Алматы энергетика


Салықтың түрлері, салық элементтері. Салықтарды жіктеу



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
 
5.2 Салықтың түрлері, салық элементтері. Салықтарды жіктеу 
Салықтар – мемлекетпен бір жақты тәртіппен заңды түрде бекітілген 
белгілі өлшемдерде, белгілі мерзімдермен жүргізілетін, қайтарылмайтын, 
өтеусіз және тұрақты сипатқа ие, төлеу мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен 
қамтамасыз етілетін бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. 
Алым – салық төлеушіге көрсетілген қызмет үшін мемлекетке төленетін 
қашан да мақсатты бағытталған төлем.
Баж – арнайы өкілетті органдардың көрсеткен қызметтері және заңды 
күшке ие құжаттарды бергені үшін заңды және жеке тұлғалардан алынатын 
ақшалай алым.
5.1 кесте – ҚР-дағы қолданыстағы салықтар 
Салықтар 
Бюджетке төленетін басқа да міндетті 
төлемдер 
Корпоративтік табыс салығы 
Мемлекеттік баж 
Жеке табыс салығы 
Тіркеу алымы 
Қосылған құн салығы 
Автокөлік құралдарының ҚР территориясы 
бойынша жүру алымы
Акциздер 
Аукционнан алынатын алым 
Экспортқа салынатын ренталық 
салық 
Жекеленген қызмет түрлерімен айналысу 
құқығы үшін лицензия алымы 
Жер қойнауын пайдаланушы-
лардың салықтары мен арнайы 
төлемдері 
Радиожиіліктік 
спектрді 
пайдалану 
рұқсатын алу үшін алым 
Әлеуметтік салық 
Жер 
телімдерін 
пайдаланғаны 
үшін 
төлемақы 
Көлік құралдарына салынатын 
салық
Су 
ресурстарын 
пайдаланғаны 
үшін 
төлемақы 
Жер салығы
Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 
Мүлік салығы
Жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлем 
Ойын бизнесі салығы
Орманды пайдаланғаны үшін төлем 
Тіркелген салық 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды 
пайдаланғаны үшін төлем 


37 
Бірыңғай жер салығы 
Радиожиіліктік спектрді пайдаланғаны үшін 
төлем 
Телефондық және ұялы байланыс үшін 
төлем 
Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны 
үшін төлем 
Сыртқы 
(көрнекі) 
жарнаманы 
орналастырғаны үшін төлем 
Салықтарды келесі белгілері бойынша топтастыруға болады: 
- төлеуші және мемлекет қарым-қатынасындағы салық салу объектісі 
бойынша (тура, жанама); 
- салық салатын органдар бойынша; 
- пайдалануы бойынша; 
- объектінің экономикалық белгісі бойынша (нақты және жеке); 
- мөлшерлеме сипаты бойынша (үйлесімді, үдемелі/прогрессивті және 
кемімелі/регрессивті). 
Тура салықтар – салық төлеушінің табысты түгел алмаған сияқты 
сезінетіндей түрде салық төлеушінің табыстарынан немесе мүлігінен 
алынады.
Жанама салықтар – басқалай әлдеқайда айқын жолмен алынады және 
бағаға үсетеме ретінде белгіленеді. Олар салық төлеушінің табысымен немесе 
мүлігімен тікелей байланыспаған. 
Мемлекет салықты алу үшін үш тәсілді қолданады
1) негізден – иесі табысты алғанға дейін салықты алу; 
2) декларация бойынша – иесі табысты алғаннан кейін салықты алу; 
3) кадастр бойынша –сыртқы белгілері бойынша жіктелген, объектінің 
орташа табыстылығы көрсетілген, салық салу объектілерінің типтік тізімінен 
тұратын тізілім салықты бойынша алу.
Салық есебі – салық салумен байланысқан нысандар/объектілер туралы 
ақпаратты жалпылау және жүйелеу, сондай-ақ, салықтарды және басқа да 
міндетті төлемдерді бюджетке есептеу және салық есеп-қисабын жасау 
мақсатында ҚР Салық Кодексінің талаптарына сәйкес салық төлеушінің есеп 
құжатын жүргізу процесі.
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Салықтың маңызы неде? 
2) Салық қандай қызметтерді атқарады? 
3) Салықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі? 
4) Салық алудың қандай тәсілдері бар? 
5) Алымдардың, төлемдердің, баждардың мәні не? 


38 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет