«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мм «№3 орта мектеп» мкм



бет4/5
Дата28.04.2023
өлшемі158,63 Kb.
#87884
1   2   3   4   5
Адамзатқа (8-сынып)
Ей, адамзат жамандыққа бармағын,
Тас жүректі, мейірімсіз болмағын.
Жүрегіңде болса титтей мейірім
Иманың мен дәстүріңді сатпағын.

Қазағым (8-сынып)
Намысы мен рухы биік қазағым,
Қуанышта қайнасын тай қазаның.
Түсірдің сен бар халықтың назарын,
Талайларды тамсандырған, қазағым.

Өтті сенің басыңнан ауыр күндер,


Талай сұмдық орын алды жүрегіңнен.
Жалындары сөнбеді көңілдерден
Қан мен тердің күшімен бәрін жеңген.

Кеудесінде намыс оты алаулаған,


Қиындыққа төзе білген санаулы адам.
Еркіндікті таңдап қазақ жаңылмаған,
Рухты сөзің жүректерде дабылдаған.

Қазақ елін жоқ деді көрінгендер,


Қырып салып жоюға бекінгендер.
Сол арқылы абыройын көтергендер,
Бауырларды өлтіріп кекірмендер.

«Күл болмасаң, бүл бол» -деді көнбегендер,


Ертеңі үшін алаңдап түңілгендер.
Ар-намысын оятып жүгіргендер,
Шықты алаңға, қарусыз жігерлілер.

Тәуелсіздік жеңіл жолмен келмеді,


Бостандықты оңайлықпен бермеді.
Жастарымыз оған мүлде көнбеді
Алаш рухын бәрібір де жеңбеді.
Айбарлы да қайсар менің қазағым,
Сен туралы рақаттанып жазамын.
Өз өлкемде мәңгі жайнап қаламын
Егеменді, тату менің қазағым!

Аналар мен қыздарға (8-сынып)
Бақытты болар бала анаменен,
Асыл адам кім десе, ана дер ем.
Сәби үшін жан беріп, жанталасқан,
Осындай мейірбан ғой ана деген.

Қазағымның қара көз қыздарына,


Сөз жетпейді керемет қылығына.
Көз тартқызған кербездей келбеттері,
Жаулап алар жүректі тамырынан.

Ана, сіздің кең жайған жолыңдамыз,


Ана, сізге баршамыз қарыздармыз.
Жаратқаннан тілеймін ұзақ ғұмыр,
Ана жаным, ешқашан ауырмаңыз.

Жігіттер, қадірлеңдер қазақ қызын,


Таптамаңдар, қорғаңдар ар-намысын.
Өздеріңдей жас болған әкелерден,
Сұраңдар, қалай сыйлар қазақ қызын.


Өмірді сүй (7-сынып)

Ақиқаттан сен ешқашан қорықпа


Өмір сені жетелейді әр уақытта.
Өмір саған бақыт, шаттық сыйлайды
Өмір сені ұмытпайды жадында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет