Алматы энергетика


Өндірістік айналым қаражаттарының экономикалық мәні



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата17.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#50834
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
ЭЭ Саласыны4 экономикасы

2.3 Өндірістік айналым қаражаттарының экономикалық мәні. 
Айналым қаражаттардың құрамы 
Айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) деп бір өндірістік циклда 
тұтастай қолданылатын, өз құнын дайындалатын өнімге түгелдей көшіретін 
және заттай (натуралды) формадағы бірқалыпты ұдайы өндірісті талап ететін
еңбек затының құндық тұлғалануы не көрінісі түсіндіріледі. Айналым 
қаражаттары 
өндірістік 
айналым 
құралдарынан 
және 
айналым 
қаражаттарынан тұрады. Айналым қаражаттары өндірістік процесті 
қамтамасыз етеді, ал айналым құралдары айналым саласына қызмет етеді.
Өндірістік айналым құралдарына жатады:
1) шикізаттың, отынның, негізгі және қосымша материалдардың, артық 
қордағы бөлшектердің, жартылай фабрикаттардың өндірістік қорлары (ӨҚ); 
2) аяқталмаған өндіріс (АӨ) осы уақытта дайындау кезеңіндегі өнімнің 
құнынан тұрады; 
3) келешектегі кезеңдердің шығындары – бұл жаңа өнімді, ҒЗЖ, ТҚЖ 
шығаруға дайындауға кеткен шығындар; 
4) арзан бағалы және тез ескіретен не тозатын жабдық, қызмет мерзімі 1 
жылдан аз болатын құралдар.
Айналым қаражаттарына жатады:
1) дайындалған және дайын өнімді өткізу (ДӨӨ) процесіндегі айналым 
қаражаты; 
2) жалақыны төлеуге, шикізатты, материалдарды сатып алуға қажетті 
кәсіпорын иелігіндегі ақшалай қаражат (АҚ); 
3) дебиторлық берешек (ДБ); 
4) қоймадағы дайын өнімнің қаражаты (ҚДӨ). 
Энергетикалық компанияларда өнімді шығару/өндіру және оны тұтыну 
процестері іс жүзінде бір-біріне ұқсас келеді. Сондықтан да энергетикадағы 
айналым қаражаттарына тек ақша ақшалай қаражаттар ғана кіреді.
Егер айналым қаражаттарын 100 % деп алсақ, онда өндірістік айналым 
құралдары 70 %, ал айналым қаражаттарына 30 % сәйкес келеді. Айналым 
қаражаттары үнемі қозғалыста болады және өндіріс аясынан айнау аясына 
және керісінше ауыспалы айналым жасайды. Демек, оларды пайдалануды 
жақсарту мүмкіндіктері өндіріс аясында да, айналым аясында да болады.


17 
Өндірістік процесті бастау үшін негізгі құралдардан бөлек шикізатты, 
материалдарды және айналым құралдарының құрамына кіретін басқа да еңбек 
заттарын сатып алу үшін ақшалай ресурстар да қажет.
Материалдық айналым құралдары өндіріске келіп түседі, сол жерде 
еңбек құралдарын және заттарын пайдалану арқылы өнім жасалады. Өнімді 
өткізгеннен соң, кәсіпорын өзінің шығындарын жауып, пайда келтіретін 
ақшалай қаражатқа ие болады.
Айналым құралдарының бір айналымы былай аяқталады: 
Ақшалай қаражат (А) →материалдар, шикізат (М, Ш) →өндіріс (Ө) → 
дайын өнім (ДӨ) → өткізілген өнім (ӨӨ) → ақшалай қаражат. 
Айналым қаражаттарының айналымы дайын өнімді өткізгеннен соң 
айналым құралдары кәсіпорынға, яғни кәсіпорынның есеп айырысу шотына 
ақшалай формада қайтарылған кезде аяқталған болып есептелінеді. 
Айналым қаражаттары меншікті, тартылған және қарыздық болып 
бөлінеді.
Меншікті айналым қаражаттарына жатады:
1) пайда, амортизациялық аударымдар;
2) құнды қағаздарды сатудан түскен қаражаттар;
3) заңды және жеке тұлғалардың үлестік және басқа да жарналары, және 
де ақшалай қаражаттардың өзге де түсімдері.
Тартылған ақшалай қаражаттар кәсіпорындағы жалақы, сақтандыру 
төлемдерінің мерзімділігімен пайда болады. Төлемдер аралығындағы кезеңде 
есептелген, бірақ әлі төленбеген қаржылар басқа да шаруашылық 
қажеттіліктерге қолданылуы мүмкін.
Қарыздық айналым қаражаттарына жатады: банктегі белгілі бір 
мерзімге, белгілі пайыздармен берілетін несие және қарыздар, кепілзаттық 
куәлікті, сақтандыру полисін өткізуден түсетін түсімдер.
Сондай-ақ, айналым құралдары да нормалану белгісі бойынша 
жіктеледі. Нормаланатын айналым құралдарына өндірістік қорлар, 
аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдердің шығындары және кәсіпорын 
қоймаларындағы дайын өнім. Кәсіпорынның нормаланбайтын ақшалай 
қаражаттары – кәсіпорынның жұмысының жақсарғанын көрсететін есеп 
айырысудағы қаражаттар, жүктелген өнім. Айналым қаражаттарын нормалау 
қорлар нормасын күндермен және шығындардың нормативтерін заттай және 
ақшалай көріністе белгілеуге негізделеді. Нормаланатын қаражат 
айналымдары негізгі қаржылармен бірге кәсіпорын мүлігінің құрамына кіреді.
Кәсіпорында айналым қаражатын пайдалану тиімділігі айналымдық 
көрсеткіштерімен және олардың айналым уақытымен сипатталады.
Айналым қаражатының айналымдығының коэффициенті (айналымдар 
саны) айналым жылдамдығын сипаттайды және өнімді өткізуден түскен 
түсімнің кәсіпорынның орташа жылдық сомасына қатынасымен анықталады:
.
айн
өткк
об
орн
Ф
О
n
h


(2.8) 


18 
Айналымдық 
коэффициенті 
осы 
уақыт 
кезеңіндегі 
айналым 
қаражатының әрбір теңгесі есебінен дайын өнімнің қандай сомаға өткізілгенін 
көрсетеді. 
Айналым қаражатының айналым кезеңі немесе уақыты алдыңғы 
көрсеткішті күндерге түрлендіреді. Сонымен, айналым қаражатының орташа 
айналым уақыты келесі формуламен есептеледі:
,
айн
k
n
t
t

(2.9) 
мұндағы t
к
– қарастырылатын күнтізбелік кезең (жыл). 
Қаржы айналымын тездету кәсіпорын жұмысының тиімділігін 
арттырады.
Энергетикадағы айналым қаражатының айналымдығыны ықпал 
жасайтын негізгі факторлар болып табылады:
- тұтынушының энергия босатуын арттыру
- өз қажеттілігіндегі электр энергиясы шығынын және энергияны жіберу 
кезіндегі жоғалтуларды азайту; 
- материалды ресурстар шығындар нормасын төмендету; 
- қоймалардағы жөндеудің жоғары нормативті қосымша материалдары 
мен қосалқы бөлшектерін жою; 
- энергия тұтынушылармен есеп айырысу процесін тездету.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту және айналым 
қаражаттарының айналымдығын тездету өндірістік қорлардың әрбір теңгесі 
үшін көбірек өнім алуға, кәсіпорынның пайдасын және рентабельділігін 
арттыруға мүмкіндік береді.
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Кәсіпорынның 
негізгі және айналым қаражатының басты 
айырмашылықтарын атап көрсетіңіз. 
2) Негізгі өндірістік қорлардың тозу түрлерін атаңыз. 
3) Негізгі қорларды бағалау тәсілдері қандай?
4) «Негізгі қорлардың амортизациясы» дегеніміз не? 
5) Кәсіпорынның айналым қаражатының пайдаланылуы қандай 
көрсеткіштермен бағаланады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет