олар үй жануарларының атаулары және төл атаулары деген сияқ-
ты семаларымен ажыратылып жатады.
Жалпылаушы сема тематикалық, лексико-семантикалық топ-
тарға сөздерді топтастыруға негіз болады, ал айырушы сема сол
топтың мүшелерінің жеке-дербес жасауына жағдай жасайтын
сема болып есептелінеді. Жеке сөз таптарын лексико-семантика-
лық топтарға бөлу дәстүрі басқа тілдерде қалыптасқан болса да,
түркі тілдерінде әлі толық ондай топтарга бөлініп зерттелінген
жоқ. Рас соңғы кездерде кейбір тематикалық топтар мен лексико-
семантикалық топтардың табпғатын ашуға әрекет еткен еңбектер
жарық көріп жүр, бірақ олар әлі жеткіліксіз. Сондықтан да казақ
тілінің материалдары
негізінде кей сөз табының тематикалық
топтары мен лексико-семантикалық топтарынан үлгі көрсетуді
жөн деп есептейміз.
Қазақ тіліндегі етістіктерді жалпылауыш семаларына карай
мынадай лексико-семантикалық топтарға бөлуге болады (Ора-
зов 83) *.
I. Амал-әрекет етістіктері. Бұл топтағы етістіктер белгілі бір
объектіге бағытталған амал-әрекетті білдіретін жалпылауыш
семаларымен байланысты топтастырылған. Оларды төмендегіше
семантикалық тодітарға бөлуге болады. 1. Қоректенуді білдіретін
етістіктер:
іш, же, ұртта, аса, дәм тат, сорапта, жалма,
т. б. 2. Жа-
сау, өндіру етіетіктері:
жаса, соқ, жарат, тік, сал, құрастыр, қабы,
т. б. 3. Қирату, бүлдіру етістіктері:
қират, бүлдір, бүз, сындыр, күл
талқан ет, күлін көкке үшыр,
т. б. 4. Бөлу, ажырату етістіктері:
бөл, екиіе, ажырат, айыр, сүрыпта,
т. б. 5. Өлшеу етістіктері:
метр-
ле, қарыста, білемде, литрле, адымда,
т. б. 6. Белгілі бір кұралмен
орындалатын амал-әрекетті білдіретін етістіктер:
балтала, бауыз-
да, бүрғыла, пыіиақта,
т. б.
II. Қозғалу етістіктері. Бұл топтағы етістіктердің жалпылаушы
семасы қозғалысқа түскен заттардың не адамның орыннан екінші
бір орынға өткендігін, орын ауыстырғандығын білдіреді:
жүр, шап,
кел, кет, бар,
т. б. Қозғалу етістіктерін мынадай семантикалық
топтарға белуге болады. 1. Жердегі қозғалысты білдіретін етістік-
тер:
жүр, кел, еңбекте, сырғана, жорғала,
т. б. 2. Судағы қозға-
лысты білдіретін етістіктер:
жүз, сүңгі, малты, жалда,
т. б. 3. Ауа-
дағы қозғалысты білдіретін етістіктер:
Достарыңызбен бөлісу: