Алматы энергетика



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
 
 
5 дәріс. Қазақстанның және энергокәсіпорындардың салық жүйесі 
Дәрістің мақсаты: ҚР салық жүйесін құрудың негізгі қағидалары туралы 
білімдерді қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны: 
1) Салық жүйесін құрудың негізгі қағидалары. 
2) Салықтың түрлері, салық элементтері. Салықтарды жіктеу.
 
5.1 Салық жүйесін құрудың негізгі қағидалары 
Мемлекеттің пайда болған уақытынан бері салықтар қоғамдағы 
экономикалық қатынастардың міндетті бөлімі болып табылады. 
Салықтық жүйенің өзгеруі қашан да мемлекеттік құрылыс формасының 
дамуы мен өзгеруіне себепші болады. Қазіргі әлемде салықтар – мемлекет 
табысының негізгі формасы. Сонымен, салықтық механизм мемлекеттің 
қоғамдық өндіріске, оның динамикасы мен құрылымна, ғылыми-техникалық 
прогресске ықпал жасауы үшін қолданылады. Мемлекетттік салық салу салық 
жүйесін құру кезінде келесі қағидаларды қамтуы тиіс: 
1) салықтар алынатын табысты арттыруда заңды және жеке тұлғалардың 
мүдделілігін түсірмеуі және жоймауы тиіс; 
2) салықтар теңгерімділікке ие болуы керек, яғни оладың өлшемдері 
басқа да бюджетке түсетін түсімдермен бірге мемлекеттік шығындарды 
теңгеруі, кері жағдайда азайтуы тиіс; 
3) салықтар азаматтардың нақты табыстарының күнкөрістің ең төменгі 
деңгейі шамасымен анықталатын шекті мүмкін деңгейінен төмендеуіне жол 
бермеуі тиіс. 
Мемлекеттің жалпы ішкі өнім құнының белгілі бір бөлігін міндетті 
жарна түрінде қоғамның пайдасына алып тастауы салықтың мәнін құрайды. 


36 
Салықтардың, алымдардың, баждар және басқа да төлемдердің есебінен 
мемлекеттік қаржы ресурстары құралады.
Салықтардың экономикалық мазмұны мемлекеттің өз қызметтері мен 
міндеттерін іске асыру үшін шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың 
ұлттық табысының белгілі үлесін алу бойынша өндірістік қатынастардың бір 
бөлігін сипаттайды.
Салық қызметтері: 
- қазыналық қызмет; 
- қайта үлестіруші қызмет; 
- рететуші қызмет: ынталандыру және шектеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет