22
Сонда, өндіру көлемі белгіленген мөлшерлемеден неғұрлым артса, соғұрлым
прогрессивті ұлғаюмен жұмысшының жалақысы жоғары болады.
Келісімді-сыйақылы жүйе кезінде белгіленген өнім көлеміне төлем тура
келісімді түрде жүргізіледі, бірақ жоспарлық тапсырманы асыра орындаған
жағдайда қызметкерлерге сыйақы беріледі, әрі сыйақы мөлшері көбіне
белгіленген мөлшерлемеге қарсы тапсырманы асыра орындаудың әрбір
пайызы үшін белгіленеді.
Энергокәсіпорындарда еңбекақының келісімді формалары жөндеу
шаруашылықтарында, энергобірлестіктердің құрылыс кәсіпорындарында,
өндіріс көлемі
белгілі немесе жоспарланатын, бірақ оның көлемі
энергетиктерге тәуелді болмағандықтан негізгі энергетикалық өндірісте
қолданыла алмайтын барлық қосымша бөлімшелерде қолданылады.
Еңбекақының мерзімдік жүйелерінің өзіндік түрлері бар: жай мерзімдік
(тарифтік мөлшерлемелер немесе лауазымдық қызметақы) және мерзімдік-
сыйақылы.
Энергетикада өзінің тарифтік мөлшерлемелері және коэффициенттері
қолданылады. Мысалы, қазіргі уақытта мұндай жүйенің негізі 0-ден 22-ге
дейінгі разрядтардан тұратын бірыңғай тарифтік кестеге құрылған. 1-ші
разрядтың тарифтік коэффициенті 1-ге, нөлдік разрядтыкі – 0,9, ал 22-ші
разрядтың тарифтік коэффициенті – 9,79 тең деп қабылданған.
Еңбекақының мерзімдік жүйесі кезінде негізгі еңбекақыдан бөлек, түнгі
ауысымдардағы, демалыс пен мереке күндердегі және т.б. жұмыс үшін
қосымша ақы қарастырылады.
Мерзімдік-сыйақылы жүйенің көптеген түрлері бар, олардың
арасындағы айырмашылықтар негізінен сыйақы затын белгілеуде болып
табылады.
Энергетикада сыйақы мөлшері тәуелді болатын өндіріс факторларының
арасында энергоөндірістің жоспарлық тапсырмаларын
және көрсеткіштерін
(мысалы, орнатылған қуатты тиімді пайдалану коэффициенті) орындау,
энергожабдық жұмысының апатсыздығы, энергиямен қамтамасыз етудің
тоқтаусыздығы және т.б. ең негізгілері болды.
Энергетикада сыйақылар, соның ішінде жоғары дәрежелі мамандық
үшін үстемақылар, кәсіптерді қоса атқарғаны, орнын алмастырғаны үшін
қосымша төлемдер, түнгі ауысымдар, демалыс пен мереке күндер, артық
жұмсалған уақыт үшін үстемақылар лауазымдық қызметке іс жүзінде жұмыс
істелген уақытқа есептеп жазылады.
Әрбір энергокәсіпорын басқарушылар үшін энергожүйемен бекітілген
негізгі көрсеткіштерді ескере отырып, қызметкерлерге сыйақы беру туралы
ережені өз бетінше жасап шығарады: пайдаланудың (эксплуатация),
техникалық қызмет көрсету және энергожабдықты жөндеудің нашар
ұйымдастырылуымен болатын апаттардың жоқ болуы, эноргожүйе жүктемесі
кестесінің орындалуы.
Еңбекақы төлеудің кез келген формасында жалақының жалпы қоры
келесі түрде жасалады:
23
1) жалақының тарифтік қоры (Ф
жал.
) оның жасалу тәсіліне байланыссыз
түрде есептеледі;
2) сыйақы қоры есептеледі (әдетте, белгілі пайыз – Р
пай
);
3) бұл ретте әрбір жұмысшыға жинақтаушы
зейнетақы қорға оған
есептелген жалақыдан және сыйақыдан 10 % аударылады;
4) барлық алынған сомадан әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік
қорына аударымнан тұратын бірыңғай әлеуметтік салық (Р
әл
) төлемі
жүргізіледі.
Біздің елімізде кәсіпорындарды жекешелендіру тәсіліне байланысты
қызметкердің меншікке не мүлікке қатысуының үш түрі болуы мүмкін:
1) қызметкер кәсіпорын мүлігіне толығымен ие;
2) қызметкер кәсіпорынның ақциялық бақылау пакетіне ие;
3) қызметкер акцияның бақылау пакетінің құрамына кірмейтін акция
бөлігіне ие.
Қазіргі уақытта энергетикада еңбек ұжымдары энергетика және
электрлендіру аймақтық акционерлік қоғамының орта есеппен 15 %
акциясына ие. Мысалы, «Сименс» (ГФР) концернінің жұмысшыларының 70
пайызы барлық капиталдың 20 %-на ие. Әлемдік тәжірибе мүлікті иеленуден
түсетін табыстар әдетте жұмысшының жиынтық табысының 10-15 %
құрайтынын көрсетуде. Сонда кәсіпорынның
қызметкер-акционерлерінің
жалпы табысы негізгі бөлік – еңбекақыны төлеу қорынан бөлек, сондай-ақ,
жыл бойындағы жұмыс нәтижелері бойынша сыйақыдан, дивидендтер
бойынша
үстемақылардан,
кәсіпорынның
бейөндірістік
қызметінен
(банктердің, биржалардың қызметіне, көлденең кәсіпорындардың акциялары
бойынша дивидендттеріне қатысу) түскен табыстардан тұруы мүмкін.
Еңбек
уәждемесі неғұрлым күшті болса, еңбектің өзі соғұрлым жоғары сапа мен
жауапкершілікке ие болады, нәтижесінде өндірістік-шаруашылық қызметтің
барлық көрсеткіштері бірден жақсарады.
Негізінде дұрыс ұйымдастырылған еңбек уәждемесі кезінде тұтас еңбек
ұжымы ортақ материалдық, рухани және адамгершіліктік мүдделермен
байланысқан пікірлестер тобын құрауы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
1) Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрамы қандай топтарға
жіктеледі?
2) Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер құрамына қызметкерлердің
қандай санаттары (категория) кіреді?
3) Еңбекті ұйымдастырудың негізгі ұғымдары мен терминдерін атаңыз.
4) Еңбек мөлшерлемесі (нормасы) деген не?
Еңбекті мөлшерлеу
әдістерін атаңыз.
5) Энергетикада еңбекақыны төлеудің қандай формалары мен жүйелері
қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: