«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мм «№3 орта мектеп» мкм



бет2/5
Дата28.04.2023
өлшемі158,63 Kb.
#87884
1   2   3   4   5
Әке (9-сынып)

Аралайтын қуанышпен ел ішін,


Қиындықтың бәрін көрген мен үшін.
Өзгелерге пайдам тиіп жатқаны,
Әке, әрине, бұл да сенің жеңісің.

Жақсылыққа толсын дәйім жан-жағың,


Бір тағдырға тапсырамын қалғанын.
Орындалып қалар мүмкін бір күні,
Әке, сенің орындалмас арманың.

Биік болған өзгелерден тұғырың,


Ұзақ болсын деп тілеймін ғұмырың.
Аламанды шаңдатуға дайын жүр
Әке, сенің жүзден жүйрік құлының.

Тисе-дағы басқаларға кесірім,


Баласына беріп жүрді кешірім.
Алтынменен жазылуға лайықты,
Әке, сенің таңғажайып есімің.
Абай әлемімен сырласу (9-сынып)

Жер жаһанға есіміңіз жаңғырған,


Таңғажайып жырларыңыз таңға ұрған.
Дана Абай, сізден асқан жан бар ма
Өшпейтұғын артына сөз қалдырған.

Абайы бар біздің қазақ бай халық,


Таңба болып басылғандай тайға анық.
Халқын сүйген перзенті тұр өйткені
Адамзаттың Абайына айналып.

Әр сөзінде даналық пен ұлылық


Жүрек тұрар шуағына жылынып.
Сізден көрем ақиқаттың айнасын,
Қара сөздің парқын терең ұғынып.

Адамдықтың сара жолын нұсқаған


Өлеңіңіз талабымды ұштаған.
Болмасам да ұқсап бағам жақсыға,
Қағидам бар бұл өмірде ұстаған.

Түпсіз терең сізді мұхит көремін,


Сол мұхиттың маржандарын теремін.
Өлең деген патшалықты аралап,
Өлкесіне қанат қағып келемін.

Қылыштан да өткір болар тіл деген,


Шындық айта шығардыңыз түрлі өлең.
Заманыңыз заһар талай ішкізіп,
Арпалысып өттіңіз-ау мұңменен.

Халқың бекер атамайды ұлы деп,


Ұлылардың арқалаған жүгі көп.
Қазақ тілін қастерлеймін сондықтан
Ұлы Абай сөйлеп кеткен тілім деп.


Қонаевқа арнау (8-сынып)
Қалам алып, өлең жазу ойымда,
Бір қуат бар көрінбеген бойымда.
Шабытым кеп, жыр жазуға бекіндім,
Ұлы тұлға Дінмұхаммед жайында.

Атажан, адал жан ең, тұлпарым ең,


Дүбірлі ел басқарған қыраным ең,
Халқың үшін асыл боп жаралып ең,
Құдайдың сүйген құлы қазағым-ең.

Сен болмасаң қазағым жанар ма еді


Қараңғы зор түнекте қалар ма еді?
Елу елге кірем деген талпыныспен
Тастан зәулім сарайды салар ма еді?
Желтоқсанның желі бір ызғарлы еді
Қабағында қарт таудың сыз бар еді.
Кең даланы көркейткен Қонаевты
Әп-сәтте Колбин келіп алған еді.

Қазақ қалай күн кешсін шырайланып,


Үкіметтен қол үзген былай қалып.
Бірақ елін жоғалтпай жебеп әлі
Димаш рухы аспанда жүр айналып.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет