рахаттану,
қанағаттану, көңлі толу,
т. б. 4. Қайғы-мұц етістіктері:
қапалану,
қайғыру, қабырғасы қайысу,
т. б.
IX. Қалып-сапа етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамнын не
басқа заттардың табиғи күйін, қалпын білдіреді де бірнеше семан-
тикалық топқа бөлінеді. 1. Созылыцқы амалды білдіретін етістік-
тер:
отыр, түр, жатыр, жүр,
т. б. 2. Заттардың түсінің өзгеруімен
байланысты қолданылатын етістіктер:
қарай, сарғай, қызар,
т. б.
3. Заттардың көлемінін өзгеруімен байланысты қолданылатын
етістіктер:
иіөк, тапалдану, мықыраю,
т. б. 4. Заттардың сандық
мөлшерінің өзгеруімен байланысты қолданылатын етістіктер:
азай, көбей, молай,
т. б. 5. Адамның не заттардың ішкі қасиеттері-
нің өзгеруімен байланысты қолданылатын етістіктер:
ірі, шірі, үгіл.
190
тоз,
т. б. 6. Әдеттенуге байланысты етістіктер:
әдеттену, үйрену,
дағдылану,
т. б.
X. Өсіп-өну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер туу, өсіп-өну
процестерімен байланысты болады да сан жағынан онша көп бол-
майды. Оларға
ту, төлде, қозыла, ботала,
т. б. етістіктері жатады.
XI. Субъектив реңктерді білдіретін етістіктер. Бұл етістіктер-
дің мағынасында эмоциялық реңк болады да айтушының не жа-
зушының көзқарасын білдіреді. Оларға
кісімсі, адамсы, аспанда,
баласын,
т. б. етістіктері енеді.
XII. Табиғн құбылыстарға байланысты етістіктер. Бұлар табиғи
құбылыстарға байланысты қолданылатын етістіктерді қамтиды:
азына, гуілде, борандату, найзағай түсу,
т. б.
Мұндай жалпылауыш семаларына қарай сөздерді топтарға
бөлу зат есімдерге, сын есімдерге байланысты да қолданылады.
Зат есімдердің тематикалық тобының саны өте көп, сондықтан
мысал ретінде ғана азын-аулақ үлгі береміз.
1. Туысқандық терминдері:
ата, ене, ана, бала, қыз, қарын-
дас,
т. б.
2. Дене мүше атаулары:
бас, көз, қүлақ, к,ол, аяқ, бет, арқа, т.
б.
3. Киім-кешек атаулары:
тон, шапан, қалпақ, тақия, жейде,
көйлек,
т. б.
4. Төрт түлік мал атаулары:
сиыр, қой, тоқты, саулық, гу
сак,,
т. б.
5. Жабайы аң атаулары:
елік, киік, қүралай, марал, қүлан,
жайран,
т. б.
6. Құс атаулары:
қаріиыға, бүркіт, қарлығаш, үйрек, қаз,
т. б.
7. Ыдыс-аяқ атаулары:
пияла, кесе, зере, леген, шара,
т. б.
8. Ауру атаулары:
түмау, көкжөтел, маңқа, лоққы, сүзек,
т. б.
Зат есімдерге қарағанда сын есімдердің тематикалық тобының
саны аз, сондықтан сын есімдерді тематикалық топтарға бөлуші-
лер өте аз. Сын есімнің мынадай тематикалық топтары бар (үлгі
ретінде береміз).
1. Заттың түсін білдіретін сын есімдер:
ақ, көк, қара, торы, боз,
күрең, шауқар, жирен, қүла,
т. б.
2. Дәмді білдіретін сын есімдер:
тәтті, ащы, қышқыл, қыш-
қылтым,
т. б.
3. Заттың көлемін білдіретін сын есімдер:
дәу, ірі, үлкен, кі-
ші,
т. б.
4. Заттың салмағын білдіретін сын есімдер:
ауыр, жеңіл,
зіл,
т. б.
5. Заттың табиғи күйін білдіретін сын есімдер:
қалың, сирек,
жуан, жіңішке, селдір, қаба, ну, бітік, өсік, тықыр,
т. б.
6. Заттық ішкі қасиетін білдіретін сын есімдер:
жақсы, жаман,
тәуір, жүйрік, алғыр, талантты, ынталы, жалқау,
т. б.
7. Заттың не адамдардың физиологиялық сипатын білдіретін
сын есімдер-
Достарыңызбен бөлісу: |