Бәсеке – тауар ӛндірушілер арасында ӛз мүдделерін қанағаттандыру үшін болатын
экономикалық бақталастық , тауарларды ӛндіру мен ткізудің тиімді жағдайы, неғұрлым
жоғары пайда табу.
Бәсеке іс-әрекеттердің қандай болмасын салада ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін
экономикалық сайыс, тауар ӛндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізудің шарттары
үшін, нақты тапсырма алу үшін сайыс.
Биржа кӛтерме сауда нарығының тұрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б.
биржасы болып екіге бӛлінеді.
Биржа дҥрлікпесі тауарлар бағасының және кейбір қағаздардың бағамының қысқа
мерзімде күрт ӛсіп кетуі.
Болжанбаған инфляция экономикалық қатынастардың субъектілерінің күтімінен,
инфляцияның деңгейінің жоғарылауының артық болуы.
Бюджет- мемлекеттің(қаланың ,ауданның,мекеменің ), отбасының немесе жеке
адамдардың белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі.
Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылатын және мемлекеттік бюджетке
енгізілмейтін мемлекеттік ақша құралдары.
Бюджеттік артықшылық бюджеттің кірістерінің, оның шығыстарының артық болуы.
Бюджеттік тапшылық бюджет шығыстарының, оның кірістерінің артып кетуі.
Валюта- белгілі бір елдің заңмен белгіленген ақша ӛлшемі (АҚШ-та - доллар,
Қазақстанда - теңге)
Валюта елдің ақша бірлігі оның ақша жүйесінің элементтерінің біреуі; шетел
мемлекеттерінің ақша белгісі және олардың несиелік пен тӛлемдік құралдары;
халықаралық тӛлем есеп айырысу айналасындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың
ерекше әдісі.
Валюта нарығы әр елдің валюталары сатып алынатын немесе сатылатын нарық.
Валюталық бағам басқа валютаның ақша бірліктерінің бағасымен есептелген бір
валютасының ақша бірлігінің бағасы.
Валюталық демпинг ұлттық валюта бағамының құлдырау нәтижесімен байланысты,
тӛмен бағамен экспортты кеңейту.
Валюталық қатынастар халықаралық есеп айырысуда ұлттық ақша бірлігін
қолданғанда пайда болатын, экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Вексель жазбаша борышқорлық міндеттеменің ерекше түрі, ол оның иесіне белгілі уақыт
мерзімі ӛткеннен соң ғана, осында кӛтерілген соманың тӛленуін талап етуге құқық береді.
Венчурлік капитал қауіп-қатерлік дәрежесі жоғары капитал салымын қолдануға
болатын ақша.
Венчурлік фирма вечурлік (тәуекелшілік) капиталды қолданудың негізінде ӛнімнің жаңа
түрлерін енгізуге, жасауға, ӛндірісін меңгеруге, жаңа технологияларды пайдалануға
маманданған коммерциялық ғылыми-техникалық ұйым.
Гиперинфляция баға деңгейінің ӛте тез ӛсуі: инфляцияның ӛте жоғары қарқыны.
Дәстҥрлі экономика – сирек кездесетін шектеулі табиғат ресурстарын кеңінен
пайдалануды дәстүрлер
Девальвация басқа елдер валютасымен салыстырғанда ұлттық валюта бағамының
тӛмендеуі.
Дезинфляция бағаның ӛсуінің тӛмендеуі.
Демпинг игіліктердің ӛте ӛсіп кеткен қорынан құтылу мақсатымен тауарларды тӛмен
бағамен сату; әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетті күшейту үшін тауарларды
шетелдерге тӛмен бағамен сату.
Депозит қаржы мекемелеріне сеніп тапсырылған ақша немесе бағалы қағаз.
Депрессия ӛнеркәсіптік циклдың фазасы; қолайсыз экономикалық дамудың ұзақ мерзімі.
Дефляция бағалардың және шығындардың жалпы тӛмендеуі.
Дивидент акцияға табыс түрінде тӛленетін, акционерлік қоғамның пайдасының бӛлігі.
Дифференциалдық рента табиғи жоғары ӛндіргіш күштерді қолданудың нәтижесінде
болтын артық пайда.
Еңбек табиғат заттары мен күштерінің түрін ӛзгертуге бағытталған адамның мақсатты
қызметтері, оларды ӛздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеу.
Еңбек заттары еңбек үдерісінде адамның әсер ететінінің барлығы.
Еңбек қҧралдары солардың кӛмегімен адам еңбек заттарын ӛңдейтін құралдар немесе
құралдар кешені.
Еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныстың ӛзара әсер етуімен тепе-теңдіктің бағасы және
саны белгіленетін, еңбек тауар болып табылатын, еңбек ресурстарының нарығы.
Еңбек ӛнімділігі еңбектің тиімділігінің кӛрсеткіші уақыттың бірлігінде ӛндірілген
ӛнімнің санын сипаттайды.
Еңбек ресурстары халық шаруашылығында еңбек етуге қабілетті елдің халқының бӛлігі.
Еңбек сыйымдылығы ӛнімінің бірлігін шығаруға жұмсалған еңбектің жалпы
шығындары.
Жекешелендіру- мемлекетке тиесілі объектілерді меншіктену құқығын жеке немесе
заңды тұлғаның сатып алу процесі.
Жалақы жалдама жұмыскер алатын ақшалай немесе заттай формадағы табыс.
Жалпы пайда тауарлардың ӛндірісі мен сатуынан түсетін фирманың табысы.
Жалпы табыс ӛнімнің белгілі кӛлемін ӛткізуден түскен жиынтық ақшалай түсім.
Жалпы шығындар тұрақты және ӛзгермелі шығындардың сомасы.
Жеделдетілген амортизациялық ӛтелім негізгі капиталдың нақты тозуынан елеулі
ауқымда, үкімет ӛтелімді есептен шығаруға рұқсат беретін тәртіп, оның мәні кәсіпкерлер
үшін салықтық демеу қаржы болып табылады.
Жҧмыс кҥші адамның ӛмірлік тіршілігімен бірлесіп кеткен және оның ӛте маңызды
атрибутивтік (ажыраспайтын) қасиеті болып табылатын, еңбекке жеке-дара қабілеті.
Жҧмыспен қамтылу деңгейі жұмыспен қамтылған жұмыс күші санының пайызы.
Жҧмыссыздықтың табиғи нормасы еңбек пен тауарлар нарықтарының нақты
құрылымдық сипаттамаларын кӛрсетеді: нарықтық жетімсіздіктерді, сұраныс пен
ұсыныстың стохастикалық ауытқуларын, бос жұмыс орындарымен бар болып отырған
жұмыс күші туралы ақпаратты, икемділіктің шығындарын т.б. кӛрсетеді.
ЖҦӚ-нің дефляторы баға индексі, тауарлар қоржынының нақты бағасының базистік
бағаға қатынасы болып есептеледі, тұтынушылық және инвестициялық тауарлар
бағаларының ӛзгерістері есепке алынады.
Импорт – тауарларды , капиталдарды бағалы қағаздарды кӛрсетілетін қызметтерді жұмыс
күшін басқа да материалдық құндылықтарды елдің ішкі рыногін ӛткізу үшін шетелден
әкелу.
Инвестор – инвестициялық жобаларға меншікті қаражатымен қарыз қаражатын салушы
бағалы қағаздарды ӛз атына және ӛз есебінен сатып алушы заңды және жеке тұлға.
Инфляция – айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, валютаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауы.
Импорт басқа елдерден алынатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы.
Инвестициялар капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер алатын тауарлардың құны.
Инвестициялау пайдадан және басқа табыстардан жинақталған қаражаттар есебінен
қолданудағы капитал кӛлемінің ӛсуі.
Интенсивтік тҥрдегі экономикалық ӛсу материалдық игіліктер мен қызметтердің
ӛндірісінің кеңейуі ӛндірістің тікелей факторларының сапасын жетілдіру арқылы
қамтамасыз етіледі: прогрессивтік технология қолдану арқылы, біліктілігі және еңбек
ӛнімділігі жоғары жұмыс күшін қолдану арқылы.
Инфляция бағаның ӛсуі арқылы кӛрінетін, сұраныс пен ұсыныстың және ұлттық
шаруашылықтың басқа пропорцияларының (үйлесімінің) тепе-теңдікте еместігі.
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны тӛмендетуге бағытталған мемлекеттің реттеу
құралдарының жиынтығы.
Инфрақҧрылым экономиканың қызмет етуінің шарттарын жасап отыратын, оның
салаларының жиынтығы. Ӛндірістік (кӛлік, байланыс, құатпен қамту т.б.) және әлеуметтік
(сервис, білім беру, денсаулық сақтау т.б.) болып бӛлінеді.
Ипотека жылжымаймын мүліктің кепілдігіне берілетін, қарыз алушыда қалатын несие.
Капитал- тауар ӛндiру мен қызметтер кӛрсетуге пайдалану үшiн жасалынған ресурстар.
Капитал тауарлар мен қызметтер ӛндірісін ұйымдастыру мақсатымен пайдаланылатын
ақшалай сома. Капитал деп іскерлік операцияларды тӛлеуге қолданылантын ақша
түсіндіріледі.
Коммерциялық несие тауарларды сатқанда сатушы сатып алушыға тӛлем мерзімін
ұзартады.
Консорциум кейбір жобаларды бірлесіп орындау үшін, ірі шараларды қаржыландыру
үшін, қымбат объектінің құрылысы бойынша бірнеше фирмалар, банктер, компаниялар
арасында жасалған ерікті уақытша келісім.
Концерн ӛнеркәсіп сферасында кӛп тараған корпорациялардың нысаны, бұлар іс-
әрекеттерге кӛп салалы талдау жүргізеді. Ерекшелігі: капитал салымы саласында қатал
орталықтанған басқарудың кәсіпорындарының, бӛлімшелердің, филиалдардың кең
шаруашылық дербестігімен ұштасуы және басқарудың орталықсыздандырылуымен
ұштасуы.
Копорация кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, мұнда
жалданып еңбек ететін жоғарғы дәрежелі маманданған басқарушылар кәсіпорынның
басқарушылық қызметтерін атқарады.
Қазыналық саясат экономикаға әсер ету мақсатымен, салық салу және мемлекеттік
шығындар құрылымын реттеу салымдарында жүргізілетін саясат.
Қор биржасы сауданы ұйымдастырудың қызметін басқа қызметпен қоспай, жеке
атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы сауданы ұйымдастырушы ұйым.
Мемлекеттік бюджет бұл мемлекеттік аппарат, қарулы күштер үшін қажетті әлеуметтік-
экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған, ел үкіметінің ақша ресурстарының
орталықтанған қоры.
Монополдық баға берілген сұраныс жағдайында монополиялардың белгілі ӛнім кӛлемін
ӛткізе алатын ең жоғарғы баға.
Монополист кейбір тауардың ұсынысының елеулі кӛлеміне бақылау жүргізетін сатушы.
Монополистік бәсеке жаңа сатушылардың келіп кіруіне мүмкіндігі бар нарықта
сараланған тауарлар ұсынып сатушылар бір-бірімен бәсекелес болады.
Монополия кейбір ӛнімді сатуға немесе кейбір іс-әрекетпен айналысуға айрықша
құқықты болу.
Монополиялық билік тауар бағасына әсер етуге және нарықта ӛзінің шарттарын
орындауға қабілетті болу, бұл ӛнімнің осы түрі ӛндірісінің және оны ӛткізудің елеулі
бӛлігін шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады.
Міндетті резервтер нормасы коммерциялық банктер міндетті түрде резервте сақтайтын
депозиттердің бӛлігі.
Ноу-хау кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі туралы технологиялық, ұйымдастырушылық,
коммерциялық білімдердің жиынтығы.
Ӛнеркәсіптік саясат – экономикалық ӛсуді ынталандыру мақсатында ӛнеркәсіпті
ұйымдастыру мен оның құрылымын қалыптастыруд үшін үкіметтің тікелей қатысуымен
жасалатын саясат.
Ӛсіп келе жатқан экономика – жеке ішкі инвестициялар нӛлге тең болатын (яғни жеке
ішкі инвестициялардың жалпы кӛлемі амортизациялық тӛлемдердің жиынтығынан артық)
экономика.
Ӛршімелі инфляция инфляцияның жылдық қарқыны жүз пайыздан артып кететін түрі.
Ревальвация ұлттық ақша бірлігінің бағамын заңмен кӛтеру.
Рента меншік әкелетін табыстардың түрлерінің бірі, табиғи реурстарды пайдаланғаны
үшін меншік иесіне тиісті тӛлем.
Рентабельдік баланстық пайданың активтер мен ӛндіріс шығындарының орташа жылдық
құнына қатынасы.
Саяси іскерлік цикл – заң шығарушы биліктің сайлау науқаны кезінде салықтарды
азайту және мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы, ал сайлаудан кейін салықтарды
жоғарылату және мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы экономиканы
тұрақсыздандыруға деген бейімділігі.
Сауда балансы белгілі уақыт мерзімінде тауарлар мен қызметтердің елден әкетілімін
(экспорт) және елге әкелімін (импорт) ақшаға шағып есептеу.
Табыс саясаты – үкіметтің номиналды жеке табыстарға және тауарлар мен қызметтердің
бағаларына, сол арқылы жеке нақты табыстарға әсер саясаты.
Фискалдық саясат – үкіметтік органдардың мемлекеттік шығындарды және салық
салуды ӛзгерту бойынша қабылдайтын шаралары.
Экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жыл аралығында экономикалық белсенділік
деңгейінің ӛсуі мен құлдырауы.
Экономиканы мемлекеттік реттеу- макроэкономика тұрғысынан мемлекеттің атқаратын
қызметі
2.Дәрістердің қысқаша курсы
1 Дәріс. ЭМР тҥсінігі, міндеттері, мақсаттары мен қажеттіліктері
1.Экономиканы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік экономикалық саясат туралы
түсінік
2. ЭМР мәні, ғылыми және әдістемелік сұрақтары.
3.Мемлекеттік реттеу мәні және оның объективті қажеттілігі
4.Экономиканың мемлекеттік реттеу міндеттері
1. XIX ғасырдың ортасына дейін экономикалық ілім танымалы ағылшын
ғалымдарының барлық шаруашылық жағдайлары ақикаты заңдылыққа байланысты ӛзгереді
деген тұжырымына негізделіп, А.Смиттің шаруашылық барысын мемлекеттік реттеу
кажет| екендігін ескертуіне карамай, меншікті иелену, шешім кабылдаулардағы
тәуелсіздік ӛзгермеді.
Экономикалык ілім мен саясаттың арасын айкындауға талаптанып Джон Н. Кейнс
(атақты Джон М. Кейнстың әкесі) «Саяси экономика» пәнінің мәні мен тәсілі деген кітабында
халық шаруашылығы туралы ілімді үшке бӛледі.
Біріншісі экономикалык ілім (теория), онда экономикалық заңдылықтар мен олардың
байланысын талдайды;
екіншісі - экономикалық саясаттың шеберлігі мен әлеуметтік әрекеті, сол
арқылы шаруашылық пен әлеумсттік жағдайларға әсер ету;
ҥшіншісі - лайықтап қолдану саясаты (басқару тосілі). Кейінгісі ілімді ӛндірісте
қалай пайдалануды қарастырады, ал саясат ғылымға негізделеді.
Экономикалық саясат дегеніміз үлттық экономиканың қалпын, келелі
мәселелерін, шешу жолдарын ұсынуды кӛрсететін білім. Әрбір шаруашылықпен
шүғылданушы ӛзінін экономикалык саясатын жоспарлап, жүргізеді. Мысалы, зейнеткер
ӛз жиғанын мемлекеттік кұнды қағазға салады, шаруа жылыжай (теплица) салады.
Дүниежүзілік банк мемлекеттерге қарыз беруді шешеді.
Экономикалық саясаттың негізгі бӛлігін мемлекеттік экономикалық саясат (МЭС)
кұрайды. Ол жоғарғы (макро) және тӛменгі (микро) деңгейдегі шаруашылық барысына
максатты әсер ету. Оған әлеуметтік, қорғаныс, сыртқы жағдай, экология тағы басқалары
жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) (немесе экономикалық саясат) - арнайы
әрекет, демек кӛлемі мӛлшерлі, әрқилы. Мысалы, қоғам игілігін туғызу, тек дүниемен
қамтамасыз ету емес. кең кӛлемді қамтиды. Ол жеке бастың бақытты болуы. жайлылық.
жүмысына разылық, түрмысына ризашылығы. Қазіргі заманда әлеуметтік -
экономикалық жағдайларға ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып, каржыландыруға.
әлеуметтік қамсыздандыруға, ағарту жұмысына, ортаны қорғауға мемлекеттін араласпауы
мүмкін емес. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында ЭМР және МЭС пара-
пар.
ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) дегеніміз күқықтық үкімет орындары мен
қоғамдық ұйымдардың қалыптастқан әлеуметтік-экономикалық жүйенің түрақтануы мен
ӛзгерістерге тиімделуіне арналған құқықтық, орындаушылық, бақылау сиякты
әрекеттерінің үлгілі жүйесі.
Салалық, жалпышаруашылықтық күйзелістер, жалпылай жұмыссыздық,
ақша айналымын бұзу, дүниежүзілік нарықтағы ;келелстіктің шиеленісуі
жалпымемлекеттік экономикалық саясатты кажет етеді.
Шаруашылық механизм-бұл экономикалық заңдылықтардың негізінде қоғамдық
ұдайы ӛндіру процесін ретеудің формасы және құралдардың жиынтығы. Шаруашылық
механизмнің дағдарысы ұзақ мерзімді сипатта болады және ол экономиканы реттеу
модельдерін жетілдіруді талап етеді. Қазіргі заманғы шаруашылық механизмнің негізгі
нарықтық бәсекелесті реттеу құрайды. Оның тарихы тауар ӛндірісінен бастап оның
ұйымдастырушылық функциясын тауарға ӛндірушілер мен тұтұнушылардың еркіндігін
және сапасына қатысы іске асырылады. Олар нарықтық бағаның құрылуы бойынша
шаруашылық механизм жұмысын ақырғы нәтижесін білдіреді. Бұл механизм белгілі
бағытта қоғамдық ӛндірістің реттеуші функциясын орындай алады. Монополияның пайда
болады. Бәсекелес нарықты механизмінің қалыпты қызмет жасау процесін бұзады.
Алайда, бірыңғай шаруашылық механизмінің қалыптасуына әкелетін экономикалық
күрделілігі келесі 2 звенодан тұрады:
1.1873 жылдан бастап, 1929 ж уақыт аралығында әрекет етеді.
2.1929-1933 ж. аралығы (Ұлы дағдарысы)
2. Экономиканы реттеу дегеніміз жалпы мемлекеттік түрғыдағы Экономикада
(макроэкономика) біртұтас табыс псн шығынды салыстырудағы үкіметтің шаралары.
Мемлекеттің экономикалық саясаты (МЭС) үш бағытты қамтиды
1. Ел байлығын (жер, қазба, қуат кӛздері, тасымалдау, жүмысшы күші т.б.) тиімді
пайдалану.
2. шаруашылық (ӛндірістің түрақтылығы, тиімділігі, кәсіпкер, кәсіпорын,
салалардың дамуы) пен әлеуметтік (халықтың ӛсуі, ӛмір деңгейінің жоғарылауы, саяси
тұрақтылық т.б.) мәселелер.
3. сыртқы экономикалық саясат (халықаралық, мемлекетаралық ) қарым-қатынас,
дүниежүзілік түрақты ақша-тауар қатынасының жүйесін пайдалану т.б.).
МЭС жүйелі іске асыру: қалыптасқан жағдайды талдау, мүмкіндікті
бағдарлау (табиғи-экономикалық, күш-қуат, зиялылық), болашақтағы сыртқы
экономикалық қатынас, халықаралық экономикалық саясаттың ӛзгеруін болжау.
Қазақстанның экономиканы мемлекеттік реттеудегі ғылыми ағымы:
1. экономиканың жоспарлы және нарықтық тәсілдерін жүйелі пайдалану.
2. мемлекеттің араласуы (ауқымды мәселелерді шешу, т.б.).
3. жалпы экономикалық жағдайдың тиімділігін арттыру.
4. шетелдік салымдар (иностранная инвестиция), оны негізінен ғылымды
дамытуға, жаңа ӛндіріс әдістерін енгізуге пайдалану.
5. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік аймағына енуі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары (принципы):
1.
Негізгі бӛлігін оқшаулау (алғашқыларын анықгау).
2.
Халық шаруашылығын басқару жүйесіндегі теңдестік пе сәйкестендіру.
3.
Шешетін мәселелердің әдістері мен жолдарын тандау.
4.
Жалпы экономикалық шешімдердегі жан-жақтылық.
ЭМР шараларын жүзеге асыру жолдары:
1.
Бағдарлау, үзак мерзімді маңызды жоспарлау.
2.
Қаржы-қаражаттың реттелуі.
3.
Салықпен реттеу.
4.
Ақша-қарыз арқылы реттеу.
5.
Бағамен реттеу.
6.
Кеден, баж салығымен реттеу.
7.
Мӛлшерлі тариф белгілеу.
8.
Әкімшілік, құқықтық рұқсат беру (лицензия) арқылы реттеу.
9.
Нарықтық реттеу.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз әлеуметтік шаруашылық
жағдайына, оның ұымды теңдік пен жоғары деңгейдегі экономикалық
тұрақтылығын қолдау үшін мемлекет негізгі экономикалық-әкімшілік және
ұйымдастыру-құқықт тұрғыда араласу түрлері.
Оның қажеттілігін тарихи деректер дәлелдейді. Ӛткен кезеңдердегі (1929-1933 жж.,
1948-1949 жж, 1973-1975 жж., 1980-1982 жж.) терең күйзелістерден шығу мемлекеттердің
экономикаға араласуымен қамтамасыз етілген.
Нарықтық экономиканың асқан білгірі, Нобель сыйлығының иегері Д.
Леонтьев ұлттық экономиканың құбылу теңіздегі желкенмен теңестірген. Желкен жылжу
үшін жел керек ол қажеттілік. Тұтқа - мемлекеттік реттеу, онсыз жел оны қүзға соғып күл-
талқанын шығарады.
Тімді экономиканың шведтік түрін шығарушы, ірі мам Клас Эклунд ретке
келтірілмейтін нарық жоқ, болған емес, он мемлкеттік реттеу қажет деген қорытынды
жасаған. 1929-1939 жж. күйзелістерден шығудың жалғыз жолы қор тарту деген
ағылшынның түлғалы экономисі Дж. М. Кейнс (1883-1946 жж.)- Кейнстің кӛзқарасы
жоспарлы және нарықтық экономиканың үйлесуінің қажеттілігіне иландырады.
Оны тиімділігі әр елдердің табиғи-тарихи, әлеуметтік-модениет, табиғат, экономика, ұлт,
халық құрамы, орналасу жағдайына байланысты түсіну үшін әрқилы экономикалық
сӛздердің (атаулардың) іргетасын білу қажет.
Қоғам игілігі (общественное благо)- халықтың мұқтажын қамтамасыз ететін, заңды
құқығын қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау, түбегейлі ғылыми зерттеулерді ұйымдастырып,
нәтижесін пайдалану, біріңғай қуат, тасымалдау, байланыс жүйелерін құрып, пайдалану,
жалпы мемлекеттік табиғатты корғау тиімділігі, тӛтенше жағдайлардан алдын-ала ескерту
сияқтыларды мемлекеттік деңгейде шешіп басқару. Сыртқы әсер (внешние эффекты)
- кәсіпорын мен тұтынушылардың ӛнім ӛндіріп, қызмет кӛрсетуінен тигізетін
ықпалы. Мысалы, ӛндірушінің мақсаты сұранысты қанағаттандырып, кӛп
пайда табу. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ұқыпты пайдаланып, сақтау сияқтылар
кӛлеңкеде қалуы мүмкін. Мұндайда сыртқы кері әсер туады. Ӛндірістен тыс шығын
(трансакционные издержки) - карым-қатынасты шешу, оны орындауға байланысты
шығындар. Оны мемлекет ӛзіне алуы мүмкін, немесе мекеме, косіпорынды
кӛндіреді. Әлеуметтік шығындар (социальные затраты) - әлеуметтік жағдайға байланысты
қиыншылықтардын туындауы, шиеленісуі мемлекеттің араласуын қажет етеді. Мысалы,
жұмыссыздықтың ӛсуі, ақшаның құнсыздануы тұрмысы тӛмен қауымға қосымша
қарастыруды (жалпы табысты бӛлуді) мәжбүр етеді. Сол сияқты еңбек құқығын жүзеге
асыру, халықаралық экономикалық қатынаста ұлт мүддесін қорғауда әлеуметтік
шығындар жүмсаумен байланысты.
ЭМР қажеттілігі әртүрлі себептермен байланысты:
Достарыңызбен бөлісу: |