Алматы облысы, Іле ауданы, №38 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: “Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тілдік дағдыларды үйретуде сатылай кешенді талдаудың тиімділігі”



бет5/5
Дата03.10.2023
өлшемі1,59 Mb.
#112792
1   2   3   4   5

Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыру. Сатылай кешенді талдауда жазылымның орны ерекше. Жазылым арқылы оқушы сатылай кешенді талдаудың өзіндік жазу тәртібімен танысады, әдемі, сауатты жазуға үйренеді. Жазылым барысында сатылай кешенді талдауда қалыптасқан бірізділік, жүйелілік, теория мен практиканың байланысы, беріктілік ұстанымын меңгереді.

  • Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыру. Сатылай кешенді талдауда жазылымның орны ерекше. Жазылым арқылы оқушы сатылай кешенді талдаудың өзіндік жазу тәртібімен танысады, әдемі, сауатты жазуға үйренеді. Жазылым барысында сатылай кешенді талдауда қалыптасқан бірізділік, жүйелілік, теория мен практиканың байланысы, беріктілік ұстанымын меңгереді.

Оқушыларға сөзсазындық (фонологиялық) талдауды меңгерту арқылы сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу дағдысын қалыптастыра аламыз.

  • Оқушыларға сөзсазындық (фонологиялық) талдауды меңгерту арқылы сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу дағдысын қалыптастыра аламыз.
  • Оқушыларға сөз құрамын, сөздердің жасалу жолдарын қосымшалар, сөздердің лексикалық, грамматикалық мағыналарын, сөз таптарын меңгерту арқылы дұрыс сөйлеу, сауатты жазу, тыныс белгіні дұрыс қою машықтығын,шағын әңгіме жазуға қалыптастырамыз.
  • Лексика саласы бойынша тіліміздегі сөздердің алуан түрлі сырларын, мағыналарын меңгерте аламыз. Шағын әңгіме жазуда сөздерді орынды қолдана білу дағдысын қалыптастырамыз.
  • Синтаксис саласынан сөз тіркесі, сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, жай сөйлемнің түрлері жайлы теориялық білім беріліп, олардың сатылай кешенді талдау жүйесін меңгертеміз.

Сатылай кешенді талдау

  • 1. Авторы: А.Байтұрсынов
  • 2. Тақырыбы:
  • «Тәкаппар бидай»
  • 3. Жанр: поэзия (мысал)
  • 4. Идеясы:
  • адамдық қасиетті жоғалтпау,тәкаппар болмау
  • 5. Шумақ –аяқталған синтаксистік біртұтас ой. 9 шумақты
  • 6. Тармақ –өлеңнің әр жолы.36 тармақты
  • 7. Бунақ –белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.3-4-4
  • 8. Буын :11
  • 9. Ұйқас түрі:
  • қара өлең ұйқасы (-а,-а,-б,-а)
  • 10. Әдеби-теориялық ұғымдар:
  • А) Аллегория – мысалда адамдардың орнына жануарлар мен жәндіктердің,өсімдіктердің істеген іс-әрекеттері.
  • Тағзым етті,көкке қарады,бастарын төмен салды,өзін көпке балады,шекірейіп көпке қарайды,өзгелерді теңгермейді.
  • Ә) Ауыспалы мағынадағы сөздер: нұрға қану – суға қану.

11. Түсіндірме сөздік

  • 11. Түсіндірме сөздік
  • Тағзым ету-қызмет көрсету.
  • Қайран калу-таңғалу.
  • Шекірейіп қарау-менсінбеу.
  • Төмен бүгілу-иіліп тұр
  • Сорайған қарасы- ұзын бойы.
  • Тәкаппар-өркөкірек.
  • Тұтынба-еліктеме.
  • Балау-тең көру,бірдей санау.
  • Сайран етіп-қыдырып,қыдырып.
  • Көкке қарап-өзін жоғары санау.
  • Теңгермейді-менсінбеу.
  • 12. Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні :егін арқылы адамдарды мақтаншақтық, тәкаппарлық , өзімшілдік сияқты жаман әдеттерден сақтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет