Алматы “Жазушы” 2013



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#1641
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

109
Бір шүкірлік қылмады.
Бір азамат ерде дәулет кем болса,
Қабаннан жаман Қарынбай
Жан екен деп оны білмеді,
Көзіне тіпті ілмеді.
Алайда ақын халықтың келешегіне үміт артып, ақыл-
парасаттың жеңетініне, жаңа ұрпақтың талапты, еңбекқор 
боларына сенеді оларға үміт артады, сондықтан дастанды:
Кейіндегі бозбалалар,
Налымаңыз, шырағым,
Күндердің күні болғанда,
Көк дария көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
Суда – балық, қырда – егін,
Диқаншылық көп болса,
Бәле-бәтер жоқ болса,
Талаптың күші сел болып,
Кетерсіз-дағы ел болып, –
деген өмірсүйгіштік, оптимистік пафоспен аяқтайды.
Қорыта  айтқанда,  Қашаған  жырларының  сыншылдық 
өрнегі адам болмысын терең пайымдау мен өмір-тұрмыста-
ғы  орынсыздықтарды,  жөнсіздіктер  мен  толымсыздық-
тар ды  білімдарлық  зердемен,  ақындық  шеберлікпен 
өрнектеудің айқын үлгісі болып табылады. 
ӘДЕБИЕТТЕР
1.  Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра, 1999.
2.  Кекілбаев  Ә.  Он  екі  томдық  шығармалар  жинағы.  10-т. 
Алматы. Өлке, 1999.
3.  Кекілбаев Ә. Сыр десте. V том. Алматы. Нұрлы әлем, 2009.
4.  Cыдиықұлы Қ. Ақберен. Алматы. Нұрлы әлем, 2007.
5.  Сыдиықұлы Қ. Ақын-жыраулар. Алматы, 1974.

110
Жоламан ҚОБЛАНОВ,
филология  ғылымдарының  канди-
даты, Ш.Есенов КМТжИУ доценті
 
ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ ЖЫРЛАРЫНДАҒЫ 
ДӘСТҮР МЕН ДАРАЛЫҚ
Жыраулар  поэзиясының  фольклормен  байланысы, 
фольк лорлық мұралармен қарым-қатынасы – жыраулардың 
жырды шығару барысында бейнелеу әдістері мен көркем 
образды әсерлі жеткізуінде айқын көрінеді. Мұндай жағ-
дай жыраулар шығармашылығының фольклормен толық 
байланысының дәлелі болса, сонымен қатар ауызекі тың 
шығарманы  туғызуында  ақындық  дара  стилін  қа лып-
тастыруда  да  байқалады.  Өйткені,  суырып  салма  жыр 
шығару  үстінде  жырау  әрқашан  фольклорлық  дәстүрге 
оралып  отырады,  фольклорлық  көркемдік  тәсілдерден 
пайдаланады. Жалпы жырды тыңдаушыға айтып жеткізуде 
фольклорлық  мұралардағы  сәтті  өрнектер,  теңеу,  мета-
фора, эпитет т.б. ақынға негізгі тірек қызметін атқарады. 
Сондықтан  ақын  фольклорлық  мұраларға  терең  бойлап, 
ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан мейірлене сусындайды. 
Бұл өз ретінде ақын шығармашылығының кемелденуіне, 
кемерінен асып жыр төгуіне негіз болады.
Жыраулар поэзиясында фольклорлық көрініс жасауда 
фольклорлық  бейнелеу  мен  көркемдік  әдіс-тәсілдер  мол 
кездеседі.  Мысалы,  Қашаған  Күржіманұлы  «Атамекен» 
дастанында Ақпан батырдың бейнесін былай суреттейді: 
Жиналыстың ішінде
Ерлер де бар қайратты
Қытайға шапқан кешегі,
Аждаһадай айбатты,

111
Жауын талай жайратқан,
Садақтың оғын қайратқан...
Бес жүз әскер ауыр қол,
Бастығы Ақпан батыр сол,
Көпті көрген көнеге
Қараңғы тұман түнде де
Сапар шегіп жол жүрсе,
Табылады екен сара жол... [1, 409].
Ақын жыр дастандарында басты қаһарманның келбетін 
суреттеуде фольклордан мол пайдаланып отырады. Әсіресе 
кейіптеу мен бірыңғай теңеу, анықтауыштарды жыр шу-
мағының кейінгі жағында келтіріп, ойын ықшамдап оты-
рады. Мысалы «Қарасай-Қази» дастанында:
Ол айтқаның ып-рас,
Сенің кеудең – темір, басың тас.
Тәңірім берсе тілекті,
Өзіңнің жерге түсер келдең – бас.
Сөйлейін сөзді жараса,
Қылармын саған тамаша.
Менің атымды сұрасаң:
Айдынды Орақ, айды Орақ,
Айбалталы қанды Орақ,
Аштархандай даңды Орақ,
Атса, мылтық өтпеген,
Салса найза теспеген,
Қылышпен шапса кеспеген,
Әзір болған жарандар
Түк қасынан кетпеген! – 
Мен аты-жөнімді айтайын:
Қази менен Қарасай!
Мен – сол Ер Орақтың баласы [1, 457].
Қашаған жырау әрбір көріністі бірінен соң бірін төк-
пелеп келтіру арқылы алуан түрлі суреттеу сипаттамасын 
жасауға қол жеткізеді. Мұның өзі арынды жыраудың өзіне 
дейінгі бай фольклорлық мұраны жете игергендігіне дәлел 
болады.

112
Жыраулар  поэзиясындағы  өзіндік  даралықтың  бір 
бел гісі  –  өз  өмірбаянына,  жеке  басына  байланысты  мә-
ліметтерді жырға қосу. Әрине, мұндай туындылар белгілі 
бір  жағ дайда,  белгілі  бір  оқиғаларға  байланысты  туып 
отырған. Сонымен бірге өзінің жақынын, ата-анасын ар-
наулы  жыр  жолдарына  енгізу  жыраулар  поэзиясына  тән 
құбылыс. Суырып салма ақындық барысында шыққан тегі 
туралы  айту  фольклорлық  поэзия  дәстүрінде  автордың 
даралығын көрсетеді, ақынның стильдік ерекшелігін ай-
қындайды. Мысалы:
Атам бір қайтты дүниеден,
Бес жаста жетім қалдырды,
Басыма қайғы салдырды.
Анам көрді жесірлік,
Өзім көрдім жетімдік,
Сүйтіп басым қайғырды.
Алты жаста еліктім,
Жеті жаста желіктім.
Сегіз жасқа келгенде,
Қадір білер ағалар:
«Шырағым, жүр!» – деп ерітті.
Он төрт жасқа келгенде, 
Балалықты тастадым.
Он бес жасқа келгенде,
Таяқ алып қолыма
Қойымның түстім жолына.
Табанға шарық байладым,
Жұмысқа басты сайладым.
Орынбор деген қалаға.
Сергей деген көпестің
Серкелі қойын айдадым [1, 320].
Ақын-жыраулардың даралығын білдіретін тағы бір ерек-
шелік – олар шығарған жырларын бірінші жақтан баяндай-
ды. Тыңдаушыға жеке пікірін, қарым-қатынасын сездіреді, 
айтпақ ойын шарықтата жырлайды. Мысалы, Қашаған:
Жаз болса, мен осы үйге қонбас едім,
Өлеңім, он төрт жастан жолдас едің.

113
Бай, сұпы, хан-хакімнен ығар болсаң,
Сен өлең, мен Қашаған болмас едім.
Осы үйге қона алмасам, маған сын,
Сұпыны шаға алмасаң, саған сын... [1, 346].
Дәстүрлі  халық  поэзиясындағы  қалыптасқан  түрлерді 
дамыту,  оның  барлық  мүмкіндіктерін  пайдалану  ақын-
жыраулардың  даралық  ерекшеліктеріне  біртіндеп  жол 
ашады.  Осы  ретте  көне  Скандинавия  поэзиясын  зерт-
теген  М.Стеблин-Каменскийдің  мына  пікірлерін  айта 
кеткеніміз  жөн:  «Сол  дәстүрлі  форманы  әрқашан  дамы-
тып,  жетілдіріп  отырудың  өзі  қажеттіліктен  туындайды. 
Сонда ғана мұндай шығармалар халыққа түсінікті болады. 
Скальдтық  жырлардың,  жалпы  скальдтар  поэзиясының 
ерекшелігі де міне осынысында... Скальдтар поэзиясына 
тән  форманы  сақтау  автордың  дәстүрлілік  шеңберінен 
шығып, шығармашылық еркіндік алуына кедергі болмайды, 
керісінше,  оның  кемелденуіндегі  заңдылықты  айқындай 
түседі» [2, 64].
Әрине,  қазақ  ақын-жыраулары  мен  скальдтар  поэзи-
ясы арасында тікелей байланыс болмаса да, бұл пікірдің 
типологиялық маңызы бар.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.  Сыдиықұлы  Қ.  Ақберен  (ХVІІІ-ХХ  ғасырлардағы  қазақ 
ақын-жырауларының шығармалары). Алматы. 2007.
2.  Стеблин-Каменский М.С. Древне-Скандинавская литера-
тура. Москва. 1979.
3.  Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. Алматы. 1983.
4.  Мағауин М. Қобыз сарыны. Алматы. 1968.
5.  Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алма-
ты. 1983.

114
Ақмарал ОТАРОВА,
филология ғылымдарының 
кандидаты,  Ш.Есенов  атындағы 
КМТжИУ доценті
 
ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕР
Маңғыстаудың сөз киесінің қатепті қара нары іспетті 
Қашаған Күржіманұлы шығармашылығы кең арналы, сан 
салалы деуге болады. Қай саладағы туындыларын қарасақ 
та бәріне ортақ бір сарын – таза халықтық әуен. Мазмұн 
жағынан  ел  мұңын,  халық  тірлігін  көтерсе,  түр,  стиль 
жағынан фольклорлық сарынды сақтайды.
Арғы бастауын көне түрік әдебиетінен алған адам өмірін 
кезең-кезеңге  бөліп  сипаттау  дәстүрі  қазақ  поэзиясында 
жалғастығын  тауып  келеді.  Араб,  парсы  әдебиеттерінің 
классикалық мұраларында адам өмірінің барлық шақтары 
жайында  даналық  тұрғысында  айтылған  небір  асыл 
поэзиялық  үлгілерді  кездестіреміз.  Мәселен,  Рудакидің 
«Кәрілік туралы элегия» туындысында адам өмірінің соңғы 
кезеңі туралы ой қозғап қана қоймай, жалпы өмірдің мәні 
туралы философиялық түйіндер түйеді.
Жыр жүйрігі Қашағанның ауыз әдебиетіне жақындығы 
оның  дастандарынан  ғана  емес,  арнау  өлеңдерінен, 
фольклорлық жанрлар аясында шығарма тудыруынан да 
көзге түседі. «Жетпіс беске келгенде», «Осы күн жолдас 
болдым сексенменен», «Қартайған шағында айтқаны», «Бұл 
өмірдің мысалы», «Бұл дүниеде не жетім» деген бір топ 
өлеңдерінде өмір мәні туралы толғанады. «Жетпіс беске 
келгенде» өлеңінде:
Жетпіс беске келгенде
Құртады екен әліңді,

115
Сорып алады екен қаныңды,
Кім көріпті мұндай залымды?!
Жетпіс беске келгенде
Әл кетеді екен жағыңнан…
Немесе,
Осы күн жолдас болдым сексенменен
Кез болды кәрілік шіркін сескенбеген.
Қартайсаң, күнің қандай аянышты,
Талтақ бұт, ойдық желке, күржік жауырын,
Тартылып бауыр шандыр, бүкшеңдеген… 
(«Осы күн жолдас болдым сексенменен») – деп кәрілік 
шақты қуат, қайраттың кеміп, өмірдің қуанышынан гөрі 
қайғы сын көбірек ойлар кез ретінде суреттегенмен, бұл 
өмірдің өткінші екендігін жақсы біледі.
Кесірі болады екен қартайғанның,
Өлеңді қартайғасын айта алмадым.
Айт деген қатар құрбы, жеңгейлердің
Назарын ол күндерде қайтармадым…
(«Осы күн жолдас болдым сексенменен»)
Көңілің келмес көнгісі,
Жетпіс бес бірақ тыңдай ма?!
Сыбырласып, сыңқылдап,
Баяғы күліп ойнайтын күн қайда?
деп кәрілік кезінде өмірлік жан қалауы – талант жырдың 
өзінен  алыстай  бастағанына  көңілі  құлазып,  жаны  жа-
бырқап, жастық шағын армандай еске алады. Адам өмірі-
нің екі кезеңін салыстыра суреттеумен шектелмей, жасы 
ұлғайған кезде адам өмірінің өзіндік мәні барлығын наси-
хатайды. Халық ауыз әдебиеті үлгісінде төгілте жыр толғап, 
шебер сөз кестелейді. Ақын тілі бейнелі де өткір.
Өпірім болу не керек,
Бақ-базарың ауған соң.
Бәсеке ету не керек,
Бастан билік кеткен соң.

116
Бұлаң сұлаң не керек,
Ақ бетіңнен нұр тайып,
Жер ортадан асқан соң.
Елең-селең не керек,
Жас елуден кеткен соң.
Жалтаң-жұлтаң не керек,
Жігіттік бастан өткен соң…
Бұл өмірдің мысалы
Кешегі көрген бүгін жоқ,
Ұшып кеткен көбелек, –
деп ақын өткінші өмір мәні ожарлық, тәкаппарлыққа са-
лыну, бәсеке байлық, жағымпаздық емес, ақ сөйлеп, адал 
жүру  деген  түйін  айтады.  Жалған  дүниенің  қайшылығы 
мен  қасиетін  терең  ашып,  жарқырата  көрсетеді.Ол  тір-
шілікті қалай болса солай өткізетіндермен келіспей, маз-
мұнды  тіршілік  кешуді  қалайды.  Қашаған  ақынның  бұл 
өлеңдерінде  адам  өмірі  туралы  өзіндік  философиялық 
толғау бар. Осы орайда ауыз әдебиетінің байырғы теңеу, 
метафоралары да тапқырлықпен орынды пайдаланылады.
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың 
өзімен  бірге  жасасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  болып 
жалғасып  келе  жатқан–  халқымыздың  салт-дәстүрі  мен 
әдет– ғұрпы. Ақын жыраулар поэзиясында салт-дәстүрдің, 
әдет-ғұрыптың  алатын  орны  ерекше.  Қашағанның  да 
бірқатар  өлеңдері  тұрмыс-салт  тақырыбына  арналған. 
Олардың қатарында «Аралбайды жұбатуы», «Қонақкәде», 
«Тойбастар», «Ұзатылып бара жатқан қызға берген батасы» 
туындыларын атай аламыз.
Қашаған ақынның арнау өлеңінің ішінде дәстүрлі көңіл 
айту,  жұбату  түрінде  келетін  ерекше  назар  аударарлық 
шығармасы Аралбай  ақынның жалғыз баласы Берекетке 
көңіл айтқан өлеңі – «Аралбайды жұбатуы». Өлең Ойыл 
ауданында тұратын Төкешев Қазтайдың айтуымен жазы-
лып алынған. Әдетте естірту, жұбату мәнді өлеңдер тұтас 
түрінде қайғыға душар болған жанға өзге адамның аузынан 
айтылатын болса, «Аралбайды жұбатуда» Аралбай басына 
түскен  қайғысын  өзі  айтып,  замандасы  Қашаған  ақынға 
мұңын шағады. Естіртудің тұспалдаумен, жұмбақпен, салы-

117
стыру, теңеумен басталып, айтушының тыңдаушысын суық 
хабарды естіртуге дайындап алатын сипаттары «Аралбайды 
жұбатуда» да бар. Аралбай ақын:
...Мен – ботасы өлген боз мая
Тұлыбына келіп аңыраған.
Мен бір жүрген ақ киік,
Лағын түзде алдырып,
Орнына келіп маңыраған, –
деп өз басына түскен ауыр жайтты, жүрек қайғысын мы-
салдай, ишаралай келіп, шерін ақтарар тұста:
...Қадірлі аға, Қашеке-ау,
Жалғызымнан айрылып,
Қанатымнан қайрылып,
Көңілім сөйтіп түңілген, –
деп естіртеді. Сонда Қашаған Аралбайды жұбату жырын 
толғайды:
...Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ...
Болаттан бекем бол деген,
Болдырғанға болмасқа.
Уайым, ашу жарамас
Сендей бір жанға, жолдасқа.
Қашағанның  жауабында  жұбату,  Аралбайдың  басын-
дағы  қайғысына  ортақтасу  сияқты  адамгершілік,  ізгілік 
сезімдері  қабат  келеді.  Оның  жұбатуы  –  жалғызынан 
айырылып  көкірегі  қарс  айырылып  отырған  Аралбайды 
ғана  емес,  бар  перзентін  қара  жердің  қойнына  тапсы-
рып, ұрпақсыз өтіп бара жатқан өзін де жұбату. Аралбай 
басындағы қайғы Қашағанның да қайғысы.
Қашағанның суырыпсалма, табан астында шығарушы-
лық  талантын  танытатын  жырларының  қатарына  әзіл-
қалжың араласып келетін «Қонақкәде» өлеңін жатқызамыз. 
Халқымызда  үйіне  келген  қонақтың  өнерін  байқау,  жа-
қынырақ  танысу  мақсатында  қонақкәде  деген  әдеті  бар. 
Көбінесе  әркім  ел  арасына  кеңінен  тараған,  көпшіліктің 

118
білетін  ән-жыр,  күйлерін  ортаға  салып  жатады.  Алайда, 
ақындардың  қонақкәдеге  арнайы  өлең  арнап  шығаруы 
көп кездеспейді. Қонақкәдеге табан астында күй шығару 
өнері Өскінбай күйшіде болған. Олай болса, қонақкәдеге 
өлең  шығару  Қашаған  шығармашылығының  өзіндік  бір 
ерекшелігін танытары сөзсіз.
Кейбір қызға қарасам,
Алтыннан құйған асықтай,
Күмістен құйған қасықтай.
Кейбір қызға қарасам,
Құбылған беті мақпалдай…– 
деп басталатын әзілі аралас келетін ақжелең өлең жолда-
рында ақылына заты сай аруларды бейнелеуде эпитеттер 
мен ауыстыруларды орынды қолданады.
Айтыс  жанрындағы  Қашағанның  шығармалары  оның 
ақындық өнерін танытып қоймай, суырыпсалма ақпа жырау 
болғандығына куә боларлық туындылар дейміз. Қашаған 
айтыстарында да елдікті, ерлікті, адамгершілікті жырлап 
өткен.
Қашағанның жас кезіндегі айтыстарының бірі – Нұрым 
ақынмен  кездесуі.  Бұл  дін  тақырыбындағы  сұрақ-жауап 
түрінде келген айтыстың бірі. Нұрымның өзіне қойған дү-
ние мен адамның жаралуы, Ніл дария көпірі, пайғамбарлар 
қауымы  туралы  діни  аңыздар,  ата  тек  шежіресі  туралы 
сауалдарына  еш  тосылмай  жауап  беріп,  аға  ақынды  көп 
білетіндігімен тәнті етеді.
Қашағанның  айтыстары  ішінде  оның  Ізім  шайырмен 
тілдесуінің әлеуметтік, көркемдігі мәні ерекше. «Қашаған 
мен  Ізім  шайыр»  айтысы  Кіші  жүз  жеріндегі  Байұлы-
Адайлар  мен  Жетіру-Тама,  Табын  елдерінің  тарихымен 
байланысты  біраз  жайлардың  бетін  ашады.  Тама,  табын 
елдерінің  аты  шыққан  ақыны  Ізім  адайлардың  көшпелі 
тұрмысын,  шаруашылықпен  айналысқан  ел  өмірін  келе-
ке етіп, Қашағанға тиісе сөйлейді. Қалың бұқара атынан 
сөйлеген Қашаған орынсыз руға тиіскен Ізім шайырдың 
жеңіл ойлы сөздерін бас көтертпей жалынды сөз күшімен 
тежеп тастайды:

119
Еліңнің орысша рас тілі жатық,
Адайдың ішетіні сүт пен қатық.
Ләйліп арақ ішіп мас болғанда,
Шалыңды жасың таспен ұрады дейді,
Көргенсіз, бейқасиет, Құдай атып, –
деп  әдепсіздікті  сынап,  қарсы  дау  айтады.  Бұл  айтыста 
өзге ақындар айтыстардың көбінде кездесетін ақындардың 
өздері туралы толғаныстары кездеспейді. Ел бірлігін ұстын 
қып ұстаған бұқарашыл ақын мал баққан шаруақор елдің 
құты болған киелі мекені Маңғыстауды жыр етеді. Хорезм 
хандығына қарсы күресте Хиуа бектері мен Әлке атқамінер 
өлтірткен Сүгір т.б. Адай батырларын бетке салық еткісі 
келген Ізімге Табын ханы Әлкенің жастық тартып ауырып 
өлмей, оны өлтірген адай ерлері екенін, талай жауды той-
тарып, еліне қамқор болғанын айтады. Қашаған мен Ізім 
айтысының  қорытындысында  ел  билеген  озбыр  әкімдер 
қатты  сынға  ұшырайды.  Бұл  айтыста  Қашаған  өзінің 
ақындық өнерін асырып, елдің арғы-бергі тарихын жетік 
білетін білімдарлығымен жеңіп кетеді. Оның айтыс жанр-
ларына қатысын осы тұрғыда қарауға болады. 
Қашағанның  Ізбаспен  айтысының  да  өзекті  мәселесі 
менмендік, өзімшілдікті әшкерелеуге құрылған. Бір жиында 
сексеннен асқан Қашағанның перзентсіздігі мен кедейлігін 
бетіне  басып  мұқатпақ  болған  қырықтар  шамасындағы 
атаққұмар  Ізбасты  ел  алдында  өткір  сөздерімен  түйреп 
әбден масқарасын шығарады. Ақындар айтысының ежелгі 
дәстүрімен өзін көтермелей, қарсыласын кішірейте сөйлеу 
Қашаған мен Ізбас айтысының да бір тәсілі. Қашағанның 
«менінің»  әні  тереңде  жатыр.  Оған  халықтық  ең  асыл 
қасиеттердің бәрі сыйып жатады. Оның айтыс жанрларына 
қатысын осы тұрғыда қарауға болады. «Мен қайыртпай кет-
кен ақынмын», «Мен – мұхит жатқан тереңмін, шамшырақ 
жанған түбімде», «сен – бір жабы, мен – тұлпар», «сен – 
қарға да, мен – сұңқар», «мен – теңіздегі кемемін», «менің 
сөзім – сары алтын, сенің сөзің – қола, мыс» деп келетін 
көптеген  троп,  метафоралар  ақын  тіліндегі  көркемдеу 
құралдардың сан алуан құбылып отыратынын аңғартады. 

120
Бұл жолдардан Қашағанның сөз зергері екендігімен қатар, 
Махамбет  сияқты  ақындар  жырының  өткірлік  рухынан 
үйренген  әсерін  де  байқаймыз.  Қашаған  поэзиясының 
көркемдік кестесінде мұндай терең мағыналы сөздер молы-
нан кездеседі. Көркемдік – өнер шығармаларының өзіндік 
ерекшелігі,  эстетикалық  сұлулығы,  дүниені,  болмысты 
сипаттап  сөйлетудегі  суреттілік,  бейнелілік,өрнектілік. 
Көркемдік – поэзиялық туындының сапалық көрсеткіші. 
Ақын поэзиясының көптеген тұстары суреттегіш бейнелік 
құралдар жүйесінің іштей жарасым үйлесімінен, мазмұны 
мен  пішінінің  тұтастық  бірлігінен  көрінеді.  Қашаған 
поэзиясының көркемдік жүйесінде теңеулердің эстетика-
лық мәні ерекше. 
Айта  кетуді  керек  ететін  бір  жайт,  Қашаған  шежіре-
тарихқа жетік ақын. Әлеумет жайының ұдайы алға ұсталып 
айтылуы,  оның  ақиқаттың  алмас  қылышындай  өткір, 
айқын  айтылуы  ақын  шығармаларының  мейлінше  дара 
өзгешелігі, асқан бұқарашылдығы. Сондықтан да Қашаған 
шығармалары өз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының 
мұңын көтере алған, тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған ту-
ындылар.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Сыдиықұлы Қ. Ақберен. XYIII-XX ғасырлардағы қазақ 
ақын-жырауларының  шығармалары.  Алматы:  «Нұрлы 
әлем», 2007. 576 б.
2. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, Санат, 
1997. 928 б.
3.  Қайыртпай  кеткен  Қашаған.  Алматы,  «Жазушы»  2011. 
432 б.
4. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы, «Жазушы», 1991. 
432 б.

121
Бақтыбай ЖАЙЛАУ,
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ 
магистранты
 
ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ 
БЕЙНЕСІ
Тумысынан табиғаты бөлек талантты тағдыр иесі Қа ша-
ған Күржіманұлының тарихи тұлғасымен қоса әде биеттегі 
бейнесі  де  дараланып  тұрады.  Оның  бөлек  болмысын, 
ақындық тұлғасын танытуда түрлі дәйек-деректерге сүйене 
аламыз. Ең алдымен Қашағанның өз шығармалары – жыр-
термелері,  дастандары  мен  айтыстарындағы  ақындық 
«мені» арқылы таныссақ; екіншіден, ол туралы жазылған 
көсемсөздер,  естеліктер  мен  зерттеулер,  арнау  өлеңдер 
арқылы ақын тұлғасына үңілеміз.
Алғашқы  мысал.  «Бастапқы  сөз»  жырындағы  Қаша-
ғанның бала, бозбала бейнесі қаншалықты талантты бол-
са,  соншалықты  талапты,  тағдыры  қаншалықты  азапты 
болса, мінезі соншалықты өжет, армандары қаншалықты 
биік болса, рухы да соншалықты асқақ қалпында көрінеді. 
«Өнерден дәулет жинадым» деп аяқталатын сол алғашқы 
аяқалысынан-ақ қалыптасқан дер шағы «Мен қайыртпай 
кеткен жүйрікпін» дейтін кезеңге дейінгі ақындық қуаты 
қай-қай жағынан да тек қана артып отыруымен кім-кімді 
де таңқалдырмай қоймайды [1, 27].
Қашекеңнің  «Ол  күндегі  о  да  саз,  бұл  күндегі  бұ  да 
саз»  деген  «сазын»  «сөзбен»  ауыстырсақ,  кешегі  және 
бү гінгі,  тіпті  ертеңгі  сөз  өнеріміздегі  қазақтың  бағына 
туған  перзенті  Әбіш  Кекілбайұлы  ақпа-төкпе  ақынды 
«Жырдария»  атап,  «Маңғыстау  жыр  мектебінің  орман 
иесіндей ата бәйтерегі» дейді: «Қашаған жырын тыңдасаң, 
оқысаң, әр ғасырда әрқилы аталғанмен, ықылым заманнан 

122
жер  үсті  ғаламаттарының  бәріне  қатысып  келе  жатқан 
хал қымыздың көп ғасырлық көне тарихының көк айдын 
мұ хитына  жүзгендей,  сол  көп  ғасыр  бойғы  қордаланған 
рухани ырзығының бәрі төкпей-шашпай жиылып, қаймағы 
алын бай туырылып тыныш тұрған қасиетті қара қазанының 
қақпағын  ашып,  нәр  татқандай,  халық  парасатының  көп 
замандардан бері тұяқ кешті болмай тұнып тұрған кәусар 
көліне  күмп  бергендей  боласың.  Мейірің  әбден  қанып, 
мерейің әбден тасады. Өйткені, Қашағанның бойында тек 
халықтық табиғаттан туындайтын алыптық қасиеттердің 
бәрі бар. Оның ең бастысы – Қашаған шығармашылығының 
тек бір адамның жеке басының рухани тәжірибесімен шек-
телмей, бүкіл бір халық, бір ұлттың көп ғасырлық рухани 
тәжірибесін қапысыз қамтитын тарихи ауқымдылығы» [9, 
313].
Енді әр алуан мысалдар келтіре отырып, ондағы ақын 
тұлғасын  аңдап  қарайық.  Қашаған  мен  Нұрымның  сұ-
рақ-жауап  айтысында  әп  дегеннен  «Тілің  шешен,  ернің 
еп, Айтқыш деп жүр ғой сені көп» деп бастаған аға ақын 
інісін  сынақ  пен  сұрақтың  астына  алады.  «Нұрым  жұм-
бақтарының  Қашаған  бәрін  де  шешеді.  Айтыс  соңында 
Нұрым Қашағанға риза болып:
– О, шырағым, жұрт айтқыш дейтін еді, рас екен, тірлікте 
шылбырыңнан ешкім ұстай алмас, мына тойды сен баста, 
сен тұрғанда ағаң дем алғандай екен, – деп батасын береді 
[5,383]. Нұрымның бір сөзінде: «Сен бір – қойма дүкенсің, 
ұрулы тұрған құлыбың» деуі де Қашағанның көкірегіндегі 
қазына құнының бәсін білгендік.
«Қашағанды Жамбыл Сүйінбаймен тең ұстап, қадірле-
ген. Ол:
Сүйінбай мен Қашаған
Қара өлеңді матаған.
Атын жаттап балалар
Әлі күнге атаған, –
деп өлеңге қосты» [6, 693].
Маңғыстау жыр мектебінің атақты өкілі жыршы Әлқуат 
Қожабергенұлы  талабын  енді  ұштап,  қадамын  жаңа  ба-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет