдер, ДЕЙІН циклы, ӘЗІРШЕ циклын; графикалық операторлар және процедураларын; модельді құрастыру кезеңдерін; электрондық кестелердің міндеті мен мүмкіндіктерін; электрондық кестенің негізгі ұғымдарын; электрондық кестедегі сандық пішімдерін; толтыру маркерлерінің міндетін; деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеуін; электрондық кестелердегі сілтемелер қағидасын; стандартты функцияларды пайдалануын; диаграммалар және графиктерді салуын; компьютерлік желілердің міндетін; жергілікті желіні ұйымдастыру қағидаларын; Интернет желісінің қызметтер міндетін; жобалық іс-әрекетте жұмыс істеу дағдыларын.
8-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс: қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды; сандарды екілік, сегіздік, ондық және он алтылық санау жүйелерінде жазуды; сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды; ақиқат кестесін құруды; есептерді шығарғанда логикалық функцияларды пайдалануды; компьютердің қосымшана құрылғыларын баптауд ; тармақталу және циклдік алгоритмдер негіздерінде программалар құруды; компьютерлік модельдер құруды; электрондық кестелерге деректерді енгізуді ұйымдастыруды; электрондық кестелер арқылы қарапайым кестелік есептеулер жүргізуді; диаграмма және графиктарды салуды; Интернет қызметтерінің негізгі жұмыс істеу қағидаларын түсіндіруді; жергілікті желі бойынша ақпаратты жіберуді және қабылдауды.
9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс: қауіпсіздік техника ережесін; ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын; қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етудің даму үрдісін; қызметтік программаларын; программалау тілінде файлдармен жұмыс істеу амалдарын; массив ұғымын; символдық және жолдық мәліметтерге орындалатын экспериментін; деректер қоры ұғымын; деректер типін; деректер қорының құрылымын; деректер қорының кестесінде жазуларды іздеу және видеофайлдардың пішімін; видеомен жұмыс істеу кезеңдерін; видеомонтаж тәсілдерін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет