снстемамен байланысты мағыналық элементтер де болады. Сон-
дықтан да көп мағыналы сөздер дегенде осы қолданылу процесін-
дегі семалардың біреуінің бір тіркесте, екіншісінің екінші бір
тіркесте шешуші позицияға шығуын, сөз мағынасы ретінде бой көр-
сетуін айтамыз. Сондықтан да біз сөздің қолданғандағы мағына-
сы мен адам ойындағы ұғымның көлемі сәйкес келе бермейді деген
тезисті қолданғанбыз. Төртіншіден, сема мағынаның ең кішкентай
бөлшегі; ары қарай майда бөлшектерге бөлінбейді. Сондықтан да
сөз мағынасын компонентті анализ әдісімен талдап қарайтын бол-
сак, онда сөз мағыналарын бір не бірнеше семаларға бөлуге бо-
латындығына көз жеткізуге болады. Мысалы,
жүр
етістігін алып
көрелік. Бұл етістіктің лексикалық мағына құрамында, біздіңше,
мынадай семалар бар: 1) қозғалу қимылы бар, 2) қозғалған заттың
бір орыннан екінші бір орынға өткендігін білдіреді, 3) қозға-
лу жерде болады, 3) бағытсыз қозғалысты білдіреді, 5) қозғалыс-
тың темпісінің баяу (жүгіруге қарама-қарсы) болғандығын, 6) про-
цестің созылыңқылығын, т. б. білдіреді. Ал,
түс
етістігінде болса,
1) козғалыс қимылы бар, 2) қозғалған заттың бір орыннан екінші
орынға өткендігін білдіреді, 3) қозғалыстың жоғарыдан төмен
карай болғандығын білдіреді, 4) козғалыстың темпісіне нейтраль
болады, 5) козғалған заттың белгілі бір жерге, территорияға ба-
ғытталғандығын білдіреді, т. б. Жоғарыдағы мысалдарымыздан
кез келген сөздердің мағынасы майда семалардан кұралады, не-
месе сөздердің мағынасын майда семаларға белуге болады деген
қорытынды шығаруға болады. Бірак сөздер тіркесте келіп, белгілі
бір максатта колданылуымен байланысты сөз мағынасымен бай
ланысты болған семалардың барлығы бірдей сөздің сол тіркестегі
мағына компоненттеріне енбеуі де мүмкін. Салыстырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: